Солай бола тұра аталмыш кезеңге дейін Құрманғазының генерал В.Перовскийді, жорналшы Н.Савичевті, Дәулеткерейдің жат жерлік мәртебелі меймандарды, Тәттімбеттің де көлденең көк етікті қонақтарды оңаша тамсандырғандары болмаса, халық күйлері бейтаныс аудиторияларда, көп халық бас қосқан үлкен жиындарда орындала бермейтін-ді. Тек әйгілі сазгер Сейтек Оразалиев 1923 жылғы тамызда бүкілресейлік ауылшаруашылық көрмесінде әлденеше күй орындап, мәскеуліктерді әбден тәнті еткен-ді. Алайда, қазақ астанасындағы “өз білгіштеріміз” 1936 жылы тұңғыш рет драма театрының сахнасында Құрманғазының не бір саңлақ шығармаларын орындаған Уақап Қабиғожинді іш пыстыратын “мәнсіз ұзақ тартыс” деп қызметтен қуып жібереді. Сөйтіп, күй 1934 жылдың маусымына дейін сүтке тиген күшіктің халін кешіп, сахнадан өгейлік көріп, көрепара қақпайланып келді. Ленинград аспиранты Ахмет Жұбанов бұл өкінішті түсінікті түзетуге күш салады. Ол да ағасы Құдайберген Жұбановтың “Бұрыннан бар музыка мұраларын жетілдіріп, толықтырып, көркейтіп, көркемдік жағын күшейтіп, примитив түрлерін гармониялап, халық музыкасындағы өмірге, тіршілікке шақыратын ерлік, талап, жігер тудыратын элементтерін саралап алып, кертартпа, сары уайым, жасықтық туғызатын жағын жойып, — осы ретпен ғана қазақ ұлтының қазіргі музыкасын дамытуға болады. Халық музыкасы мұраларын зерттеудің маңызы зор болатыны осы жағынан” дейтін қағидасын ұстанды. Ұстазы А.В.Затаевичпен тізе қосысып, жоғарыда айтылған жаңаша өнер көрсеткен шағын ансамбльді байқауға жер-жерден келген дәулескер домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышы-сырнайшылармен толықтырып, ұлт аспаптары оркестрін құруға күш салады. Ол талпыныстары үкімет тарапынан қолдау табады. Оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып Ахмет Жұбанов тағайындалады.
Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұлып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.
Студенттерге хор және вокалдық-аспаптық
шығармаларды түрлі хор құрамдарына ыңғайластыруды үйрету, хор аранжировкасы
курсының мақсаты болып саналады. Бұл әдістер мен дағдылар ұжым жетекшісінің
күнделікті жұмысына қажет. Хор аранжировкасының көптеген тапсырмаларын орындау
үшін хор партитурасын және аспапты сүйемелдеуін жатқа біліп, мұқиятталдай білу қажет. Партитурамен танысудың
белсенді жүзеге асырылуы автордың түпкі ойын ұғынуға және оны басқа да
тәсілдермен көрсетуге мүмкіндік береді.
«Арнайы педагогикалық дайындық» оқу пәні болашақ
дирижер-хормейстердің орындаушылық және педагогикалық қызметіне қажетті
шеберлік пен дағдыларды, білімдерді жүйелендіріп тереңдетеді.
Орындаушылық тарихы мен
теориясының жан жақты оқытылуы композиторлық шығармашылық пен педагогикада, хор
орындаушылық бағыттары мен түрлі стильдерінде бейімделу қабілеттілігін
тәрбиелеп, олардың кәсіби мәдениетін дамытып, студенттің көркем ой өрісін
қалыптастырады. Оқу пәні қоғамдағы өз орнын және хор өнеріндегі ағартушылық
ролінің мағыналылығын терең ұғынатын, хор дирижерінің, орындаушы және ұстаздың
- жас музыканттың көп қырлы және құнды болып қалыптасуына көмек етуі тиіс.
«Хор партитураларын оқу» арнаулы пәндер
циклына жатады және осы циклдың негізгі пәндерінің бірі, ол фортепианода хор
партитураларын ойнау әдістерін, партитураларды ән-хор сипаттық тұрғыда талдау
дағдыларын меңгеруге практикада концерттік және педагогикалық репертуарды дұрыс
іріктеп алып, қолдана білуге көмектеседі.
Музыкалық жоғары оқу орындарында жас мамандардың қалыптасуы жан – жақты оқу
пәндерін игеру арқылы іске асады. Психология және педагогика курсы оқыту мен
тәрбиелеудің, адам психикасының заңдылығын – қабылдау, қабілеттердің дамуын
және дағдылардың қалыптасуын қамтиді.
Музыкалық ЖОО-ның хор-дирижерлік кафедралары теориялық
және тәжірибелідайындығы бар жоғары
білікті хор дирижерлерін орындаушылық, педагогикалық және қоғамдық-музыкалық
қызметке дайындауғатиісті.
Типтік оқу бағдарлама ҚР МЖМБС 050405 «Дирижерлеу», 050405B «Хорды
дирижерлеу» мамандандыруының жалпы міндетті білім үлгісіне сәйкес және
Құрманғазы ат. ҚҰК профессоры А.В.Молодов пен Қаз ҰМА доценті Құттыбадамова
Г.Қ.- мен «Хор сыныбы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Пәннің басты мақсаты - кәсіби деңгейлі, біліктілігі жоғары
музыкант-орындаушыны, хор дирижерді тәрбиелеу, теориялық және тәжірибелік
жағынан орындаушылық, оқытушылық, қоғамды-музыкалық қызметке дайындау.
Жалпы адам баласында
рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт
ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі - өнерде. Соның ішінде
тоқталып өтетініміз бұл – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар
рухани байлығы ұлан-ғайыр.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Шуберттің музыкалық мұрасында ән негізгі орын алады.
Әнде композитор кейпінің, оның шығармашылық және көркемдік қалыптасу жолдарының
ерекше белгілері көрнекті, жүйелі және көңілге қонымды болып ашылады. Ән
адамның ішкі жан- дүниесінің сипаттамасына кеңістік ашты; халықтық өнердің образдарына жақындау арқылы
демократиялық мағынаға иеленеді; сөз бен музыканың тығыз байланысы арқылы
Қазақ
даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең
түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да
өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін
шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып
кеткелі қашан...
…Тайга ішінің аязы
бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта
бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа
қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не
жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн
бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала
жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды.
А.Жұбановтың қазақ
мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. 1933 жылдың ақпанынан басталған еңбек жолы
қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және өркендеуі жолында алтын
әріптермен жазылған жемісті беттеріне айналды. Бұл кезең жаңадан қаулап пайда
бола бастаған оқу, мәдени-өнер ордаларының құрылуы мен кәсіби ұжымдардың
қалыптасу кезеңі болатын.
Тілендіұлы
Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер
домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер
ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский
атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы
бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында
(1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық
аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге
келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер
қызметін атқарды.
1921
жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970
жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы.
1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы
Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясынЕ.Г. Брусиловскийдің
композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы
атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда
Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған.
Төл музыка дәстүр
тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдалса ғана өрге
шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары кәсіптік деңгейде өркендету
мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге, мемлекеттік тілге деген
көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан таяуда Алматыда Құрманғазы
атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналып өткізілген
«Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік
мәслихат барысында айқын танылды
Домбыра
аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше
пәндерді кездестіруге болады. 1.Домбыра – тартып үйрену еңбек пәні. 2.Домбыра
тартып әр дыбысын есептеп ойнау математика пәні. 3.Домбыра – тартып қағу, перне
басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс
ырғағымен дәл айту логика пәні.
Ержанов Манарбек (1901-1966)
- әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал
(және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік
мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және
домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп
қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды.
Халық арасында оның "Жарыс”, "Аманкелді туралы өлеңі”, "Қойшы әні” және тағы басқа
шығармалары жақсы танымал.
Қылқобыздың шығу тарихын
сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы
тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық
арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс
көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың –
депті-мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер
шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады.