Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:21

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Қазақ фольклортану ғылымы

Қазақ фольклортану ғылымы скачать

28.03.2010, 16:05
Қазақ фольклортану ғылымында әлі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселенің бірі – жанр табиғаты, оның дамуы және қызметі. Аса көрнекті совет фольклорисі В.Я.Пропп 1946 жылдың өзінде фольклорлық жанрларды жеке алып зерттеудің қажеттігін атап көрсеткен еді. «Фольклортанудың алдындағы міндеттердің бірі, - деп жазды ол, - жанр категориясын бөліп алып, жеке зерттеу...». Бұл біздің алдымызда келелі міндет блп әлі тұр.
Жанр - өнердің, әдебиет пен фольклордың, бір жағынан, жалпы, көп қырлы (универсалды) категориясы да, екінші жағынан, нақтылы категориясы. Көп қырлы болатыны – онда әр түрлі әдістер мен тәсілдер көрініс табады, ал нақтылы болатыны – шығарма белгілі бір жанрдың аясында жазылады. Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі, заңдары болады. Оларды білмейінше, өнердің, фольклор мен әдебиеттің жалпы сырын түсіну мүмкін емес, сондай – ақ шығарманы дәл танып, терең талдап, әділ бағалау да қиын.
Фольклортану ғылымында жанрға берілетін анықтама жайында В.Я.Пропп былай деп жазады: «Орыс әдебиеттануында жанр деген сөз бен тектік емес, түрлік ұғым беріледі. Поэзияның тек пен түрге бөлінетіні жайында кезінде Белинский жазған – ды. Осы бөлініске сүйеніп, ол «Орыс әдебиетінің сыни тарихын» жазбақ болған еді. Сол еңбектің жалғасы ретінде Белинский халық поэзиясы туралы үлкен тарау жазды. Онда ол орыс халық поэзиясының кейбір жанрларын тұңғыш рет анықтап, сипаттап берді. Белинскийге, кейін Веселовскийге де, әдебиет тарихын өз даму заңдылықтарына сәйкес жасау үшін жанрлар мәселесі – алғашқы саты болып көрінді. Ал, поэзияның тектері – эпосқа (дәлірек айтқанда – баяндау поэзия мен прозаға), драмаға және лирикаға тән екені баршаға аян. Тектер түрлерге бөлінеді, ал бұл түрлерді біз жанрлар деп атаймыз».
Қазақ фольклористикасы 40 – жылдары, яғни соғыс жылдарының өзінде де ілгерілей түседі. Бұл жылдары соғыс жағдайына және біраз фольклористердің майданға кетуіне қарамастан қазақ ауыз әдебиетін зерттеу саласында біраз жұмыс жүргізіледі. Ең алдымен қазақ фольклористері соғыстың алғашқы күндері – ақ партия көтерген ұранға үн қосып, халықтың патриоттық рухын көтеру, басқыншы жауға қарсы күрес ұйымдастыру ісіне белсене араласады. Бұл жөнінде олар халықты ерлікке шақыратын өткір мақалалар жазады. Жергілікті жерлерде халық ақындарының слёттері, айтыстары өткізіледі. Олардың көтерген тақырыбы: фашистерді жеңу үшін күш аямау, майданға көмекті көп беру, бірлесіп еңбек ету.
Соғыс жылдарындағы фольклористикамыз, біріншіден, халықтың ерлік, патриоттық дәстүрін зерттеуді басты мәселе етіп көтереді. Сонымен қатар ауыз әдебиетінің жанрларын монографиялық көлемде зерттеу ісін қолға алады. Бұл ретте қазақтың айтыс өлеңдері туралы С.Мұқановтың, Т.Нұртазиннің, халық ақындарының, соның ішінде Жамбыл мен Нұрпейіс творчествосы туралы М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиев пен Е.Исмайловтың қазақ халқының эпостық жырлары туралы Ә.Марғұланның, Б.Кенжебаевтың, шешендік сөздер туралы Әмина Мәметовалардың еңбектері жарық көреді.
Екіншіден, соғыс кезінде жүргізілген зерттеулерде қазақ ауыз әдебиетінің мәселелері, жеке жырлардың шығу, даму жолдары халқымыздың тарихына байланысты қарастырылады. Қай кезде қандай шығарма туғандығы және оған қандай тарихи себептер болғаны бір қыдыру мол ашылады. Бұл, мәселен, қазақтың эпостық жырларының немесе айтыс өлеңдерінің шығу тарихы туралы жазылған еңбектерден орын алады.
Соғыс жылдарында қазақ ауыз әдебиетіні мәселелері орта мектепке арналған оқулық көлемінде де баяндалады және онда, мүмкін болғанынша, қазақ фольклорының негізгі жанрлары түгелдей қамтылды деуге болатындай еді. Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Исмайлов, С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин жазған оқулықтар мен құрастырған хрестоматияларда қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары жүйелі түрде, оқушыларға толық мәлімет, тұрақты білім беру мақсаты көзделді. Әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігі, шығармалардың идеялық, көркемдік қасиеті, тарихқа байланыстылығы айтылды.
Алайда, қазақ ауыз әдебиеті жөнінде соғыс кезінде шыққан кейбір еңбектер азды – көпті кемшіліктерден де құр алақан емес еді. Мәселен, халықтың ерлік дәстүрі және батырлар жыры жайында жарияланған кейбір зерттеулерден эпостық батырларды майданда неміс – фашист басқыншыларға қарсы күресіп жатқан совет жауынгерлеріне рух беруші, оларды ерлікке бастаушы күш деп қараушылық орын алған. Рас, біз халқымыздың ерлік дәстүрін де, батырлық жырларды да жоғары бағалаймыз. Бірақ эпостық батырларды коммунистік партия тәрбиелеген совет жастарына рух беруші деп, үлгі деп қарауға болмайды. Соғыстан кейінгі жылдары қазақ фольклористикасы әдебиеттану ғылымының басты бір саласына айналды. Оған бірнеше себепкер болады. Біріншіден, бұл кезде де коммунистік партия әдебиет мәселесіне, әдебиет тану ғылымына, соның ішінде фольклористикаға зор қамқорлық көрсетеді, алдағы міндеттерін белгілеп береді. Екіншіден, осы кезде Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылады. Әдебиет институты ашылады. Бұл институт қазақ әдебиеті тарихын жан – жақты алып зерттеуді жүргізе бастайды, бірнеше зерттеулер жарияланады. Соның көлемді біреуі «Қазақ ауыз әдебиеті тарихының» бірінші томы (екі кітап) еді. Оны жазу және баспа жүзіне шығару ісіне М.О.Әуезов пен М.Қ.Қаратаев ғылыми жетекшілік етеді.
Ауыз әдебиетінің мәселелерін жан-жақты алып кең көлемде зерттеу дәрежесіне көтерілді десек, артық айтқан болмаймыз. Ал бұл ғылымның қалыптасып дамуы жолында С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Е.Исмайылов, Ы.Дүйсенбаев, т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді. Бұлардың ішінен М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Исмайыловтың еңбектеріне шолу ретінде болса да, тоқтала кеткен жөн.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау және зерттеу саласында аса көп еңбек сіңірген ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) болды. Оның фольклористік қызметі ел арасында ауызша айтылумен таралып жүрген әдеби шығармаларды жазып алудан басталады. Сол кезде ауылда, Семей жағында қызметте жүріп ел арасынан халық әдебиетінің үлгілерін жинап, оларды «Таң» журналында жариялап отырады. Осыдан былай ол халық әдебиеті нұсқаларын жинау ісіне үзбей араласады. Ол Бұхар жыраудың, Жанақтың, Көкбайдың тағы солар сияқты көптеген ақын, жыршылардың шығармаларын жинап, баспа жүзіне шығаруда айтарлықтай еңбек етеді. Ал «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» Жанақ айтқан вариантын керей Уәйіс ақыннан жазып алып, 1936 жылы жеке кітапша етіп жариялайды.
Ел арасынан ауыз әдебиеті үлгілерін қалай жинау керек және қандайын жинау керек деген мәселеге М.Әуезов әр уақытта көңіл бөліп халық әдебиеті нұсқаларын жинау мақсатымен 30-жылдары Ұлт мәдениеті институты тарапынан, бертінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты тарапынан облыстарға шығарылған арнаулы экспедициялардың жұмысына ғылыми кеңес беріп, басшылық етеді. Мұнымен қатар ол қазақ ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін орыс тіліне аударып жариялау ісіне зор мән береді, соған араласады. Оның тікелей қатысуымен және кіріспе сөзімен «Песни степей» атты жинақ жарық көреді. «Қазақ ертегілері» мен «Қазақ эпосының» орыс тіліне аударылып шығуына ат салысады.
М.Әуезов қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуге 20-жылдары кіріседі, көптеген мақалалар жазады. Солардың ішінен оның «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1922), «Қобыланды батыр» (1925), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1927) сияқты еңбектері өз кезі үшін ғылыми мәні зор, елеулі зерттеулер еді. Бұл еңбектерінде ол, біріншіден, қазақ ауыз әдебиетінің даму жолдарын халқымыздың тарихына сәйкес баяндайды. Екіншіден, қазақ ауыз әдебиетін жанрға бөліп қарастырады және әр жанрдың өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Үшіншіден, қазақтың эпостық жырларының қай кезде туып, қалай және қандай тарихи оқиғаларды жырлау негізінде дамығандығын анықтайды.
30-жылдардан бергі жерде де М.Әуезов қазақтың ауыз әдебиетін жеке-жеке жанрға бөліп зерттеуді жүргізе береді. Қазақтың тұрмыс-салт өлеңдері, ертегілері, батырлық жырлары, ғашықтық (лиро-эпостық) жырлары, жұмбақтары, ақындар айтысы, т.б. ғалымның үңіле тексерген тақырыптары болады. Ол бұл тақыраптарды өмірінің соңғы кезіне дейін зерттеген еді. Мұнымен қатар ол халық ақындарының, әсіресе Жамбыл шығармалары жайында, сондай-ақ қырғыздың атақты эпосы « Манас» туралы көлемді еңбектер жариялайды. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен эпосы» деген тақырыпта арнаулы зерттеу жазып, оны орыс тілінде шығарады.
М.Әуезов қазақ ауыз әдебиетін өзі ғана зерттеп қойған жоқ, ол бұл іске басқа да фольклористерді, әсіресе жастарды қатыстырып отырады, оларға басшылық етеді. «Қазақ әдебиетінің тарихы» деп аталатын коллективті еңбек дүниеге осылай келеді. Мұның алғашқы қазақ ауыз әдебиетіне арналған екі кітабы – М.Әуезовтің қатысуымен, ғылыми жетекшілік етуімен жазылған күрделі зерттеу еңбек. Бұл кітап М.Әуезовтің қазақ ауыз әдебиетін жинау, зерттеу және фольклористер дайындау жолында көп жыл бойына жүргізген еңбегінің қорытындысы деп танылған еді.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеуде елеулі еңбек еткен ғалымның бірі – Қажым Жұмалиев (1907-1968) болды. Ол фольклорист ретінде отызыншы жылдардың соңғы кезінде таныла бастайды. Бұған оның ауыз әдебиеті үлгілерінен құрастырған «Халық поэмалары» деп аталатын жинағы дәлел. Бұл жинаққа: «Исатай, Махамбет», «Бекет батыр», «Айман-Шолпан», «Біржан мен Сараның айтысы» енген және бұлардың әрқайсысына кіріспе сөз бен түсінік берілдген.
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1491 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Қазақ фольклортану ғылымы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно