Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 05:16

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Музыка

АПД ТУП

АПД ТУП скачать

19.03.2010, 10:23

І. Кіріспе

«Арнайы педагогикалық дайындық» оқу пәні болашақ дирижер-хормейстердің орындаушылық және педагогикалық қызметіне қажетті шеберлік пен дағдыларды, білімдерді жүйелендіріп тереңдетеді.

Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиттер): арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, хормен жұмыс жүргізу әдістемесі, хор дирижерлігі, хор сыныбы, бакалавриаттың педагогикалық тәжірибесі.

Пәнге сипаттама: Арнайы педагогикалық дайындық (АПД) теориялық пән болып табылады. АПД-ның мазмұндық негізі болып арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, хормен жұмыс жүргізу әдістемесі, педагогикалық тәжірибе, хормен жұмыс істеу тәжірибесі есептеледі.

Оқу пәнінің мақсаты: студенттерде хормен жұмыс істеу теориясы және тәжірибесі, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша кешенді білімдерді қалыптастыру.

Оқу пәнінің  міндеттері – білімдерді тереңдету:

 - хор дирижерлік цикліндегі түрлі арнайы пәндердің мазмұны, ұйымдастыруы, жүргізу нысандары және әдістері туралы;

 - хормен жұмыс істеу нысандары мен әдістері туралы;

Арнайы педагогикалық дайындықты тәмәмдаған кезде студент білуі тиіс:

§        арнайы пәндерді оқыту әдістемесін;

§        хормен жұмыс істеу әдістемесін;

§        арнайы пәндердің мақсаты мен есептерін, олардың оқу бағдарламаларын, әдебиеттерін, пәнді жүргізу принциптерін;

§        хормен дайындық жұмыс жоспарын құрастыра білу;

§        орындаушылық сараптама  дағдысына ие болу.

 

II. Әдістемелік ұсыныстар

АПД мазмұны – педагогикалық тәжірибе және хормен жұмыс істеу тәжірибесімен байланысты хормен жұмыс істеу әдістемесі, арнайы пәндерді оқыту әдістемесіндегі негізгі сұрақтардың жүйелендірілген жиынтығы. Сабақ нысаны: дәріс-әңгіме (жалғасу сағаттары); семинарлар.

Семинарлық сабақтарда тақырып бойынша жауаптар мен ұсынылған әдебиеттерді оқып білу негізінде дәріс материалдары бойынша білімдер бекітіледі.                                  

 

II.1 Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттердің

өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)

ОСӨЖ аудиториялық сабақ түрі болып табылады және студенттерге пәннің оқу бағдарламасын  дифференциялық түрде  игеруге мүмкіншілік береді.

ОСӨЖ мақсаты – оқушының білімін түзету және тереңдете оқыту, кәсіби көзқарасын кеңейту, өзіндік зерттеу жұмыстары дағдысын дамыту.

 

ОСӨЖ нысандары:

1.     Хор әдістемесі және педагогикасы, хор және педагогикалық тәжірибесі бойынша сұрақтардың кең шеңберін талқылау.

2.     Әдістемелік әдебиеттерге критикалық сараптама жасау.

3.     Хор шығармаларының әдістемелік-орындаушылық сараптамасы.

 

II.2 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Студенттердің аудиториядан тыс жұмыс істеу нысаны.

1. Алынған білімдер негізінде, хор пәндерін оқыту әдістемесі  және хормен жұмыс жүргізу әдістемесі бойынша негізгі оқу әдебиеттерін тереңдетіп зерттеу. 

2. Шығармаларды ауызша талдау: тарихи-эстетикалық, музыкалық-теориялық, вокалдық-хор және орындаушылық талдау – студенттің өзіндік жұмысының бір нысаны ретінде көптеген әдістердің ережелерін тәжірибелі түрде нақты мысалдар негізінде қолдану мүмкіндігін береді.

3. Арнайы пәндердің біреуі бойынша  үлгілі сабақ жоспарын құрастыру.

4. Хормен дайындық жұмысын жүргізудегі үлгілі жоспар құрастыру.

 

                       III. Бақылау нысаны бойынша жалпы мәліметтер

(ағымды, аралық, қорытынды)

Ағымды бақылау – дәрістер мен семинарларға дайындық;

Аралық бақылау – ауызша сұрау, тестілеу және өткен материалдар бойынша коллоквиум.

Қорытынды бақылау нысаны – Мемлекеттік емтихан.

Емтихан нысаны:

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі және хормен жұмыс жүргізу әдістемесі бойынша билеттер сұрақтарына ауызша жауап беру:

Берілетін сұрақтардың жобалы тізімі:

«Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» тарауы

- Қазақстандағы хор-дирижерлік білім жүйесінің пайда болуы

- Ресейдегі хор білімінің жүйесі мен мазмұны

- хор пәндер циклінің дәріс курсын оқытудағы нысандар мен әдістер

- оқу жұмысын жоспарлау және оқушының білім меңгеруін бақылау

- арнайы пәндер бойынша жеке және күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар құрастыру үрдісі

- орта буындағы «Хор сыныбы» пәнінің мақсаттары мен есептері

- орта буындағы «Дирижерлеу» пәнінің мақсаттары мен есептері

- хор ұжымының жетекшісін және музыка сабағының мұғалімін дайындаудағы мектептік және хор тәжірибелерінің мақсаттары мен есептері

«Хормен жұмыс жүргізу әдістемесі» тарауы

-  хор партияларының сипаттамасы, партия құрамындағы дауыстардың

   жіктелуі;

- дыбыс туындату технологиясы

- әншілік тыныс алу технологиясы; дыбыс жүргізу түрлері

- хорды алдын-ала ән айтуға ыңғайлау - қызметі

- дауыс жоғарылығы диапазонын дамытудағы  жұмыс тәртібі

- динамикалық диапазонын дамытудағы  жұмыс тәртібі

- тембрмен жұмыс жасау

- дауыстың икемділігі бойынша жұмыс жасау тәртібі

- дыбыс сапасын арттыру жұмыстарының негізгі ұстанымдары

- хордағы ансамбльмен жұмыс жасау; негізгі ережелер

- хордың құлақ күйі бойынша жұмыс жасау; негізгі ережелер

- ән салудағы орфоэпия мен дикция мәселелері

- ақындық мәтіндермен көркемдік жұмыс жасау

- дирижердің хор шығармасы партитурасымен алдын-ала дайындық жұмысы;   

  хор партитурасының анализ жоспары

- хормен жұмыс істеу (фазалар)

 

 

IҮ. Оқу пәнінің мазмұны

 

I Тарау  «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»  

 

          1 тақырып

Қазақстанда дирижерлік-хор білімінің және көпшілік музыкалық тәрбие жүйесінің орнығуы .

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс тіршілігі жағдайындағы музыкалық -   эстетикалық тәрбиесі.  XIX ғ - ХХғ екінші жартылығындағы музыкалық тәрбие. Халықтық білім беру жүйесіндегі екі бағыт: дін  (медресе) және зайырлы.

Алдынғы қатардағы отандық парасатты тұлғалардың   (Абай, С.Сейфуллин, И.Алтынсарин, Р.Макатовтің) халықтың рүхани мәдениетіне тигізген ықпалы.

1917 ж. кейін хор өнеріне идеологиялық құрал ретіндегі көзқарастың қалыптасуы.

Казақстанда музыкалық білімнің  орнығуы.

Бірінші  кәсіптік  хор ұжымдарының туу тарихы.

Оқу орындарында хор әншілігін мәні (К.Джандарбеков, И.В-Коцык).

Казақстанда музыкалық мәдениеттің дамуына  кәсіптік негізін  қалау.

Москва және  Ленинград консерваторияларынан  бірқатар түлектерін шақыру.

Бірінші  кәсіптік  хор ұжымдарының туу тарихы.

Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваторияда жене Қазақ Ұлттық музыка Академиясында хор дирижерлігі кафедраларын құру;

Бірінші кәсіптік ұжымдардың тууы;

Абай атындағы және К. Бәйсеитова атындағы опера театры;

Ортанғы музыкалық оқу орындарында музыка пәні мұғалімін дайындау мәселелесі.

Қазақстанда дирижерлік - хор білімінің қалыптасуы.

Орнығу кезеңдері. Педагогикалық құрамы.

Қазақ Ұлттық Музыка Академиясындағы хор білімінің үш  кезеңі: кіші, ортаңғы, жоғары.

Хор онеріне ер балаларды және жасөпірімдерді тарту.

Мәскеу және Ленинград консерваторияларының  хор өнері шеберлерінің  дәстүрін Қазақстанда хор дирижерларын дайындау ісінде жаңғырту.

Қазақстанда дирижерлігі хор білімінің қалыптасуына хор мәдениетіні қайраткерлерінің: Б. В.Лебедев, Б.М.Ляшко, А.В. Молодов, Б. А. Жаманбаевтің

 тигізген әсері.

XXIғ басында хор білімінің жүйесі және мазмұны.

Қазақстандағы әр түрлі музыкалық оқу орындарында хор дирижерларын оқыту мен тәрбиелеудегі озық дәстүрлер.

 

                                                       2 Тақырып

                       Ресейдегі хор білімінің жүйесі және мазмұны

Революция дейінгі  Ресейде хор білімінің  екі бағыты:  вокалды – хор және  дирижёрлық - хор.

Патша сарайының ән капелласының   және Мәскеу синодтық училищесінде регенттерді дайындау жүйесі  

Дирижёрлік-хор білімінің кешенді жүйесі: мамандарды орындаушылық, шығармашылық  (композиторлық) және музыкалық – педагогикалық дайындығы.  

 Н.А Римским-Корсаков дайындаған бағдарламасы.Хор білімінің үш кезеңі.

 М.А.Балакирев, Н.А. Римского-Корсаков, С.В. Смоленский, А.Д. Кастальскийдің   хор білімінің мазмұнын, түрі мен әдістерін анықтаудағы мәні.

Өткен Кеңес өкметіндегі  дирижерлік – хор білімі.

 Мәскеу және Ленинград консерваторияларын дирижерлік - хор факультеттерін құру;

 Мәскеу консерваториясының қайраткерлері: П.Г. Чесноковтың. «Хор и управление им», А.В.Никольскийдің «Хоровая литература», Г.А. Дмитревскийдің  «Хороведение и управление хором», Н.М.Данилиннің  «Чтение хоровых партитур», А.В. Александровтың  «Сольфеджио для хоровых дирижёров» атты арнайы курстарының бағдарламасын құру.

К.П. Дмитревскийдің  және  О.П. Коловскийдің   «Анализ музыкальных форм» курсы дамуына, К.Б. Птицаның және  К.А.Ольховтің  «Хоровое дирижирование» атты курсын құрудағы  үлесі

Қазіргі хор педагогикасының негізгі сиапты: жүйелік мақсаттық, оқытудың мамандандырылуы,  (орындаушылық  не болмаса  педагогическалық).
Категория: Музыка | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1096 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 3.0/1
Тут вы можете

скачать АПД ТУП

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно