Байсеітова Күләш -
әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы
педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық
студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші
рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің
"Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегині”) т. б.
партияларды орындады.
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі
күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің
Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының
іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы.
Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан
Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады.
Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан,
Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Адырна
- қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының
бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-
құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы,
марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап
шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай
құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып,
оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
2004 жылы Абай
атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл
толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера
өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып
Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан
музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір
еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен
жоқ
Мектебіміздің
қазіргі таңдағы алға қойып отырған басты да түпкілікті мақсаты оқушылардың
білім, білік, іскерлік дағдыларын дамытумен қатар, олардың бойындағы азаматтық,
өміртанымдық, интернационалдық қасиеттерін де кеңейте түсу. Эстетикалық
көркемдік тәрбиенің қайнар бұлағы музыка пәні мен оның сыныптан тыс үйірмелері
бұл аталған талаптарды орындауда ерекше роль атқарады.
Елебеков Жүсіпбек
(1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында
туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж.
Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс
алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады.
Халық композиторларының шығармалары ("Ардақ”, "Айтбай”, "Құлагер” және т. б.)
Елебеков репертуарының негізін қалайды.
Омарова Жамал (1912-1976) -
әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында
туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық
операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық
драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің "Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың
"Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің "Айман-Шолпан”) образдарын жасады.
Көне кептің байыбына
салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай
тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен
өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта
табындырды.Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы
әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік.
Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры,
қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізіндежас ұрпақты адамгершілік рухта,
музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.
Ұсынылмақ кітапты жазуды
қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов,
Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді
қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу
екенін ашық айту
Ғарифолла
Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің
Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де
жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда
эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де
Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді
дауысты әншісі болды.
Қазақ ауыз
әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз бастауын алды. Бұған
дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген пікірлер ғана айтылып, тек
ауыз әдебиеті үлгілеріжарияланып келді.
Әрине, баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың
өзіндік қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны
белгілі.
Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге
малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі
жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай –
"Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы
төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын
түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын
жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан
періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай.
Франциядағы романтизм тағдырының
өзіндік ерекшелігі аталмыш жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар
тоғысында пайда болуына және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар
қалыптастырған осы елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс
және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе
ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек,
Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында
жатыр.
Мелеагр жөніндегі
аңыз ертеде грек жерінде мекен еткен әр халықтар мен рулардың әдеби мұраларында
сақталған. Оның қысқаша мазмұны төмендегідей суреттеледі:Олимпиялық
құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған
назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің
тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті
жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды.
Зерттеу
тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қазақ
тарихи өлеңдері жекелей алынып, арнайы зерттеу нысанасына айналмауының
объективті және субъективті себептері бар екендігі мәлім. Тарихи өлеңдер өз
бастауын тым ертедегі түркі тектес халықтар бірлестігі, Алтын Орда, Ноғайлы
кезеңі, Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуы жайындағы халық басына түскен
аласапыран оқиғалардан алады. Сол тарихтың сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін
ашу тарихшы, әдебиетші қауымға оңай тимегені рас.
Домбыра – қазақ халқының
арасында кең тараған екі ішекті музыка аспабы. Ертеде домбыраның түрлері өте
көп болған. Олардың жасалуында өзіндік ерекшеліктері (көбіне тұтас ойылып
жасалған) бар. Көбіне әсем нақышты болып келеді. Халық арасында үш ішекті
домбыралар кездеседі. Соңғы кезге дейін домбраның бұл түрі Семей облысында
сақталып келді. Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз
т.б. аспаптармен қатар дамыды