Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 04:49

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Химия

Шал Мырза

Шал Мырза скачать

18.03.2010, 17:55

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім. 

«Сыр өңірінің теңдессіз, ақиық, дәулескер күйшісі –

                                                      Мырза Тоқтаболатұлы»

а)Күйшінің өмірі мен шығармашылығы;

ә)Мырза күйлерінің орындалу ерекшеліктері;

б) «Бұғының күйі» және «Ташауыз» күйлерінің шығу тарихы

ІІІ. Қорытынды.

 

 

Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында, ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты. Ән – күй, жыр – дастандар сияқты көне күндерден жеткен қасиетті жәдігерлер бізге осыны паш етеді.

Міне, осы мыңдаған жылдар бойы сайын сахара төсінде дүбірлі дәурен сүрген бабаларымыздан қалған қисапсыз рухани мұраның үлкен бір саласы – Сыр бойының күйшілік дәстүрі.

 Аралдың Қарақұм аймағында Жыланды деген жер бар. Бұйырғын мен жусаны жайқалған боз дала... Мырза күйші осы жерде дүниеге келіпті. Жыландыда алғаш қолына домбыра ұстап, тырнақалды туындыларын қасиетті аралдың жағасында толғапты.                                                                             Күйші домбырасының қос ішегі өр мінезді тәкаппар теңіздің көк бұйра толқындарының сылдыры мен Сырдың сары қамысының сыбызғы сазын күй тілімен тербеді. Ол, Арал теңізінің бағы таймаған, айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған көрікті кезінде дүниеге келген. Бұл 1850 (кейбір деректерде 1844) болса керек. Көнекөздердің куәләндіруі осылай.  

Көбік атқан асау толқыны екі жағасына кезек ұрып, жорғадай тайпала ағып жататын килі көк теңіз... Ертеден кешке дейін теңіз жағалап, қамыс ат мініп ойнаудан жалықпайтын кәдуілгі ойын баласының тірлігін Мырза да басынан кешірді. Күйшінің жастық шағы баба – теңіздің қиыршық құмды жағалауында өтті.

Мырза - күй өлкесіндегі ескерусіз келген есім. Ол жөнінде жазылған деректер де таласты пікірлерге толы. «Ленин туы»  газетінің» 1978 жылғы басылымында жарық көрген                              Ж. Жақыповтың «Күйшіден күйші жайлы сыр төгілген» атты және     Қ. Сайжановтың «Күйші Мырза Тоқтаболатов» жарық көрген еңбектерінде күйшіні Қазалы ауданының Басығара, Аралдың Шижаға деген жерінде дүниеге келген деп куәлендіреді. Екі еңбекте де Мырзаның туған жері жаңсақ көрсетілген. Біз аталмыш еңбек авторларының мырзатанудың алғашқы қарлығаштары екенін ескерсек, бастамалы еңбектің балаң болуы, жаңсақтық кетуі заңды.        Кіші жүз Төртқара руының Шал аталығынан өрбігендерінің қазіргі қонысы – Қазалының Басығара, Құмжиек, Қарақойсойған, Сарытоғай деген жерлер. Әйткенмен, өткенге көз жіберіп, ой аралаталық. Үстіміздегі ғасырдың басына дейін Әлім елінің Ақтөбе мен Ор бойын, Жайықтың жағалауын жайлап жүргендігін көреміз.

Шежіреге сүйеніп сөйлесек, Қарамашақ ағайындардың ата қонысы – Ырғыз бойы, Жем мен Қарабұтақ. Ол заманда Төртқараның Шал аталығы Қарақұмды жайлап, Тоқтаболат бидің ықпалында болған. 1860 жылдардың шамасында  Тоқтаболат би өзіне қарасты Шал руының көптеген шаңырағын Қарақұмнан көшіріп, Қазалының Басығара, Құмжиек деген жеріне қоныстандырған. Бұл көші – қоннан қалып қойғандары сол  Қарақұм аймағында, оларды Қырдың Шалы деп атайды. Шежіренің берген куәлігі осылай сыр шертеді. Ел ішінде бүл аталықты ерекше құрмет тұтқан.

 

...Мен өзім араладым Жалаң ішін,

Жалаңның көріп келем жарамдысын.

Қаратай, Әбдірахман, Молда Жәдік,

Олар да көрсетіп ет адам ісін.

«Бар ел бар мына жақта Шал, - деп айтты, -

Егер де жолың түссе бар, - деп айтты, -                             Қашаннан бақыт құсы ұя салған,                                                Біз төбе, олар асқар жал», - деп айтты, -

 

деп, Базар жырау жырына қосқандай, Шал руынан қашан да бақыт құсы ұясын алшақ салған емес.

         Мырза күйшінің аты – жөнінде де жаңсақ мәліметтер бар. Кейбіреулер Шал Мырза мен Мырза екі басқа адам деп те түсінеді. Біреулер халықтың еркелеткенінен  «Шал Мырза атанған екен дейді. Негізі күйші «Шал» руынан шыққаннан кейін Шал Мырза атанған. Сыр бойынан өткен Мырза есімді күйші біреу ғана. Бұл – басы ашық әңгіме.

         Адам атына туған жерін, шыққан руын қосып айту – шығыста қалып қалған дәстүр. Әл – Фараби, Әл – Тарази, Әл – Тарази, Әл – Қашқари, Әл – Дулати болып келетін есімдер – сөзіміздің айғағы.  Бұл Шығыс салты болғанымен, қазақ топырағында байыздап, тұрақты өмір салтына айналған. Тегінде сахараның өнер өкілдерін Тек қана руы мен жер аттары ғана емес, кісінің түрлі нышандары да атына қоса айтылатын болған. Рәсім көбіне көне ұғым – түсініктермен тығыз байланысты, мифологиялық астарлы. Мысалы: Қарасақал Ерімбет, Жалды Құрманғазы, Сары Жырау (Жансүгір), Соқыр Есжан, Нышан – Әз, Таз бала (Есбай), Нақып қожа, т.с.с. Шал Мырза да – осындай дәстүрлі атау.

Категория: Химия | Добавил: AgesSa
Просмотров: 8119 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 3.5/2
Тут вы можете

скачать Шал Мырза

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно