Мақала Музыка-халықтың жаны.Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың , соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыка мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж), Махмұд Қашқари (1029-1101жж), Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж), сияқты үлкен ғалымдар, А.Левшин (1799-1879жж), Ш.Уалиханов (1835-1865жж), Н.Стремоухов, А.Затаевич және басқа көптеген ғалым-зерттеушілермен этнографтар көп жазды.
Қазақстанның ұлттық опера өнері- халықтың рухани қазынасын байытқан жаңа дәуірдің ерекше құбылысы. Ел басына нәубет туған кезең 20 Ғасырдың басында қазақ жеріне келген бұл әлемдік мәдениет жаухары кейінгі онжылдықтарды орай өтіп, ұлтымыздың музыкалық мұрасының аса маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасты. Бұл жанрдың биік мазмұны орыс және еуропа мәдениеті үрдісі негізінде ұлттық фольклорымызды кең пайдалана отырып, халықтық мұраны жаңғырту болып табылады. Қазақстанда операның ролі қоғамдық мінбер ретінде, кеңестік мәдениетқұруды белсенді бастаған социолистік кезеңмен бірге тез дами бастады.
Балалық шағы. Йозеф Гайдн 1732 жылы 1 сәуірде Төменгі Австрияның Рорау ауылында дүниеге келді. Әкесі кәсіби каретник, шешесі- аспазшы болатын. Ата- анасы музыканы жақсы көретін және көп қабілеттерге ие болатын. Матиас Гайднның үйінде импровизациялық кештер болып отыратын; әкесі арфада ойнап, ән айтатын. Гайдн өз балалық шағы өткен ауылдағы жағдай келешекте композитордың шығармашылығына негіз болады. Барлық шығармаларында австрияның ұлттық шығармашылығымен байланыс сақталады.
1735 жылы басылып шығарылған Итальяндық концерт- бұл Бахтың клавирлік концерт жанрында жұмыс істеудің аяқталу кезеңі. Клавирлік концерттің «атасы» және алғашқы үлгілерді жасаған композитор И. С. Бах еді. Итальяндық скрипка мектебі бұл кезде өзінің гүлдену кезеңінде еді, зайырлы музыка жаңа формаларды жайды. Итальяндық шеберлердің қызметі Бахтың әртүрлі зайырлы музыка түрлерін дамыту ойын нығайтты.
Өткен замандардың композиторлары арасында Бах – ерекше құбылыс. Бұл суретші өзінің тереңдігімен және шығармашылық жолының кеңдігімен әлікүнге дейін таң қалдырады. Гендельдің құрдасы Бах, Гендель сияқты, өзінің заманының көрнекті жақтарын сипаттайды. Бірақ Гендель оның қаһармандығын, әрекеттігін суреттесе, Бах – оның бай, күрделі жағын ашады. Бах үлкен тарихи кезеңнің тәжірибесін қорытындылап, өзінің үлкен данышпандылығымен ілгері ұмтылған. Бахтың шығармашылық жорамалымен 19 және 20 ғғ. өнері байытылды. Бах философ – музыкант, ол адам болмысының ең терең, мәңгілікті сұрақтарын талқылаған: өмір мен өлім, адамның парызы мен мақсаты туралы.
Атақты әнші, ақын, халық композиторы Жаяу Мұса Байжановтың қазақ музыка мәдениетінен алатын орны ерекше. Ол ән – өлеңдері арқылы өзіне дейін қалыптасып, дамыған ұлттық әншілік дәстүрді жалғастырумен қатар, оны жаңаша түрде көркемдік мазмұнмен байытып, қазақ музыкасына көптеген шығармашылық жаңалықтар әкелген дарынды әнші – композитор. Жаяу Мұсаның өмір шындығынан туған, көркемдік дәрежесі жоғары музыкалық бейнелер арқылы сомдалған шығармалары халықтың ән өнерінің шоқтығын биіктете түсті
ЖТК Бахтың шығармашылығының энциклопедиясы деп бекер аталмаған. Бұл еңбектің маңызы тек сол уақытта ғана емес. Қазіргі музыканттар, пианисттер өздерінің шығармашылық жолдарында ЖТК – ға оралып отырады. Бетховен мен Шуман сияқты ұлы композиторлар ЖТК – ны өздерінің сүйікті кітптры ретінде бағалады. 19, 20 ғғ. оның үлгісіне қарап аналогиялқ циклдер жазылды. Хроматикалық қатармен орналасқан барлық 24 мажорлы және минорлы саздарды қамтитын циклдың алғашқы мақсаты қарапайым еді – Бах сол уақытта сирек қолданылған саздарды композиторлық практикаға негізімен енгізгісі келген
Әміре 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болып, тек күнелту айналасында ғана, күнбе-күн өмірді қуып жүрді. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубайдың денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтындай халге келді.
Әли 1901ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, 10-ауыл, «Шұбар ши» деген жерде дүниеге келген. Ол жерде осы кезде «Коммунизм жолы» атты колхоз бар. Әкесі Төлеміс (Құрман – үлкен әкесі) 15 - 20 қарасы болып, өзінің күнкөргіштігі болған себепті шаруасын істеп, жәй көптің бірі болып жүре Берген. Аздап домбыра тартқан, бірақ оны кәсіп етіп, соңына түсе қоймаған. Оның домбыра ұстауы, Қазақстанның бұл бір өресінде де домбыра екінің бірінің үйінде болатын да, күйді әннен, жырдан төмен қадірлемейтін. Ал, Әлидің шешесі Аққыз (шын аты Ұмсындық) асқан домбырашы, әнші болған. 1934ж. Алматыда Әлидің үйіне осы жолдардың авторы бір барып отырғанда Аққыз шешеміз, нан илеп отырған қолын қағып-қағып тастады да, қолына домбыраны алып, «Көкілдің» бір түрін тартып бергенде, әлі саусақтары жұқпайтын болатын.
Екінші симфония Бородиннің симфониялық шығармаларының ең үздігі және тек қана орыс музыкасының емес, бүкіл әлемнің симфониялық музыкасының ұлы ескерткіштерінің бірі. Симфонияны композитор 1869 – 1876 жылдары, «Князь Игорь» операсымен бірге, жазды. Сондықтан кейбір музыкалық материалдар алдымен опера үшін жазылып, кейін симфонияда қолданылды.
Гректердің қоғамдық және жеке өмірінде музыка елеулі орын алды. Құл емес, яғни бос адам үшін гректің Афина, Спарта, Фивада азаматтық тәрбиелеу және білім беруге музыкалық өнерді, оның теориясын, эстетикасын, орындау тәсіллдерін үйрету кірді. Жеке әншілер, хорлар, аспапшылар, өлеі және ән шығаратын ақындар әр қала – мемлекеттен шығып, жарысқан. Музыка мемлекеттік, әскери де маңызға ие болған.
Еркеғали Рахмадиевтің ерекше қасиеттерінің біріне аспаптық үн табиғатын терең сезінуі жатады. Бұл қасиеті өзгеше білінеді. Композитор симфония жазған жоқ. Ертеректе жазылған симфониялық поэмалары негізгі шығармаларға жатпайды. Оның шығармашылығының көрсеткіштеріне симфониялық күйлері жатады, Тек осы туындыларында оның аспаптық табиғатын байқауға болады. Композитор домбыра күйлерін симфониялық оркестрдің үні арқылы жаңа жағынан таныта білді.
Дәулеткерей 1821 жылдар шамасында бұрынғы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген. Әкесі Шығай ауқатты адам болған. Бірақ, әке жолын қумай қайда барушы еді деп сенген ол, ұлын қақпайлап тәрбиелеп тауқымет тартқан жоқ. Шығай он тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласында орнаған жаңа жағдайды түсініп, тани қойатындай аса ақылды, көреген кісі емес-тін. Сүйікті ұлы Дәулеткерейдің Бөкей хандығының қол астындағы ел-жұртты билеп-төстейтін әкім болады деп ойлаған ол, сезімтал Дәулеткерей ойының төре тұқымының мақсатының жырақ ойда жүргенін білгісі де, ұққысы да келмеді.
Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздары әр ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді. Сондай мөраларымыздың ішіндегі ең көнесі, ең байырғысы – қазақ халқының күй сазы. Сол күйлерді шығарған халық сазгерлері жайлы академик А.Жұбанов: «Не бір аруақты, дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетседе, сары алтындай шығармалары тот баспай бізге аман жетті,... Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптеген тамаша музыкалық шығармалар өалдырып кеткені және айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын, яғни, домбыра мен қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық пьесаларды, «Күй» деген бір-ақ сөзбен атаған»,- дейді
30 – 40 жылдары романтикалық өнерге құмарлылық Ресейде бірте – бірте азая беріп, «табиғи» мектеп қалыптаса бастады. Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларында оқырман нағыз орыс адамын «көрді»; Гоголь, Гончаров, Герцен, Григорович, Тургеневтің шығарамаларында үйреншікті емес жаңа кейіпкерлер пайда болды – еңбекші шаруа, ұсақ атқамінер, әділетсіздікке қарсылық ашық түрде білдірілді. Музыкада да Алябьев, Гурилев, Даргомыжскийдің шығармашылығында өзгерістер болды.
Глюк (Gluck) Кристов Виллибальд (2.7.1714, Эрасбах, - 15.11.1787, Вена), австриялық композитор. Балалық және жастық шақтарын Чехияда өткізді. Ірі чехиялық органист және композитор Б. Черногорский оның ұстаздарының бірі болды. Глюк Кристов ән айту мен көптеген аспаптарда ойнаумен (орган, клавесин, скрипка, виолончель) шұғылданды. Венада өнерін өрге өрлетіп, шыңдады. Дж. Самартиниден дәріс алып, 1737 – 45 жж.
Глинканың симфониялық шығармашылығы көлеміне қарай үлкен емес, бірақ симфониялық мектептің қалыптасу жолында өте маңызды кезеңді қалыптастырды. Бұл аймақтағы Глинканың шығармашылық мұрасы мәнерлі сазды көрсетеді, бұл ұлттық орыс симфонизмінің өзіндік идеясына сәйкес келеді. Ол үлкен циклдік симфония жазған жоқ, және оның ерте туындылар айяқталынбай қалды.
Органдық музыкаға қарағанда, клавирлік музыка білімді әуесқой аудиторияға арналған. Аристократиялық салондарда ойналатын. Клавесин мен клавикордтың дыбыс шығару ерекшелігі музыканың мінезін анықтайды (сыңқылдақ тембр, жеңіл және үздік- создық дыбыстау). Бұл - сюиталық циклге бірікке билер. Кішкентай пьесалар немесе жазылған темаға вариациялар. XVIII ғасырға қарай клавирлік шығармаларда баяндаудың белгілі әдістері дағдыланды: өзіндік фигурациялар, пассаждар. Орнаменттік әшекейлер.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831) – идеалистік диалектика жүйесін жасаған классикалық неміс философиясының аса көрнекті өкілі. Өзіне дейінгі бүкіл философиясының тәжірибесін талдай келіп, ол болмыстын шекті негіздерін мазмұнды логика категорияларымен белгіленеді. Өз мақсатына жету үшін даму идеяларын қатан ұстанды, оны санада көрініс тапқан қоршаған шындық өмірдің барлық саласында жүзеге асырады.
Гайдн өз симфонияларын 50-ші жылдардан бастап 90-шы жылдардың орьасына дейін шығарды. Оның алғашқы симфониялары еуропалық симфонизмінің қалыптасу дәуіріне жатады, - және веналық мектептің стилистикалық негіздерінің анықталу процессіндегі елеулі кезең болып табылады. Ал Гайднның ақырғы симфониялары кемелді классикалық симфонизмды көрсетеді. Егер Гайднның алғашқы симфониялары бөлімдері тек сырттай қайшы сюиталармен сабақтас болса, жетілген, дамыған симфонияларында төрт бөлім мінезі жағынан әртүрлі болып бір ортақ бейнелік шеңбердің дамуын білдіреді.
Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалалрының бірі. Ол – суырып-салма ақындық өнерінің жемісі болып табылады. Айтыста халықтың әдеп-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыстың түрлері, көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі “Бәдік” айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақндар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және де сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір-тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді.
Б. шығармашылығының ас көрнекті аумағын симфониялар алып жатыр. Симфонияны фәлсафа мен әдебиеттің ой деңгейіне дейін алғаш көтерген Л. В. Бетх. Оның симфониялары Гайдн мен Моцарттың шығармашылығының жетістіктерін қорытындылайды. Б. симфонияларының әрқайсысы көпжылдық жемісі. Б. 30 жасқа дейін симфония жанрында жұмыс істемейді . Себебі оның бұл жанрға деген үміті зор болды. Бірінші симфонияда C-dur жаңа Б.-дік стиль қасиеттері әлі аз көрінеді.
Патетикалық соната ерте туындылар арасындағы ең бетховендік болып табылады. Осы шығарманың үш бөлімі контрастты принциппен жалғанған. Патетикалық сонатада баяу кіріспеден, оның табиғатынан аллегроның және финалдың тақырыптары бастау алады. Мотивтік туыстық пен бірге бөлімде ірі контрасттар бар: кіріспенің трагедиялығы, негізгі тақырыптың айбарлы драматизмы, қосалқы партияда жанның лирикалық қобалжуы. Дәл осы бөлімде бейнелердің қайшылығы бастапқы көрінісін табады.
Француз революциясының рухы идеялық бағыты, «Теңдік, бостандық және жақындық» ұраны өмірдің барлық қырына әсер еткені мінсіз. 18 ғасырдың екінші жартысында Германияның классикалық философиясы, әдебиеті, өнері гүлденді. Жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар: Лессинг, Кант, Гегель, Шиллер, Гете, сонымен қатар, Глюк, Гайдн, Моцарт, Бетховен. Екі дәуірдің арасында тұрған Бетховен соны, ерекше орын алады.
Ұлттық этнология саласындағы қазақтың дәстүрлі тіршілік цикліне байланысты салт-ғұрыптар ішінен ’’бесік’’ және ’’бесікке’’байланысты жосын-жоралғылар.БЕСІК сөзінің шығу төркіні туралы әр түрлі пікірлер кездеседі.бесік жас нәрестеге арналып жасалған төсек екені белгілі.
“Ел болу үшін, бесігіңді түзе” – деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден жиған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.
Қазақ күй өнерінде Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің орны ерекше. Сол Алтай-Тарбағатай мектебінің белді өкілдерінің бірі — ХІХ ғасырда өмір сүрген Бейсенбі Дөненбай ұлы. Бейсенбі Дөненбай ұлы 1803 жылы ҚХР, Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Оймақы ауылында дүниеге келген. 14 Жасынан бастап күй шығара бастайды. Ол күйшілігімен қатар әділ билігімен де елге танымал болған көрінеді. 1836 жылы Алтайда Көгедай төреге көмекші ретінде төрт би сайланады. Сол төрт бидің бірі — Бейсенбі Дөненбай ұлы екен. Бейсенбіні ел-жұрты ерекше құрметтеп Бежең деп атап кетіпті.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км, ұзындығы – 605 км, ені – 9 – 74 км аралығында. Ал ең терең жері- 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерінің Балқашқа құяды.
Бақытжан Байқадамов аға ұрпақтардың ішіндегі талантты композиторлардың бірі. Ол тамаша әндер шығарған және хор өнерін қалыптастыруға зор үлесін қосқан, сонымен қатар, өнерпаздардың музыкалық шығармашылығын дамытуға еңбегін сіңірген. Композитор, ұстаз және музыка ұжымдарын ұйымдастырушы ретінде Октябрь революциясы жеңіп алған өмірді қолдап, жаңа қоғамды құруға қатысты. Өмірге қатысты негізгі ойын Б.Байқадамов жеке әндер мен хорлар арқылы жеткізуге тырысты, өйткені бұл жанр кең қауымға түсінікті.
Сан дәуірлік тарихы бар қазақ музыка өнері осы күнгі мәдени сатыға көтерілгенге дейін ауызша таралып жеткені мәлім. Халық музыкасының етене болып кеткені сонша, біз оларды күнде тыңдап, әуеніне соншалықты қанық болсақ та, ғасырлар асып жеткен асыл қазынаның авторларына көбінесе мән бермей, баспасөз бетінде болсын, радио, көгілдір экранда болсын «халық әні», «халық күйі» дейтін үйреншікті айдар тағып айта береміз.