Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………....……………………....…44
Қосымшалар………………………………………………………………...…....45
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің
ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін
қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай
лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай
ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы
бар музыкалық қазынасының терең бір арнасы – ән өнері. Бұл өнер заманалардың
қатал сын-дауылдарынан мүдірместен өтіп, өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен
сақталынып, көшпелілердің биік руханияты мен мәдениетінің сарқылмас бұлағына
айналды. Қазақ әндері о баста ауызекі түрде шығып, тарап, өз тыңдаушыларының
жүрегіне биік орнығып, әр заманда сұрыпталып, сан түрлі реңі-бояуларымен, міне XXI ғасырға да жетіп отыр.
Халқымыздың рухани тынысының
кеңеюі мен эстетикалық сана-түсінігінің терең қалыптасуына бұл әндердің
әсер-ықпалы орасан зор болды. Ән өнері халықтық тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрыпқа
деген талғамын ғана өсіріп қойған жоқ, сонымен бірге біздің жан-дүниемізді
сұлулық пен мейірімге, ізденіс пен махаббатқа түбегейлі іңкәр етті.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән
берген қазақ халқынебір әдемі әуенге
өрілген, асыл сөздің мөлдіреген моншақ-кестесімен сәби жүрегін тербеп,
ой-санасын ізгілік пен адамгершілікке жетеледі. Осылайша буыннан-буынға
жалғасып келеді.
Кейбір кер заманда қоғамда болып
жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар халық әндерінің тағдырына да кері әсер еткені
анық. Мәселен, кешегі қызыл империяның ызғары қазақтың ән өнеріне өзінің сұсты
көлеңкесін түсіріп кетті. Өйткені, қаншама әндеравторларының аты-жөнін ашық айтуға
болмағандықтан, олардың көшпелі халық әндері қатарына барып қосылған болса,
енді біразы әлі де иесін таппай жүр. Сондай-ақ, кейбір әндердің әуендері ұқсас
болып келгенімен, ән мәтінінде алшақтық байқалады. Енді бірсыпыра әндер
қоғамдық-әлеуметтік игіөзгерістердің
әсерінен заңды иелерін тауып та жатыр.
Өз
заманыңда өлең жырлары, жыр шумақтары қағаз бетіне түспеседе ел аузында аңыз
боп сақталған дархан даланың дүлдүлі – МәдиБәпиұлы.Мәди сегіз қырлы, бір сырлы сом алтындай саф таза талант. Ол -ақын. Ол -
сазгер. Ол - әнші. Ол - қазақ өнерінің асқан шебері. Оның таланты ерте танылып,
елге етене мәшһүр болды. Он төрт жасында Қызылжар қаласының іргесіндегі Тайынша
жәрмеңкесінде Біржан сал мен Ақан серіге кездесіп, солардың алдында әуелетіп ән
салған. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесінде талай онер саңлақтарымен жүздескен. Жаяу
Мұса, Балуан Шолақ, Иман - Жүсіп, үкілі Ыбырай сынды сүлейлер меп дүлдүлдердің
ақ батасын алған.
Біздің ұрпаққа Мәдидің бейнесі оның әндерінен
жетті. Мәдидің бейнесі бізге көзін көрген қариялардың
әңгіме-естеліктерінен жетті.Мәди біздің
санамызда "Сұрасаң руымды Қаракесек" деп бүкіл әлемге әйгілі
классикалық туынды болған асқақ әнімен белгілі.
Біздің қолымызғатигенМәдиақынныңбірнешеәндерімен, бірғанаөлеңіжәне ақындарменайтысқатүскендігі әншініңсоңында қалған шалқар дүниенің сарқыты
ғана.Мәдиақынның өлеңдеріменайтыс саласындағымұрасыжайынбіріктіреқарағанеңбекжоқтыңқасы. Аталған
жайттар диплом жұмысы тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.