Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:29

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктері

Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктері скачать

28.03.2010, 16:02
III. Қазақ тілінің ән айтқандағы айтылуы
Л.В.Щербаның* айтылу стильдерінің жіктелімі («толық», «сөйлеу») бойынша вокалды тілді айтылудың толық стиліне жатқызамыз. Залда отырған тыңдармандардың айтып жатқан әннің мазмұнын түсіну үшін, ән айтушының таза, мінсіз сөз айтылымы болу керек. Сонымен қатар ән айтушы сезімнің әр-түрлі реңктерін жеткізе білу керек, ол үшін ән айтушы жай сөйлеу тілдегіден гөрі ән айтарда көбіректеу ынталанып тырысу керек.
Әдеттегідей, болашақ әншінің дауыс қоюы дауысты дыбыстарды, вокализдерді айтудан басталады. Дауысты дыбыстар ән айтқан кезінде сөйлеу тілдегі дауыстылардан сәл өзгешелеу айтылады. Жай тіл тек кеуделік регистірінде айтылады, ал ән айтқанда, біз екі-үш регистрлерді (ер адамдарда кеуделік және аралас регистрлер; әйел адамдарда кеуделік, медиум және бас регистрлер) қолдана аламыз. Адамның көмейінде бірдей дауысты дыбыстар тілдердің алуан болғанына байланысты бірдей қалыптаса бермейді. Олар _______________
* Л.В.Щерба. «Орыс тілі бойынша таңдамалы жұмыста». М., Госучпедгиз Минпроса РСФСР, 1957, 154 бет.
тілдің фонетикалық айтылуының ұлттық ерекшеліктеріне де байланысты. Мәскеудегі Үлкен театрдың солисті Павел Черных Астанада 2007 жылы Халықаралық «Шабыт - Insperation» фестивалінде мастер-класс берген кезінде айтқан: «Қазақтың дәстүрлі ән салу тәсіліндегі а әріпі вокалды жағынан дұрыс үн шығару үшін өте ыңғайлы дыбыс», - ол жас орындаушыларға - қазақ халық әндерін көбірек айтқаны жөн, - деп кеңес берді. Расында да, қазақ дыбыстарының айтылу кезіндегі пайда болу табиғат құбылысын және олардың ұлттық өзгешеліктерін вокалдық ыңғайы жағынан зерттеу керек, сонымен қатар осыны білген әнші ән айтқанда қазақ тілінің ұлттық әдемілігін сақтай алады. Әрине осымен қатар академиялық ән айту мәдениетін ұмытпау керек.
Дауыссыз дыбыстарға келетін болсақ, ән айтқанда олар сөздің түрін, тұлғасын айқындап, оның тыңдаушыларға анық жетуін қамтамассыз етеді. Демек, өлеңнің мазмұнын ашуда дауыссыздардың атқаратын рөлі де зор. Өткен уақыттың әйгілі, танымалы әншілердің бірі Фелия Литвин* былай деп айтқан: «Мен әлемнің көптеген тілдерінде ән айттым, дауыссыз дыбыстардың дұрыс айта білу керек екендігіне өз тәжірибемде көзім жетті». Дауыссыз дыбыстарды ән айтарда жай тілдегіден үш есе анық айту керек деген пікірді вокалды үйрететін ұстаздардан және опера режиссерлерден көп естейміз. Ал лингвистика саласы осындай ән айту талаптарына қалай қарайтынын қарастырайық.
Басқа тілдерде сияқты дауыссыз дыбыстың айтылу ұзақтылығы, дауыссыздың өзі қай түрге жататындығына (қатаң, ұяң немесе үнді),
тұрған жеріне (сөздің басында, ортасында немесе соңында) және көрші дауысты дыбыстың әсер етуіне байланысты болады.
Әдетте дауыссыз дыбыстардың екі-үш есе анық айтылуы сөздің мағынасын өзгермейді, бірақ қазақ тілінің кейбір сөздерінде дауыссыз дыбысты екі есе ұзынырақ созып айтса, онда бұл дыбыстың фонемалық қасиеті пайда болады.
_________________
* Фелия Литвин. «Моя жизнь и мое искусство». Л., «Музыка», 1967ж.
Яғни, бұл сөздің айтылу мен жазылу мағыналары бір-біріне сәйкес болмайды.
Мысалы: ата – [ата] (мағынасы: әкесінің әкесі)
[атта] (мағынасы: біреуге аттап бас деген сөз)
Сондықтан, ән айтқан кезде сөздің айтылуына, оның мағыналық сипатына мұқият назар аудару керек, ал дауыссыз дыбыстар орындалатын шығарма қай тілде жазылса, сол тілдің заңдарына сүйеніп айтылу жөн.
С.Татубаев өзінің «Дыбыс құпиялары» («Тайны звука») кітабында айтқандай: қазақ вокалистердің көбісі ән айтқан кезде ерін үндестігін сақтамайды, себебі олардың көбісі қазақ тілінде ерін үндестігін сақтауға мәжбүрлейтін фонетикалық ережелері бар екендігін білмейді. Мысалы: егер бірінші буында дауысты дыбыс қысаң және еріндік, ал екінші буында қысың, езулік болып, сөзі ерін-ерін [м] немесе [п] дауыссызға бітетін болса, онда екінші дауысты дыбыс біріншіге лайықтанады. Мысалы: [күнім], [ұғым], [бұйым], [үнім] және осындай сияқты т.б. сөздерде ерін үндестігі сақталады да, олар [күнүм], [ұғұм], [бұйұм], [үнүм] деп айтылады.
Ерін үндестігі [ұ], [ү] сияқты қысаң, еріндік дауысты дыбыстырдан кейін жиі, ал [о], [ө] сияқты ашық, еріндік дауыстылардан кейін сирек кездеседі. Ерін үндестігі төмен дауысты әншілердің ән айтуында көп кездеседі, себебі ерін үндестігі дыбыс туындаудың технологиясына жақсы жағдай жасайды немесе оған кедергі жасамайды.
Әншілік регистлер мен ән айтқан кездегі айтылыстың арасында белгілі бір өзара байланыс бар.
Қазақ әншілерінің дикциясын және дикция әдістемесін С.С.Татубаев пен В.Н. Орленин* зерттеген. Зерттеудің нәтижесінде, әннің жоғарлығы дикция сапасына әсер ететіні анықталды. Ән жоғарлаған сайын және өтпелі ноталарды орындаған кезде дикция, тілдің айқындығы нашарлайды. Әр әншінің дауыс көлемінде дикциясы анық шығып тұратын белгілі бір бөлігі болады. Ол әнші дауысының ортасына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, ән айтқан кездегі айтылымның және шығарманың екпіні арасында да өзара байланыс болады. Лингвистика жағынан қазақ әдеби айтылымның заңдарын сақтауға және бөлек дыбыстар мен сөздердің ап-анық айтылуына шығарманың баяу екпіндері жақсы жағдай жасайды, бірақ ол жазылғандай дәлме-дәл айтылмайды, орфоэпия заңдары әрқашанда сақталады.
Жылдам екпінді («терме», «желдірме» сияқты) шығармаларды айтқан кезде, ассимиляция (ықпал) ережелерін сақтау әншілерге өте қажет, себебі ассимиляция артикуляцияны үнемдеуге бейімделеді. Сонымен қатар, дұрыс айтылыс техникалық жағынан қиын, тез екпінді шығармаларды шеберлікпен орындауға көмектеседі.

IV. Қорытынды
Жоғарыда айтылған мәселелерге қарап, қазақ тілінің дыбыс стилистикасы мен айтылымның өзіне тән ерекшеліктері бар деп айта аламыз.
Қазақ тілін тіл және вокалист мамандарының көзқарасы жағынан зерттеу керек. Ол хор ұжымдардың репертуарларында қазақ шығармалары бар хормейстерлерге, хор жетекшілеріне, орындаушыларына және де вокалистерге өте қажет.
Сонымен, болашақ ғылыми еңбегінің басты мақсаты хор орындаушылығындағы қазақ шығармасының мазмұнын сауатты түрде және
көркемдік жағынан жарық жеткізу үшін қазақ тілі айтылысының фонетикалық ережелерін айқындау.
Демек, болашақ ғылыми еңбегінің міндеттері қазіргі таңда осылай болып көрінеді:
_________________

* С.С.Татубаев, В.Н.Орленин. «Қазақ әншілерінің дикциясын өлшеу әдістемесі туралы». «Қазақ КСР Ғылым академиясының үшінші жас ғалымдар ғылыми-теориялық конференциясының маериалдары (ғылымдар қиылыстарындағы зерттеулер)» 2 бөлім, Алма-Ата, 1974ж., 248-250 бет.
1) қазақ тілін және оның айтылу ерекшеліктерін, адамның физиологиясын, акустика саласын, вокалды педагогиканы және орындаушылықты оқып білу;
2) зерттелетін мәліметтің негізінде хор орындауындағы қазақ тілінің айтылымы жөнінде тәжірибелік ұсынымдар жасау;
3) қазақ тілде жазылған хор шығармаларына фонетикалық және орфоэпиялық анализдік талдау жасау.
Л.Б.Дмитриев, В.П.Морозов, В.Краснощеков, К.П.Виноградов, В.А.Бартоломью, Р.Юссон сияқты кеңес және шетел зерттеушілерінің жетістіктерін ескере отырып, болашақ ғылыми еңбектің әдістемелік негізі ретінде С.С.Татубаев, К.Әбуова, К.Әсімбекова, Т.Н.Нұрымбетов сияқты Қазақстан зерттеушілер жұмыстарының тұжырымдары мен түйіндері көмек көрсетеді.
Осы жұмыста көрсетілген, фонетикалық ережелеріне негізделген хор орындауындағы қазақ тілінің айтылу мәселесі болашақ ғылыми еңбегінде толық, айқын ашылады деп үміттенемін. Бұл жазылатын еңбек хор ұжымдарының жетекшілеріне, әншілеріне, және де қазақ тілінде ән айтуды үйреніп жүрген болашақ әншілерге әдістемелік құрал ретінде көмек көрсете алады деп ойлаймын.

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. С.С.Татубаев «Тайны звука». «Жалын», Алма-Ата, 1978ж.
2. В.И.Краснощеков «Вопросы хороведения». «Музыка», М., 1969ж.
3. Н.Оралбаева «Изучаем казахский язык». «Мектеп», Алма-Ата, 1989ж.
4. Б.Мырзалина, С.Нұркеева «Қазақ тілі». «Ана тілі», Алматы, 1998ж.
5. К. Әбуова «Хор жүргізу». Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1992ж.
6. Г.Л.Арикайнен «Хоровое пение в Казахсане». «Қазақстан», Алма-Ата, 1978ж.
7. К.П.Виноградов «Работа над дикцией в хоре». «Музыка», М., 1967ж.
8. М. Ахметова «Традиции казахской песенной культуры». «Ғылым», ҚазКСР, 1984ж.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1393 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктері

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно