Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 04:37

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Информатика

Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестріне келуі

Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестріне келуі скачать

18.03.2010, 18:00

Дирижер, композитор

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестріне келуі.

        

1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады. Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып бара жатыр екен. Біз жамырай амандастық, ол кісі салқын амандасты да, жүріп кетті. Ұзын бойлы, қара ұзын тері плащ киген, басында тері кепка, денесі тік. Көзіміз бақырайып, бұрын естімесек, көрмегенбіз, бір – бірімізге қарадық та қалдық. Енді тосып жүрміз, қашан келер екен, деп. Қыркүйектің ортасына таман келді де бәрімізбен жеке – жеке танысып, әр аспаптың дыбысын тыңдады. Келесі жолы өзінің бірнеше шығармаларын алып келді. Осылай қызу жұмыс басталып кетті. Ансамбльдің құрамын үлкейтіп, тағы да музыканттар шақырып 30 – дан асыра, оркестр көлеміне жеткізіп, 1982 жылы қазан айының 15 жұлдызында, Қазақтың Жамбыл атындағы филармонияның концерттік залында тұңғыш концертімізді өткіздік. Содан бері 15 қазан оркестрдің туған күні болып есептелінеді.

1982 жыл 19.04 СССР – дің 60 жылдығына байланысты РСФСР – дің Орск қаласында өткен «Қазақстанның әдебиеті мен өнері» декадасына қатыстық.

1983 жылы 35 адамнан құрылған ансамбль, Медеу мұзайдынына бара жатқан жолдағы «Самал» демалыс орнында телефильмге түсірді. Онда көбінесе Н.А.Тілендиевтің жетекшілігімен өз туындылары орындалды. Төлеген Момбековтың «Бозінген» шығармасына әнші М.Қазтұрғанова мен бас домбырашы Н.Абдрахманов екеуінің түйеде отырып, қыз бен жігіттің арасындағы әдемі бір сүйіспеншілік образы бейнеленді.

1983 жылы Мәскеу. Отырар сазы оркестрінің П.И.Чайковский атындағы концерттік залында есеп беру концерті жоғары дәрежеде өтті. Оркестр құрамындағы қазақтың көне ұлт аспаптарының  сиқырлы әуені, аспаптардың әртүрлілігі мәскеуліктерді таң қалдыртты.

Ресей композиторы, Тихон Николаевич Хренников: «Отырар сазы әлемдік музыка өнеріндегі құбылыс, ол өнер мен халықты жалғастырып жатқан алтын көпір», - деп өз пікірін білдірді.

1985 ж. Бішкек қаласы. «Ала ТОО» фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болдық. 1984 ж. Түркістан. Нұр аға оркестрді ежелгі Отырар қаласымен таныстыру үшін, Түркістан қаласына концерттік гастрольмен алып барды. Ондағы мақсаты – жермен дексен болып қираған қаланың қалған көрінісін музыканттарға көрсету.

1985 ж. Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің ХІІ Бүкілдүниежүзілік фестиваліне қатысып, оркестр Алтын жүлдеге ие болып, Жастар сыйлығының иесі атанды.

Категория: Информатика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 12340 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 4.3/6
Тут вы можете

скачать Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестріне келуі

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно