Все рефераты Казахстана Суббота, 20.09.2014, 21:59

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Бүгінгі таңдағы айтыс өнері

Бүгінгі таңдағы айтыс өнері скачать

28.03.2010, 15:15
Бүгінгі таңдағы айтыс өнері
Жоспар:
1. Айтыс өнері
2. Басты ерекшелігі
3. Бүгінгі таңдағы айтыс

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалалрының бірі. Ол – суырып-салма ақындық өнерінің жемісі болып табылады. Айтыста халықтың әдеп-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыстың түрлері, көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі “Бәдік” айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақндар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және де сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір-тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді.
Жоғарыда аты аталған бәдік айтысынан басқа қайымдасу. Жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыстың түрлері қалыптасты.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы көшпелі өмірі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы.
Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмаған. Оның әр-түрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В.Радлов, Ш.Нұрмағамбетұлы. Т.Сейдалин, С.Жантөрин, Ж.Шайхысламов, Ә.Диваев, С.Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен деректер А.Васильев, А.Левшин, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, С.Қирабаев, М.Мырзахметов, С.Қасқабасов, М.Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.
Айтыс өзінің туу, айтылу дәстүрі мен табиғаты жағынан халық әдебиеті мұраларының қатарына жатады. Ілкі замандардан келе жатқан аталмыш өнердің кейбір үлгілері түркі ғалымдары Махмұт Қашқари мен Жүсіп Баласағұн шығармашылықтарынан байқалады.
Әрине XIX-XX ғасырларда саяси жағдайлардың өзгеруі ақындық өнерге де өз әсерін тигізгені анық. Академик В.В.Радлов «настоящий акын тот, кто захватывает слушателей своей стремительной искусной импровизацией», - дегендей XIX ғасырдағы атақты айтыскер – ақындар – Тұрмағабет, Ырысты, Сапарғали, Әсет, Нұржан, Шөкей, Балдырақ сері, сұлу Саржан, Сүйінбай, Жамбыл, Майкөт, Құлманбет, Бақтыбай, Сарыбас, Кенен және тағы да басқалары тыңдармандарды өз шеберлігімен таң қалдырған.

Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, оның бәрі де тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иетін болған. Бұл тартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөздің жеме-жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан. Бұл сипаттарымен айтыс өзіміздегі шешендік сөздерді еске салады. Әдетте, айтыста көптеген мәселелер көтеріліп, бір тақырыптан екіншісіне ауысып отырады.
Айтысқа түсуші ақынға қойылар шарт – біріншіден, ойынан құрастырып өлең шығаруы тиіс; екіншіден, айтысушыға қарсы ақынның аяқ астынан қойған талап, сұрағына өлең мен ұтымды жауап беріп, сөз қайтару қажет; үшіншіден, ақындар өлеңді мықымына келтіріп, домбыра ннемесе қобыз, ия сырнайға қосып айтуы керек.
Қазақ музыкасын жетік білуші Август Эйхгорн айтыс өнері туралы небір тұңғылықты ойларын тізген: « Часто исполнители в подобных случаях пользуются столь излюбленной у них формой импровизационного песенного диалога, в котором они взаимно обмениваются своими мыслями в песенной форме и соревнуются друг с другом в удачном изображении мелодии и слов,остроумных вопросов и находчивых ответов, стараясь превзойти один другого. Этот род «вокльного разговора» требует со стороны исполнителей уже значительной сноровки, музыкальной развитости и таланта, а также поэтической изобретательности. За это «одаренными музами» сынам степей везде у своих сородичей обеспечена почетная встреча, их имена известны по всей округе, и их искусство широко славится. Они являются гордостью своего племени и пользуются преимущественным вниманием перед всеми другими в глазах и сердцах смелых и жизнерадостных казахских девушек, являясь предметом их восхищения».

