Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:19

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі ТУП

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі ТУП скачать

19.03.2010, 10:15

I.                  Кіріспе

Музыкалық жоғары оқу орындарында жас мамандардың қалыптасуы жан – жақты оқу пәндерін игеру арқылы іске асады. Психология және педагогика курсы оқыту мен тәрбиелеудің, адам психикасының заңдылығын – қабылдау, қабілеттердің дамуын және дағдылардың қалыптасуын қамтиді.  

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі курсы  бітірушінің оқытушы ретінде біліктілігін анықтайтын теориялық пән болып саналады.

 Музыкалық – теориялық және тарихи пәндер музыканың тарихы және теориясы,  сольфеджио, гармония, полифония, музыкалық шығармалардың талдауы болашақ оқытушыға стилі және жанры аумағында білім береді. Әр дәуірдің және халықтардың музыкалы және хор әдебиеті өлкесінде білімді болу, музыканың мәнерлік әдістерін және қалыптасу драматургиясын түсінуге ықпал етеді.

Жоғары оқу орнының  бітірушілері мұғалімдік жұмысты, көркем - өнерпаздар, кәсіптік хор ұжымдарын жетекшісі қызметін, ғылыми - әдістемелік және ғылыми -   зерттеу жұмыстарын атқарады.

 Осы кешенде арнайы пәндер циклі маңызды орын алатын, орындаушылық және педагогикалық қызметке теориялық және практикалық дайындығы бар жоғары білікті хор дирижерларын тәрбиелеу басты мақсат ететін пән.             

Оқу пәннің алдыңғы деректемелері. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі курсын жоғары буында оқыту кіші және ортаңғы буында өтетін бірқатар арнайы пәндерін оқыту мен дайындалады «Хор партитураларын оқу», «Дирижерлеу», «Хор әдебиеті», «Хор жүргізу», «Хормен жұмыс жүргізу практикасы» негізінде өтеді.         

Оқу пәннің кейінгі деректемелері. Магистратураның хор педагогикасы. 

Оқу пәнін сипаттамасы: Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі курсы пәннің мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, хор пәндерің оқыту әдістерін, жеке және топтық сабақтарды жүргізудің теориялық және практикалық дағдыларын игеру, және практиканың  әр түрін игеруін қамтиды. Пәнін мазмұнда хор білімінің кәсіптік даму мәселелерін, студенттер атақты педагог хормейстерлердің тәжірибесімен танысып, хор білімі мәселесі бойынша әдістемелік құралдар мен танысып және арнайы пәндерді оқыту әдістемесін, хор практикасын жетекшілеуді игереді. Бағдарламада білім берудің теориялық негіздері бойынша жеке календарлық – тақырыптық жоспарлар жасау, сабақ нұсқауларын, семинар сабақтарына дайындалу және өткізу, дәріс сабақтары бойынша емтихандық билеттер құрастыру туралы әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі курсы « Музыкалық құрылымдардың талдауы», «Әлемдік мәдениеттің тарихы», «Орындаушылық өнердің тарихы» және практиканың барлық түрлері негізінде және өзара байланыста оқытылады.                  

      

Оқу пәннің мақсаты – Хор пәндерін оқытудың әдістемесі негіздерін игеру және білім қалыптастыру; студенттерді музыкалық колледждерінде, өнер колледждерінде педагог ретінде практикалық қызметіне дайындау. 

Пәннің негізгі міндеттері білім қалыптастыру :

·        дирижерлік – хор пәндеріннің арнайы циклін жүргізу мазмұнын,түрін, әдістерін білу; 

·        оқу жұмысын жоспарлау;

·        орындаушылық және мектеп педагогикалық практиканы ұйымдастыру және жүргізу;

·        жеке сабақтарда және дәріс курстарын оқыту және оларды практикалық тұрыда көрсету;

·        хор білімі  мәселесі бойынша және музыка пәні мұғалімін дайындау туралы әдістемелік әдебиеттерді оқу.

Курсты бітірген соң студент келесі әдістемені білу қажет:

·          арнайы пәндерді оқыту;

·          хор практикасын басқару;

·          жеке және календарлық – тақырыптық жоспар құрастыру;

·          жеке сабақтарды және дәріс сабақтарының нұсқауын жасау;

·          дәріс және семинар сабақтары дайындау және өткізу,

·          арнайы пәндер бойынша сынақ емтихан ұйымдастыру және өткізу;

·          мемлекеттік емтиханның  билеттерін құрастыру.

 

II. Әдістемелік ұсыныстар

 

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі курсынын ерекшелігі оқу жұмысы 2 бағытта өтеді:

а) теориялық оқу

б) практикалық игеру

                                             

Теориялық оқу

 

Оқу түрі: дәріс.

Дәріс мазмұны революция дейңгі және Рессейдегі қазіргі хор білімінің жаңашыл дастүрлеріне негізделіп, олардың Қазақстандағы хормен айту және хор білімінің дамуына әсер етуі қамтиды.        Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі курсы болашақ мұғалімнің және хор ұжымының жетекшісін қалыптастыруға бағытталған теориялық және практикалық тәжірибенің қорытындысы.

Дәріс материалдарының құрылуы арнайы пәндерді оқыту әдістемесі  бойынша басты мәселелерді қозғайды:          

 

·        шет елдерінде және Қазақстанда хор білімінін қалыптасуы және дамуы;

·        жеке және топтық сабақтарын өткізу;

·        жеке және календарлық – тақырыптық жоспарын құрастыру;

·        хор практикасын басқару;

·        педагогикалық практиканың күнделігін және есебін жүргізу; 

·        арнайы пәндер бойынша сынақ емтихан ұйымдастыру және өткізу;

·        дәріс курсы бойынша емтихандық билеттерді құрастыру;

·        жеке сабақтарды оқыту әдістемесі;

·        топтық дәріс сабақтарын оқыту әдістемесі;

·        дирижерлік хор партияларын оқу, хор классы және мектептегі жұмыс практикасы бойынша педагогикалық практиканы өткізу әдістемесі;

·        оқу жұмысын жоспарлау және оқушылардың білім игеруін бақылау.

 

- хор партитура бойынша жұмыс әдістері;

- дирижерлік техникасы бойынша жұмыс әдістері;

- жеке сабақтарды жүргізу жұмыс әдістері және түрлері;

- топтық сабақтарды жүргізу жұмыс әдістері және түрлері.

 

Семинар: ұсынылған әдебиет бойынша және тақырып бойынша жауаптар арқылы дәріс материалдарын бекіту.

 

II.1 Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттердің

өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)

ОСӨЖ аудиториялық сабақ түрі болып табылады және студенттерге пәннің оқу бағдарламасын  дифференциялық түрде  игеруге мүмкіншілік береді.

ОСӨЖ мақсаты – оқушының білімін түзету және тереңдете оқыту, кәсіби көзқарасын кеңейту, өзіндік зерттеу жұмыстары дағдысын дамыту.

 

ОСӨЖ нысандары:

1.     Хор әдістемесі және педагогикасы, педагогикалық тәжірибесі бойынша сұрақтардың кең шеңберін талқылау.

2.     Рефератың тақырыбын талқылау;

3.     Баяндаманың тақырыбын талқылау.

 

                            Жазба рефератына қойылатын талаптар

 Жазба реферат пәнді теориялық және практикалық тұрғыда игерудің қорытындысы болып табылады.

«Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» пәні бойынша рефератының  ерекшелігі

пән бойынша білім мазмұнын жүйелеп, оны ұйымдастыру, жеке, топтық не болмаса практикалық сабақты жүргізу түрлерін қамтиды.   

Ол үшін ұсынылған материалдын бір тақырыбы таңдалады ( таңдау бойынша )       Жұмыс сауатты, тиянақты ұқыпты турде тәпіштеп редакциялануы тиіс. Бұған талданатын шығарманың тактілерінің сандары  белгіленген партитурасы қоса беріледі.

Реферат емтихандық сесияға дейін бір ай бұрін өтетін техникалық емтиханға ұсынылып хор дирижерлау кафедрасының бірде бір оқытушысымен тексеріліп бағаланады. Реферат бойынша пікір «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі » пәні бойынша өтетін қорытынды емтиханда есепке алынады.Жазба талдауын «қанағатсыз» деген бағаға орындаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

 

Жобалық жазба жұмысының тақырыптық жоспары:

1. Қазақстанда кәсіптік хор өнері қалыптасу және даму.

2. Рессейдегі хор білімінің жүйесі және мазмұны.

3. Оқу жұмысын жоспарлау және оқушылардың білім игеруін бақылау..

4. «Дирижерлеу» пәнінің оқыту әдістемесі.

5. «Хоровых партитураларын оқу» пәнінің оқыту әдістемесі .

6. «Хор аранжировкасы» пәнінің оқыту әдістемесі.

7. Хор класы жұмысын ұйымдастыру әдістері.

8. Мектеп және хор практикасын ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі.

9. Дәріс курстарын оқыту түрлері және әдістері.

10.«Хор әдебиеті» пәнінің оқыту әдістемесі.

11.«Хор жүргізу және хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» пәнінің оқыту әдістемесі.

 

Студенттердің өздік жұмысы

 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәні бойынша студенттердің өздік жұмысы дирижерға қажетті музыкалық колледж немесе өнер колледжі оқытушысының біліктілігіне сәйкес дағды іскерлігін игеру және бекіту үшін бағытталған
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2404 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 2.5/2
Тут вы можете

скачать Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі ТУП

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно