Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет скачать
30.03.2010, 11:10
Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнеріменде ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреуін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады. Қалыңдыққа сәукеле кигізу сондай-ақ, көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жатыр. Қазақта еркектердің киімі әйелдердікіне қарағанда біркелкілеу. Тіптен жейдені (көйлек-дамбал), қаптал шапанды, түйе жүн шекпенді, сеңсен тонды барлық жерде бірдей киген. Ал жалпыға тән еркек киімінің кешенінде көйлек-дамбалдан басқа бешпет, көкірекше, шапан, шалбар, бөрік, қалпақ, тақия секілді бас киімдер, көксауы саптама етік болған. Осындай еркек киімі ғасырларды артына салып бізге жеткенімен оның құрамында, киімінде, тігісінде уақыт талабына сай әр түрлі ұрпақ еңгізген сапалы өзгерістер болып келгендігі даусыз. Әсіресе жігіттің киімі сымбатымен көз тартатын болған. Олар ойық немесе тік бұрышты координаталар жүйесі жағалы болып келетін ақ жібектен, шыттан тігілген көйлек пен дамбалдың үстіне белі қымталған денеге мығым қонатын бешпет, кеудеше, жүріп-тұруға ыңғайлы болу үшін ауына үшкіл салған. Шалбар киетін де балағын етіктің қонышына салатын. Бешпет пен шапанды белдікпен, кездеме белбеумен буынатын болған. Үйлену салтанатына киілетін қалыңдықтың да, күйеудің де киімдері аса сәнділігімен, әшекейлерінің үйлесімділігімен, кәдеге асқанның құндылығымен ұқсатылуымен көз тартатын. Оқамен көмкерілген, бірінің үстіне бірі киілетін камзол, бешпет, шапан болған. Күнделікті тұрмысқа ыңғайсыз болғанымен өте сәнді сәукеле, айырқалпақ сияқты бас киімдер, алтын-күміспен апталған әткеншектермен, ширатпалармен безендірілген шолпы, алқа, тамақша, нәзік, белдік, кемер белбеу, асыл тастар қондырылған сақина білезіктер, мәнерлі кебіс, зерлі кебіс, көксауыр сияқты аяқ киімдер үлкен талғамды қажет еткен. Сондықтан да олар әдетте қалыңдықтың жасауына, күйеудің салтанаттық киіміне кіретіндіктен алдын-ала дайындалатын болған. Қазақтағы жауынгерлік киім жалпыға мәлім, әскердің, аңшының киім кешегі іспетті болған. Қазақ қан майданда жауынан оқжалаған сауытты, қалқанды, сүңгі найзаны, қылыш-қанжарды да кәдесіне жаратқан. Металдан кіреуке тоқытуға мүмкіндігі бола бермейтіндер сыртқы киімнің астына көнмен қаптатып, арасына жүн, қыл салып сырылатын көкірекше киген.