Екі қарсылас ақынның бір-бірімен бетпе-бет келіп, қолма-қол суырып айтқан тапқыр жырлары өзара жалғасып, біртұтас көркем дүниеге айналып, логикалық бірлік, тұтастықпен дастан секілді бір шығармаға, яғни жырға ұласады. Мысалға, Біржан мен Сараның айтысын ''Қазан'' газетіне 1898 жылы жазып бастырған Жүсіпбек қожа Шайқыисламұлы еді. Жүсіпбек қожа айтыс болғаннан бір жыл кейін Сараны іздеп барып, оның өз аузынан жазып алып, кейін баспаға берген екен. 1907 жылы айтыстың екінші нұсқасын Әріп Тәңірбергенов жариялады. Кейін Біржан мен Саран айтысының желісімен қазақтың опера өнерінің жарқын үлгісі – М. Төлебаевтің Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша « Біржан – Сара » операсы жазылды.
Бұрындары ақындар міндетті түрде өз руының атынан сайысқа түсетін болса, қазіргі заманда әр ақын өз елінің, аймағының сұраныс-тілектерін айтып, тек содан кейін ғана өзінің кім екендігін, қай руға жататындығын баяндайды. Және де ерте заманда сайысып отырған ақындар екі рудың өкілдері болса, қазіргі заманда облыс, аудан атынан айтыса береді.
Әрине, тәуелсізідік алғанына 10 жыл толғанын атау үшін Астана қаласының Конгресс-Холлында Қазақстан Республикасының Президентінің телерадиокомитетінің ұйымдастыруымен өткізілген ақындар сайысына Аманжол Әлтаев, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал Леубаева, Жібек Болтанова, Әбілхайыр Сыздықов, Карима Оралова, Ринат Зайытовтар қатысты. Әр ақынның мақамын талдау барысында айналып келгенде қайталана беретін 3 – 4 әуен бар екені байқалады. Көбінесе қыз-келіншектер орындайтын мақам минорлық сазда өрнектеліп, әр айтыскердің өзіне лайық жылдамдықта, мәтініне үйлесетін ырғақта, әуеннің соңында даусының күші мен диапазонына байланысты өзгереді.
Бүгінгі күндегі айтыстың өзіне де, оны таратушы ақындар мен айтыстың өту шарттарына да көптеген өзгерістер енгізілді. Бүгінгі айтыс – теледидарда өткізілетін, өту барысында жарнамаға үзіліс жарияланатын, жеке жүргізушісі мен дауыс беру жабдықталған жүйелі телефон SMS дауыс беру барысында жүлдеге ие болушыны тағайындау арқылы өтетін концертке айналған «теле-шоу», яғни, «шоу-бағдарлама». Әрине бұлардың өзінің жақсы жақтары да бар. Себебі, соңғы жылдары осындай әрекеттердің арқасында айтыс өнері үлкен қауымға таралып, жан-күйерлер саны көбйтуде алда келеді. Бірақ, дегенмен, бұрынғы замандағыдай емес, қазіргі айтыстарда суырыпсалмалылық, аяқ астынан өзгерістің болуының алды алынып, қатысқан ақындар жанкүйерлерінің санына байланысты, теледидар көрермендерінің көпшілігіне байланысты жеңіп шығатын болды. Бәлкім, бүгінгі айтыс – қазіргі заманның болмысынан, осы заманға сай және бугінгі күннің сұраныстарынан туылған өнер түрі болар. Біздің ойымызша, айтыс өнерінің қазіргі түрі XXI ғасырда өзекті мәселеге айналған айтыс өнерін аудио және видео таспаларға жазу амалынан пайда болған.
Соңғы 2007 – 2008 жылдары жас ақындар айтысы теледидаржан «чемпионат» деп аталып, жеке екі ақын арасында өтіп, әр бөлімде айтыскерлерге алдын-ала берілген бес тақырыптың бірі белгіленіп, таңдалған тақырып жиырма минут жырланады. Екінші «самғау» бөліміне де жиырма минут уақыт беріліп, ақындар елдік деңгейдегі келелі мәселелерді көтеріп, бір-біріне сұрақ қойып, жауап қайтарады. Үшінші «жалғау» бөлімде ақындар он бес минут өзара қайымға түсіп, бірінің құраған төрт шумағын екіншісі жалғап айтып, кезекпен айтылған ойды толықтырып отырады.
Мұндай айтыстың жеңімпазы дауыс берудің келесі түрі бойынша анықталады: қалааралық телефон немесе ұялы телефон байланысының SMS жүйесі алқылы қабылданатын дауыстардан – бір ұпай; зардағы көрермендерден жиналған дауыстардан – бір ұпай; тәуелсіз төрт сарапшының бағалауы – бір ұпай.
Сонымен, қазіргі айтыстың жақсы-жаманына, жетістіктері мен кемшіліктеріне бет бұрсақ, XIX – XX ғ. Басындағы дәстүрлі айтыстарда әр аақын өз аймағында қалыптасқан мақаммен сайысқа түскен, ал тыңдарман қауым болса мақамның әуенін естіп-ақ ол айтыскердің қай мекеннен келгенін біліп отырғанын еске саламыз. Ал бүгінгі айтыскерлердің жеке өзіндік мақамдары жоқ болғандықтан, олар бір-бірінің немесе бұрынғы айтыскрлердің жатталған мақамдарын қолданып сайыса береді. Сондықтан болар, қазіргі тыңдарман қауымның, әсірісе қарапайым халықтың қазіргі айтысқа деген көзқарасы сан алуан түрлі. Дегенмен, кейбіреулерінің көңілінен шығып жатса, басқалары: «...деңгейі төмен, ол «Аламан айтыс емес,шамалау айтыс» деген де сын пікірлер білдіреді.
Қорытындылай келе, ғасырдан ғасырға, атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан мәдени мұрамыз – айтыс өнері - өз бойына өнердің бірнеше түрін қамтыған синкретті жанр ретінде жас ақын –жыршылардың тәжірибе мектебі, халқымызды иісі қазақ екенін бүкіл әлемге танытатын биік шыңы...

Қолданылған әдебиеттер: Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. – Алматы,2005,557 бет. Т.Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақов, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов;
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері: Очерктер. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 288 бет. Касимова З.М.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 9569 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 4.0/20
Тут вы можете

скачать Бүгінгі таңдағы айтыс өнері

абсолютно бесплатно
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6440

Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2014 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно