Француз революциясының рухы идеялық бағыты, «Теңдік, бостандық және жақындық» ұраны өмірдің барлық қырына әсер еткені мінсіз. 18 ғасырдың екінші жартысында Германияның классикалық философиясы, әдебиеті, өнері гүлденді. Жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар: Лессинг, Кант, Гегель, Шиллер, Гете, сонымен қатар, Глюк, Гайдн, Моцарт, Бетховен. Екі дәуірдің арасында тұрған Бетховен соны, ерекше орын алады. Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті.
оз қиялын бейнелеуге ғана қызмет етеді деген пайымдауды қостаушылар да аз етшінің әлемі мен ол жасаған өнер туындысы өмір шындығынан алшақтайды, тіпті іопып шығады, Алайда, суретшінің ішкі әлемі қайтіп, қалай қалыптасатынына (басқа іқты) ой жіберсек, бұл әлем оның өмірмен, адамдармен, қоғаммен нақты және і ІІ ІІ тарынан туындайтынына шұбәсіз илануға болады. Сезім, туйеік, сезімге берілу імзйды. олар емірдің жағдаятынан туындап, қандай да бір қатынастың нәтижесі ідың өзі көркем бейненің объективті негізін құрай отырып, көркем шығармаға етене
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тэрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету -оқу-тәрбие үрдісінің озекті мэселелерінің бірі. Оқушыларды онерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дэстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, үқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады.
Пейзаж - коршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейне; түрде көрсету. Суретші езінің кезқарасымен қоршаған ортаны, шыі дық өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуп суретшілер де табиғатты ғажайып әсемдігімен, шындығымен бер білген. Суретші И. Левитанның «Алма ағашы гүл жарғанда» атт: шығармаІ;ын қарап көрелік. Бұл шығармамен сендер бастауыш меі теп қабырғасынан жақсы таныс болғансыңдар. Суретші мұнда өзіні бақылауын және алған әсерін нағыз табиғилықпен бере білгеі Суретшінің шығармасына тағы да көңіл аударып, назар салып қараі даршы
Қанапия Телжанов 1953 жылы Ленинградтың Репин атынд живопись, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Ол - ком зициялық ойлау мен этюд қүрастыруға шебер суретші. 1954 жылы салынған «Жамал» атты шығарма оның ең таңда^ керкем шығармасының бірі болып табылады.
Өрбір тарауда оқытылатын оқу материалы жеке бір тапсырма-ның ғана емес, көптеген тапсырмаларды шешуге қатысады. Тақы-рыптық немесе композициялық сурет салу барысында әрбір тарауда-ғы әр түрлі тапсырмалардан алған білім, білік дағдыларды есте сақ-тау қажет. Оқулықтағы тараулар арқылы ондағы жаңа бейнелеу, безендіру, қүрастыру іс-өрекеттерімен біртіндеп таныс боласыңдар.
Батыс Европаның музыкалық мәдениетінің дамуындағы ортағасырлар маңызды да кең тарихи кезеңін хронологиялық шектеулі тұтас дәуір ретінде қарастыру қиын. 12 ғ. дейінгі музыкалық өнерде жазбаша ескерткіштер қалдырған жалғыз сала христиандық шіркеу музыкасы боп табылады. Онымен байланысты барлық сантүрлі комплекс Батыс Европадан асып, шығыстық – Палестиналық, Сириялық, Александриялық, мәдениетті қамтыған, 2 ғ. басталған ұзақ тарихи дайындыққа негізделді.
Дәулет Мықтыбаев 1905 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында ән – күйді сүйіп тыңдайтын Әупік бидің отбасында дүниеге келеді. Әупік сол өңірдің ауқатты, білімді, ел арасында беделі бар, сыйлы адамы болған
1993 жыл, қазан айы, Сарысу жерінде қазақ өнерінің жарық жұлдызы қобыз пірі – ұлы композитор Ықылас Дүкенұлының 150 жылдық тойын үкімет қаулысымен бүкіл ел болып тойлады. Сол кездегі Жамбыл облысының әкімі Өмірбек Байгелді, Сарысу ауданының әкімі Әбдіманап Көпбергенов, қазақ өнері, әдебиеті және мәдениетінің көрнекті қайраткерлері Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов, Илья Жақанов Ықылас атындағы музейдің директоры Ізбасар Балтағұлов Ықыластың тарихтағы алатын орны, өнері, қобызы, оның ұлы ұстаздары мен ізбасарлары, шығарған күйлерінің құдіреті туралы тереңнен ой қозғап, сөз сөйледі. Алматы қаласындағы аспаптар мұражайы Ықылас атымен аталатын болды. Аудан орталығындағы музыка мектебіне, “Шығанақ” кеңшарына Ықылас есімі берілді.
Бұл әуелде Тайлақ деген батырдың сыбызғыда тартқан күйі екен. Күйдің шығу тарихы былайша сыр шертеді. Тайлақ батырлығымен қатар шебер сыбызғышы болған адам екен. Батырдың қартайған шағында жау бір үйір жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты егіз ұлы малды қайтармақ болып жаудың артынан қуады. Шайқаста Барақ жау қолынан каза табады. Ал, Секер жауды жеңіп, малды қайырады. Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алыпғ қайғылы сарын тартады.
Ықылас бір күні жолаушылап келе жатып, астындағы атын шалдырып алмақшы болып, жалғыз ағаштың тұбіне келіп аялдайды. Сол кезде ол ағаштың айналасында шыдамсыздана ұшып жүрген бір құсты, бұтадағы ұяда анасына шыр қағып, тағат таппай тұрған балапандарды көреді. Сөйтсе, ұяға қарай бір жылан жылжып барады екен. Ықылас жалма – жан орнынан атып тұрып, жыланды өлтіреді де, суға ағызып жібереді. Құс ұясына келіп қонып, балапандар тынышталады.
Ықылас дарынының кемелденген шағында дүниеге келген шығармасының бірі – “Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы қобызшы көбіне “Қазан сүргісі” немесе “Қазан жорығы” деп тартқан екен. Татарлардың Қазан қаласын жау шапқыншылықпен басып алады. Сонда қазақтың Шора деген батыры қол жинап, Қазанды азат етпекші болады. Ауыл ақсақалдары, қадірменді қариялар батырға: “Батыреке, алған бетіңізден қайтыңыз, ол жақта күн райы өте қолайсыз көрінеді. Орал тауларын қар басып қалыпты, күнде үскірік боран болады екен. Босқа суыққа ұрынасыздар”, - деп тоқтау айтады.
Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі – “Жез киік”. Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған.
Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет – ғұрыпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. “Ескі жұртта қалған болар!” – деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ,
Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі - өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.
Алдыңғы бөлімде (тарауда) кезеңнің басты тақырыбы ұзындықтың тез өсуін қарастырған болатынбыз (16 тактен көп емес), әртүрлі сөздермен байланыстырып. Бұлармен қатар әртүрлі сөздермен байланысқан, бірақ ұзынырақ (созылыңқы) кезеңдер кездеседі.Мысалы, 32 тактілік, 40 тактілік және т.с. Қысқа кезеңдерде тематикалық қарама-қарсылықтар (контраст) кездеседі, бірақ ол қатты дыбыс ретінде сирек кездеседі.Үлкен кезеңде жылдам темп пайда болғанның өзінде-ақ ол жеткіліксіз болады, сондықтан кей жағдайда тематикалық білім еңгізіледі. Ол бастапқы дыбыстан анағұрлым өзгеше болып айқындалады.
«Карнавал» – бұл Шуманның идеялық эстетикалық-концепциясының жарық көрінісі. Оның мақсаты – өнер мен өмірдегі мещандық және бір қалыптылықпен күрес. «Карнавалдың» музыкалық түпкі ойы Шуманның әдеби очерктерінің біреуіне ұқсас келеді. Музыкалық «Карнавал» – мерекелік көрініс,бұнда күштерін жинаған давидсбюндлерлер бірігіп, филистерлерге қарсы шығады.
Екі кезеңнен тұратын құрылысты қарапайым екі бөлімді құрылыс деп атаймыз. Екі кезеңді біріктіру үшін келесі әдісті қолданылыды. Бірінші тақырып жағынан қайталау әдісі немесе әуен ырғақ типтік формулалар. Екінші гармония жағынан бірінші тональдікте немесе бірінші кезеңді модуляциялы, ал екінші кезеңде негізгі тональностекеоралу. Үшінші құрылым жағынан көлем теңдестікте. Кейде екінші кезең кеңейіп дамыған онда бірлестік басқа әдіспен көрсетілген.
Қазақ халқының музыкаға деген жақындығын «Әу деп ауызын ашпайтын қазақ жоқ» деген мәтелден анық көруге болады. Ән - күйлердің мәні мен мәтінін дұрыс түсініп, бағалай білетін, эстетикалық талғамы жоғары адамдар халық арасында құрметпен қаралатын. «Көшпенділер арсында домбырада ойнайтын, қызықты әңгімелер айтатын, өлең оқып-ән салатын, қажет болғанда суырыпсалма айтыстарға қатыса алатын, шешен сөйлейтін, сөйлегенді тыңдап өзін тыңдата алатын адамдарды айырықша құрмет тұтқан. Халық ауыз әдебиеті ең жоғарғы орында бағаланған, оның көпшілік үшін тәрбиелік мән болған. Егер кімде-кім жоғарыда аталған өнердің бір түрін меңгермеген болса, ол мәдени тұрғыдан артта қалған, көргенсіз болып саналған».
Халықтың музыкалық шығармашылығы әр халықтың рухани мәдениетінің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Сол сияқты, қазақ халқының да ауызша музыкалық поэтикалық мәдениеті адамзаттың кейінгі ұрпаққа қалдырған мәдени мұрасының жарқын белгілері болып отыр. Көшпелі өмірдің қатал заңдылықтарын қарамай халықтың мәдени өмірі көптеген жылдар бойы бірқалыпты дамып отырып, өмірге көптеген өнерпаздарды, өлмейтін кесек туындыларды келтірді. Әндерінде, аспаптық шығармаларында, ұлттық ауыз әдебиеті мен музыкалық шығармашылығында қиял-ғажайып ертегілері мен тарихи оқиғаларға байланысты жырлары, туған еліне, өскен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ұлттық дәстүрлі өнердің эстетикасын паш ететін музыкалық туындылары, қоғамдық өмірі мен тұрмыс-салттың философиясымен таныстыратын ойлы толғаулары кеңінен дамып отырды.
Жоғарыдағы бес кезеңнен өткен күйшілік өнер күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілі тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар
Төртіншіден – домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да «қолқанаты». Әрине, домбыра бәрінен бұрын күйдін аспабы. Қазақ күйлерінің көпшілігі домбыраға арналып шығарылған.
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Наср әл-Фараби (870-950жж.), Махмұд Қашқари (1029-1101жж.),Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), сияқты ұлы ғалымдар, А.Левшин (1799-1879), Ш. Уалиханов (1835-1865), Н.Стремоухов,А.Эихгорн(1844-1909), А.Затаевич(1869-1936) және басқа көптеген ғалым-зерттеушілер мен этнографтар
Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады. Беташар мазмұны бойынша жаңа түскен келінге бұрыннын қалыптасқан әдет – ғұрыпқа бай өз заманына лайықты, жаңа өмірге аяқ басып отырған жас әйелге тәлім – тәрбие беру тілегімен байланысты.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Қазақ фольклортану ғылымында әлі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселенің бірі – жанр табиғаты, оның дамуы және қызметі. Аса көрнекті совет фольклорисі В.Я.Пропп 1946 жылдың өзінде фольклорлық жанрларды жеке алып зерттеудің қажеттігін атап көрсеткен еді. «Фольклортанудың алдындағы міндеттердің бірі, - деп жазды ол, - жанр категориясын бөліп алып, жеке зерттеу...». Бұл біздің алдымызда келелі міндет блп әлі тұр.
Л.В.Щербаның* айтылу стильдерінің жіктелімі («толық», «сөйлеу») бойынша вокалды тілді айтылудың толық стиліне жатқызамыз. Залда отырған тыңдармандардың айтып жатқан әннің мазмұнын түсіну үшін, ән айтушының таза, мінсіз сөз айтылымы болу керек. Сонымен қатар ән айтушы сезімнің әр-түрлі реңктерін жеткізе білу керек, ол үшін ән айтушы жай сөйлеу тілдегіден гөрі ән айтарда көбіректеу ынталанып тырысу керек.
Біздің тәуелсіз еліміздің музыкалық мәдениеті сан қырлы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар мәдениет. XX ғасырдың басында, халықтық-әншілік дәстүр негізінде қалыптасып, бір дауысты қазақ халық әндері мен күйлерден бастап a’cappella және кең көлемді кантата-ораториалдық жанрлардың кеңейтілген шығармаларына дейін үлкен шығармашылық жолын өткен көп дауысты хормен ән айту өнері Қазақстан мәдениетінде маңызды орын алады. Хор өнерінің даму жолындағы болған қиындықтарға қарамастан, республикада көптеген хор ұжымдары, музыкалық оқу орындары ашылды, осылай біртіндеп келе-келе хормен ән айту, кәсіби музыкалық өнерінің жетекші жанрлардың біріне айналды.
Қзақстанның ұлттық опера өнері - халықтың рухиани қазынасын байытқан жаңа дәуірдің ерекше құбылысы. Бұл жанрдың мазмұны орыс жэне еуропа мәдениеті үрдісі негізінде ұлттық фольклорымызды кең колдана отырып, халықтық мұраны жаңғырту болып табылады. Қазақстанда операның бірден қаз тұрып кетуі қиынға соқты, оның жолын көптеген киындықтар тосып тұр еді. Жарты ғасырда жазылған 32 қазақ операсының бәpі бірдей табысты болған жоқ, кейбірінің сахналануы сәтсіздікке ұшырады, кейбірі репертуарға орныға алмады, ал баска бірі қойылысымен ұмытылып кетті.