Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:22

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Қазақ халқының музыкалық өнері

Қазақ халқының музыкалық өнері скачать

28.03.2010, 16:00
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА ӨНЕРІ

Г. К. САДЫҚОВА

Қазақ ұлттық музыка академия студенті Астана қ.

Мақала Музыка-халықтың жаны.Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың , соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыка мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж), Махмұд Қашқари (1029-1101жж), Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж), сияқты үлкен ғалымдар, А.Левшин (1799-1879жж), Ш.Уалиханов (1835-1865жж), Н.Стремоухов, А.Затаевич және басқа көптеген ғалым-зерттеушілермен этнографтар көп жазды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық-теориялық еңбегінің бірі «Музыка туралы үлкен трактат» атты кітабы Орта Азияда қолданылған ыспа аспаптарының зерттеулерінің дәлелі болып табылады. Әбу Насыр әл-Фараби «Музыка туралы үлкен трактат» еңбегінде сол кездегі аспаптардың шығу тегі, музыка мәдениеті, орындаушылық өнері, эволюциялық дамуы жайында толық түсінік берген.
Мұхтар Әуезов өз еңбектерінде былай деп айтып кеткен «...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс тарих үшін елеулі бұйым. Сондықтан өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ата-бабаларымыздан қазіргі заманымызға дейін жалғасып келе жатқан ұлттық музыка мәдениетімізді сүймейтін адам жоқ деп ойлаймын.қай халық болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырғанұлттық музыка өнері болады және әр халықтың белгілі бір өз ішінде тараған өріс аспаптары да болады.
Музыкалық аспаптың ең басты қасиеті- оның тілсіз сөйлей алатындығы. Аспап күйшінің рухани сыңарына айналады және оның иесі тыңдамаса да, аспабымен күй тартқан басқа адамның көңіл-күйін айна-қатесіз танып білген. Көне музыкалық аспаптар адамның еркіне бағынып, мына тәни дүниеде әрекет те істей алады екен. Бір бақсы бәстесіп, қобызын бәйгеге қосыпты. Зікірдің кезінде қобыз бен даңғыра арғымаққа айналып, бақсыны адамдар мен әруақтар мекендеген Жоғары,Орта және Төменгі дүниеге апаратын болған. Қобызының күшін білетін бақсы ол жәй аттармен бәйгеге бірден түспес үшін, оны үлкен терекке байлап қойыпты. Көмбеде тұрған адамдар алыстан көрген шаң арасынан теректі сүйреп келе жатқан қобызды көріп шошыпты, сол себептен де көне халық аспаптарын киелі деп есептеген.
Көне аспаптарды жасау үшін ол кезде көшпенді қоректінің барлығын табиғаттан және өз шаруашылығынан алған. Аспаптар қамыстан, қыштан, мүйізден, түрлі ағаштан жасаған. Мембранаға, шалғы мен шекке тері, малдың терін пайдаланған. Жақсы дамыған ұсталық шеберліктің арқасында аспап пен оның кейбір бөлшектерін темірден жасаған. Дегенмен, бұл аспаптардың тембр ерекшеліктерін анықтауға музыкалық дыбыстың өзіндік идеалын қалыптастырған ұлттық менталитет талаптары көбірек әсер етті.. Қазақ аспаптарына көбіне қоңыр, күмбір дыбыс тән.
Музыкалық аспаптар көшпелі тұрмыстың көптеген салаларына қызмет еткен: бақсылардың магиялық салты (түрлі сылдырмақ таққан қылқобыз, даңғыра, асатаяқ); қойшы өмірі (сыбызғы, шертер, қос сырнай, қамыс сырнай); аңшылық (бұғышақ, шыңдауыл, дауылпаз); әскери өмір (дудыға, шың, мүйіз сырнай, керней, ұран, дабыл); балалар мен жастардың ойыны (сазсырнай, үскірік, тастауық, қоңырау, шаңқобыз).
Аспаптардың құрылысы олардың қызметімен тығыз байланысты, ең қарапайым және көне құрылысәскери және аңшылық аспаптарда сақталған. Бұлар белгі беру және аңдарды дыбыспен адастыру үшін пайдаланылған. Кейбір жылдары көне музыка аспаптарының ұмытылып, жоғалған себебі,еліміз көшпелі өмірден тұрақты ел болып тұрмыс өзгерді. Концерттік топтар пайда болды. Бірақ музыкалық аспаптарды жасайтын адамдар аз болды. Сол кездегі асясатқа байланысты кейбір музыкалық аспаптар қуғынға ұшырады. Мысалы, бақсылар ойнаған қылқобыз, даңғыра, кепшік тағы басқалары.
70- жылдардың соңында археологтар Отырар қаласында зерттеу жүргізеді. Осы қаладан үрмелі-үскірік аспабын табады. Бұл аспапты зерттеуші Болат Сарыбаевқа береді. Ол музыка аспаптарын зерттеуге кіріседі. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев 1927 жылы Ташкент қаласында дүниеге келеді. 1945 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түаіп, қобыз сыныбын бітіріп шығады. Болат Шамғалиұлы 1950 жылдан бастап Алматы мемлекеттік консерваториясының ұлт-аспаптар кафедрасында оқытушы болады, екінші жағынан , қазақтың ерте дәуірдегі көне аспаптарын зерттейді.Бір ғажабы, өнерзерттеушінің мұражайында әртүрлі халықтардың 400-ден астам музыкалық аспаптары жинақталған, оның ішінде қазақтың сыбызғы, шертер, жетіген, шаңқобыз, дабыл, тағы басқа көне аспаптары бар. Осындай кең көлемдегі жұмыстарын жинастырып, оларды бөлек-бөлек топтастырып, ақырында 1964 жылы ескі аспаптарды қайтадан орнына алып келді. Сондай жанкешті жұмыс өз нәтижесін беріп: тарихи- этнографиялық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарнегізінде қайта туған ескі аспаптардың түрі, көлемі, дыбыс шығару мүмкіндігі ажыратылып анықталды. Осы орайда, өнертанушының 300-ге жуық ғылыми еңбектері бар.
Болат Сарыбаевтың зерттеуі қазақ елінің музыка мәдениетінде отызға жуық музыкалық аспаптардың болғанын ддәлелдеді. Көп уақытқа дейін қазақтың үш аспабы домбыра, сыбызғы, қобыз белгілі болды. Домбыра қазіргі зерттеушілердің айтуы бойынша домбыра доп бұра, дем бұра, дәл бұра, сөзінен шыққан болуы мүмкін дейді. Дабыл, даңғыры аспаптары дабылдау, даңғырлау сөзінен шыққан болуы мүмкін. Бүгінгі таңда музыкалық аспапты зерттеу ғылымы этнооргонология деп аталады. Ғылыми зерттеушілердің айтуы бойынша қазақ өнерінде бүгінгі таңда 5000-ға жуық күй, 10000-нан астам әндер зерттелген.
Музыкалық аспаптар өңделгеннен кейін фольклорлық ансамбльдер; «Адырна», «Алтынай», «Сазген», «Жазира» және фольклорлы-этнографиялық оркестр «Отырар сазы» құрылды. Осындай оркестр және ансамблдердеаспаптар өз орындарын тауып, дамуын жалғастыруда. Фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің құрамына қарап тұрыпхалық яғни көрермендер қазақ халқының ежелгі аспаптары- жетіген, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, қоңырау...
Оркестр құрылғаннан бастап оніың көркемдік жетекшісі және бас дирижері- Кеңес елі мен Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев болды, ол осы қызметті өмірінің соңына дейін атқарды.Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998жж) есімі қазақ музыка тарихында қалады, өйткені, оның шығармашылық еңбегі туған халімен біте қайнасып кеткен. Ол Кеңес елінің Халық әртісі Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иесі, Халық қаһарманы еді. Н.Тілендиев шығармашылығының соңғы 20 жылға жуық уақыты республикамызға белгілі фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрімен тығыз байланысты болды. Композитордың соңғы кездегі жазған «Махамбет», Қарасай батыр», поэмалары осы оркестрдің орындауында шалқи естіледі.
Көне халық аспаптарды құрылым ерекшеліктеріне қарай төмендегі топтарға жіктеген Б.Сарыбаев, О.Бейсембаев, пен А.Аухадиев сияқты шеберлермен бірге отырып;
Аэрофондар (кернейлі) 1.Флейталық – сыбызғы, саз сырнай, үскірік, тастауық. 2. Тілшікті (бір тілді)- қамыс сырнай, қос сырнай. 3. Еріндікті – мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
Мембранофондар (мембрандылар) 1. Дабылды-дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл.
Идиофондар (өздігінен дыбыс шығаратындар) 1. Тілшікті-шаңқобыз. 2. Дабылды-асатаяқ, қоңырау, тоқылдақ, сылдырмақ.
Хордофондар (шекті аспаптар) 1.Шерпелі- жетіген, шертер, домбыра. 2.Шалғылы-қылқобыз.
Болат Сарыбаев зерттеген көне аспаптардың бірі -шертер. Шертер ертеден келе жатқан қазақтың халық аспабы.Домбыра (пішіні) мен қобыздың (ойылған шанақ, мойнында перненің жоқтығы, екі немесе үш шегі жылқының қылынан, шанағының төменгі бөлігінің теріден жасалатындығы) сипаттарын астастырған аспап. Көлемі домбырадан кішілеу. Аңызға сүйенсек, бұл аспапта қойшылар ойнапты, дыбысының сұлулығы соншалық, жанына құстар келіп қонады екен. Әндер мен қаһарман жырларды сүйемелдейтін болған.
Күй – қазақ халқы аспапты музыка мұрасының негізгі жанры. Көне шертер аспабында шертпе күйлер тамаша орындалады. Аспаптың өзіндік үні мен орындау мәнері қазақтың күйлеріне ерекше бояу беріп, құлпыртып жібереді. Қазақ халқының ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшеленіп, рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Шертіп ойналуына байланысты шертер деп атаған. Осындай аспаптары арқылы ата-бабаларымыз өз дәуірінің ауыр тұрмыс-жағдайын, мұңын, арманын, күресін, бастарынан өткен қуаныштары мен қиыншылықтарын, қазақ даласының кең және сұлу табиғатына күйлер шығарып ойнаған.
Шертер – үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Жетілдірілген түрінде шанағы терімен қапталған. Шертер аспабының шектері ре, ля, ми, дыбыстарына келтіріліп бұралады. Диапазоны немесе дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертер аспабының көне түрі. Б.Залесскийдің 1865жылы Париж қаласында басылып шыққан, «Қырғыз далаларындағы тіршілік» атты альбомында көрсетілген суреттердің үлгісі бойынша, ағаштың тұтас бір бөлігінен ойылып жасалған.
Айнала алуан түрлі дыбысқа толы. Бірақ дыбыс атаулының бәрі де адам өмірінеқызмет етеді деп түсіну қателік. Дыбыстың ең жоғары мақсаты адамға эстетикалық ляззат, рухани азық сыйлау. Мұндай қызметті музыкалық дыбыс қана атқарады. Музыкалық дыбыс өзінің мәні мен мазмұны арқылы, қадірі мен ерекшелігі бар дыбыс мәні, адамның аңсаған арманын,өмір құбылыстарын сан алуан иірімдер арқылы санаға жеткізіп, жүрегіңе құйып беретіндігінде.маңызы сол сүйкімді де, сиқырлы ырғақтармен сұлулықты түсінуге жетелеп, жан рахатына бөлейтіндігінде, қарапайымдылығында. Ерекшелігі – биіктігі мен ұзақтығында болуы мен қуаттылығында. Музыкалық дыбыстың болуы барлық аспапта бірдей емес. Дыбыс болуы біріншіден, аспап жасалған материалға байланысты. Екіншіден, аспап тұлғасына байланысты. Домбырадан шыққан үн мен шертердің үнімен теңестңруге болмайды. Үшіншіден, аспап дыбысындағы қосалқы реңдер санына байланысты қосалқы рең ішектің ұзындығында, жуандығында және материалының сапасына байланысты. Мысалы, шертер аспабы қақпақ бетіндегі терісінің не қалың нежұқалығына байланысты дыбысы шығады. Төртіншіден, дыбыс бояуы аспаптың сапасына байланысты. Қалай болса да солай асығыс жасалған аспап пен үні сапалы жасалған аспап үніне қарағанда әлдеқайда жағымсыз әлсіз естіледі. Бесіншіден, дыбыс бояуы аспап ойналатын орынға байланысты. Дыбыс аспаптан шығып, құлаққа естілгенге дейін белгілі бір қашықтықтан өтеді. Алтыншыдан, бояулы жоғары дыбыстан төмен дыбысқа қарай немесе төмен дыбыстан жоғары дыбысқа қарай ауысып отыруға ғана байланысты емес. Бір ғана биіктіктегідыбысқа әртүрлі бояу беруге болады.
Қазіргі уақытта шертер аспабында кей шығармалар медиатормен орындалады. Пиццекато-ішекті бас бармақпен іліп қағу арқылы дыбыс шығаратын әдіс сонымен қатар біз оң ортаңғы саусағы мен және сұқ саусақпен де шығаруға болады. Бұл әдіспен ойнау үшін нотаның үстіне «ріzz.» деген қысқартылған сөз жазылады. Ал пиццекато ойыны біткен соң әрі қарай медиатормен жалғастырып ойнау үшін нотада «медиатор» немесе «col-plektor» сөзі тұрады. Глиссандо бір дыбыстан келесі дыбысқа тез сырғу әдісі.
Мордент – деп үш дыбыстың негізгі нотада жазылғаны қосалқы негізгі дыбыстан секунда жоғары және қайтадан негізгі дыбыстардың бірінен соң бірінің тез қайталануын айтады. Морденттің түрлері; қос мордент, сызылған мордент, сызылған қос мордент.
Шертер аспабында түрлі халықтық ән-күйлерді, сондай-ақ әртүрлі аспаптарға жазылған әлем музыка қорының үздік үлгілеріне айналған классикалық шығармаларды да орындауға болады. Әрине, шертердің шеберлік мүмкіндігіне орай шығармалар арнайы сұрыпталуға тиіс. Шертердің дыбыс көлемі жетпейтін немесе орындаушылық дыбыстың бояуы келмейтін шығармаларды ойнап, аспаптың өзіндік құндылығын түсіруге болмайды. Шертерге шығармалар таңдау кезінде бұл аспаптың өте ежелден келе жатқанын және өзіндік ұлттық дыбыс бояуы бар екендігін ескерген жөн. Бүгінгі таңда шертер аспабында Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория және Қазақ ұлттық музыка академиясында білім алуға болады.
Шертер аспабының көне түрі Қырғыздың қомузы деген аспабына да ұқсайды. Біздің мемлекетімізбен көршілес жатқан Қырғызстан мен Өзбекстан арасында ұқсастықтар көп. Сөйте тұра әр елдің өзіне ғана тән ерекшелігі де мысалы, Қырғызстан елін алатын болсақ- тілдеріміз бірдей болуымен қатар, біздің әдет-ғұрпымыз, дәстүрлерімізде жақын. Осы Қырғыз аспабы қомуздың дыбысы, сырт пішіні, біздің шертер аспабымызға өте ұқсайды. Қырғыздар бұл аспаппен жыр да орындай береді екен. Халық шығармашылығының ең көне түрі деп саналатын жыр қазақ халқында да Қырғыз халқында да бар. Эпостың негізі- батырлық жырлар «Манас» атты жырдың айналасына бүкіл Қырғыз халқының жырлары шоғырланған. Осы жырларды орындайтын өнер иелерін «Манасшы» деп атайды екен.Ал айтысқа қатысушыларды «айтысшы» деп атайды екен.Қомуз - ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Сырт пішіні алмұрт тәрізді. Мойны ұзын, құлағына үш сым ішек тағылады. Ойнау әдісі түрліше болады. Суырыпсалма ақын-жыршылар өз шығармаларын қомуз аспабыменсүйемелдеу арқылы айтады екен.
Шертердің дыбыстық мүмкіндігін жетілдіру 1968-1970 жылдары мықтап қолға алынды. Аспаптың өзіндік сипатын, дыбыстың ерекшелігін, ойнау әдісін, байыта отырып бүгінгі оркестр жетегіне ілесіп қана қоймай өзі де жетекші роль атқаратын, жеке партия орындайтын дәрежеге жетті. Болат Сарыбаев бастаған аспаптанушылар мен аспап жасау шеберлері бұл міндетті абыроймен атқарып шықты. Ғылыми негізге сүйене отырып олар шертердің жеілдірілген түрлерін жасап шықты. Шертерге аттың қылынан иіріп, үш ішек тағады. Дыбысының шығу күші мен тембрі терінің не қалың не жұқалығына байланысты. Көне шертер аспабының бет қақпағы балмаған, шертерге бет қақпақ салу кейінгі жылдардың жемісі. Қапталған тері жұқа болса дыбысы қатты әрі ащы ал қалың болса жұмсақ шығады. Қазақ даласында шертер аспабының кең тарағанын дәлелдейтін аңыз-әңгімелер, деректер, баршылық. Оларды жинақтап көне аспаптың қайта тіріліп өнердегі өмірімізге еркін енуіне зор еңбек сіңірген білгір, белгілі аспаптанушы Болат Сарыбаев ағамыз екені белгілі.
Болат Сарыбаев ағамыз зерттеу жүргіу барысында, шертер аспабының көзін ашып, қайта жаңғыртып, қазақ музыка өнеріне енгізеді. Алғашында шертерге арналған күй болмаған, кейін келе үш ішекті домбыраның теріс бұраудағы күйлері түсіріле бастады. Шертердің диапазоны өте үлкен болғандықтан күмбірлі қоңыр дыбыстар үндестігі зор дыбыс беріп тыңдаушыны тамсандырады. Шертерде шертпе, төкпе, ілме күйлер орындалады. Осы күндерде орасан зор үлесін қосып, шертерді дамытып жатқан Жарқын Шәкәрім тағы да басқа ағаларымыз бар...

Қорытындылап айтқанда, Қазақстан Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының Республика халқына жолдауы «Қазақстан-2030» еліміздің келешегінің дамуына жол салатын аса маңызды жоспар. Елбасымыз өз жолдауында; «Біз-талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз. Ата-дәстүрін, ана-тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері-қазына. Біз сол өнерді жалғастырушымыз»-делінген. Сонымен қатар Елбасымыз өз жолдауында Джон Кеннидидің «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұраңыз»,-деген сөзі бар Ел ертеңі жас ұрпақ қолында. Мен «Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде» деген ұранды сөзді көкейіме тұтып, саналы, білімді азамат атану үшін күресудемін және қасиетті Отанымның өркендеп дамуы, гүлденуі үшін де атсалысамын.

Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 3095 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 3.3/7
Тут вы можете

скачать Қазақ халқының музыкалық өнері

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно