Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:29

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Қазақ тілінің ән айтқандағы айтылуы

Қазақ тілінің ән айтқандағы айтылуы скачать

28.03.2010, 16:02
I. Кіріспе
Біздің тәуелсіз еліміздің музыкалық мәдениеті сан қырлы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар мәдениет. XX ғасырдың басында, халықтық-әншілік дәстүр негізінде қалыптасып, бір дауысты қазақ халық әндері мен күйлерден бастап a’cappella және кең көлемді кантата-ораториалдық жанрлардың кеңейтілген шығармаларына дейін үлкен шығармашылық жолын өткен көп дауысты хормен ән айту өнері Қазақстан мәдениетінде маңызды орын алады. Хор өнерінің даму жолындағы болған қиындықтарға қарамастан, республикада көптеген хор ұжымдары, музыкалық оқу орындары ашылды, осылай біртіндеп келе-келе хормен ән айту, кәсіби музыкалық өнерінің жетекші жанрлардың біріне айналды.
Қазіргі кездегі еліміздің хор орындаушылық өнерінде репертуардың байлығы мен ынталандыратындығы туралы, кәсіби, жоғарғы дәрежелі орындаушылық шеберлігі туралы сөз қозғаған кезде, біз ең біріншіден мына ұжымдарды ескереміз: Астана қаласындағы Мемлекеттік филармонияның камералық хоры, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, балалар хорларынан Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының «Елігай» хоры, Алматы қаласындағы «Көктем», «Елімай» хорлары, Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының жақында құрылған «Самғау» камералық хоры және т.б. Осы ұжымдардың шығармашылықтары біздің елімізде ғана емес, басқа да шет елдерінде танымал. Олар - қазақ ұлттық музыкасын насихаттап, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, бірінші жүлдегер және лауреат атақтарына ие болғандар.
Көп дауысты хормен ән айту – басқа өнер түрлеріне ұқсатқызбайтын, музыка мен поэзияны біріктіретін өнердің бір түрі. Хор орындайтын шығармалардағы әннің негізін қалап тұрған әдеби мәтіннің көркемдік дәрежесі жоғары, идея мен мазмұнысы терең болып, белгілі бір өлең өзінің ұйқас пен ырғақ ой өрнектеу ерекшелігімен адамның жан дүниесін шуақтандырып, көңіл күйді небір сезім толқындарына бөлер мазмұнымен композиторды ән жазуға шабыттандырады. Осыдан барып әдеби мәтін мен әуеннің бір-бірімен тығыз байланыстылығы туады.
Бұндай шығармаларда сөз бен музыка табиғи жымдасып бірін-бірі толықтыра, ажарландыра түседі.
Қазақ өлеңі өзінің көркемдік бейнелеу сұлулығымен, суреттеу тілінің шеберлігімен ерекше бағаланады. Қазіргі қазақ поэзиясы сонау XVIII ғасырда-ақ талай ғалымдарды тамсандырған ауыз әдебиетіміздің жаңарған, жетілген жалғасы. Ал орындаушылардың алдында тұрған ақын мен композитордың негізгі ойын, шығарманың мазмұнын тыңдаушыларға көркемді түрде жеткізу міндеті шығарма жазылған әдеби тілінде орнатылған хордың дикциясын (дауысты мен дауыссыз дыбыстардың айтылуы), орфоэпиясын (айтылу кезінде фонетикалық және грамматикалық ережелерін сақтау) сауатты білумен тығыз байланысты. Әйгілі бас Ф.И.Шаляпин айтқандай: «Жақсы, анық айтылған сөз - жартылай ән айтылып шыққандай».
Бірақ қазіргі кезде қазақ тілінің фонетикасы және қазақ вокалды тілдің ерекшеліктері хордың мамандарымен толығынан зерттелмеген. Осыған байланысты қазақ хор шығармаларын хорға үйрету біздің тіліміздің орфографиялық ерекшеліктерін ғана ескере отырып, В.И.Краснощековтің «Вопросы хороведения», В.Левандоның «Проблемы хороведения», Л.Б.Дмитриевтің «Основы вокальной методики» осындай тағы басқа жұмыстарынан алынған әдістемелер бойынша жүргізіледі. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін қазақ шығармаларын хорға үйрету бойынша жүйеленген әдістемелік құралдар әлі шығарылмаған. Осыған қарай таңдаған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы анықталады.
Хор – сөзбен әуеннің синтезі болғандықтан, хормен жұмыс істеу ең алдымен мәтінді талдап, оның әрбір сөзін, сол сөзді құрап тұрған әрбір дыбысты хорға дұрыс айтқызып үйрету деген сөз. Ол үшін хор жетекшісі мен әншілерге қазақ тілі дыбыстарының әрқайсысының жасалу және айту ерекшелігін толық білу міндет.

II. Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктері
Қазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге түркі тілдердің қыпшақ тобына жатады. Оның сөздік құрамы өте бай, осыны дәлелдейтін он томдық түсіндірмелі сөздік.
Түркі халықтардың тілдері агглютинативты (agglutination – лат. – желімделу, қосылу) топқа жататындығын мінездейтін жалпы ұқсастықтары бар. Олар көп ғасырлар бойы V-VIII ғасырларға жататын ежелгі түркі жазбасының ескерткіштерінде сақталған.
Қазақ тілі агглютинативті тіл болғандықтан сөздің грамматикалық түрлерінің көбісі өзгермейтін түбір морфемаларға (сөздерге), оның мағынасын өзгертетін әр-түрлі қосымшалардың қосылуы арқылы құралады. Барлық түркі тілдес халықтар арасында агглютинация қазақ тілінде ең ашық көрінеді.
Мысалы:
ата
ата + лар
ата + лар + ы
ата + лар + ы + мыз
ата + лар + ы + мыз + ға
ата + лар + ы + мыз + да + ғы + лар + ға
Ежелде қазақтар руна жазуын, содан кейін араб (1912 – 1930 жылдары) және латын (1930 – 1940 жылдары) графикаларын қолданған. 1940 жылы орыс графикасына (кириллица) негізделген, содан кейін 1957 жылы толтырып жазылған жаңа әліпби енгізілді. Қазіргі қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады.
Қазақ сөзі тек қана бір түрлі: не жіңішке, не жуан буындардан құралады, сондықтан дыбыстардың жіктелуін білу қажет.
Қазақ тілінде дыбыстардың жіктелімі:
Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і.
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, у (бару), э.
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, ү, і, е, и, у (келу).
Ашық дауысты дыбыстар: а, о, ө, е, і, э.
Қысаң дауысты дыбыстар: ы, і, и, у, ұ, ү.
Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т,
у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
Ұяң дауыссыз дыбыстар : б, в, г, ғ, д, з, ж.
Үнді дауыссыз дыбыстар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
Қазақ тілінде фонетикалық жүйенің дыбыстар құрамына, екпініне және дыбыстардың тіркесуімен олардың бір-бірімен байланысына қатысты өзіндік ерекшеліктері бар.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1519 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 3.0/1
Тут вы можете

скачать Қазақ тілінің ән айтқандағы айтылуы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно