Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі
Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі скачать
23.03.2010, 13:52
Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары: а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін өндіріс қүралдарын шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін (агроөнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы мөлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді. Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бүл жағдайда шикізатты өңдеп, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдіктік-сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің алатын пайдасын реттеуге жағдай жасалынады. Бүл операциялар, біріншіден, нарықтағы ұсынысты азайтады, екіншіден - фермерлерге несие беруге мумкіндік жасайды. Өйткені оның көлемі кепілдікке өткізілген ауылшаруашылық өнімінің мөлшерімен анықталады. Кепілдікті баға өндіруші қолданып отырған бағаның төменгі мөлшерін білдіреді.Пайда табудың ең төменгі қажетті мөлшерін қолдау үшін жәрдемақы деңгейін анықтау мақсатында мемлекет мақсатты бағаны белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері табысының құралу көздерін де реттейді. Осылайша бағаның құрылу процесін мем-лекеттіқ реттеу механизмі қалыптасар еді. Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі -бүл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы. Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатуіпы үйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілерімен форвардты, фьючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілер алдын-ала процентсіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар - бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фьючерстік оперциялар - белгілі бір көлемдегі, саладағы бола-шақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату - бұл процентсіз несие алумен қатар ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарқын құруға, түрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфляциялық процесстердің төмендеуіне мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіп кешенінің шаруашылык, жүргізуші субъектілеріне мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мөлшерге дейін узақ мерзімдік несие беру тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында мынадай талаптарды орындау қажет: - мемлекеттік деңгейде бекітілген бағдарламаларға сай қаржы босату; - республикалық және жергілікті бюджеттердің, меншік түріне байланыссыз кәсіп орындар қорларының, банктердің, дайындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың ауылшаруашылығына жұмсалатын қаржыға үлестік қатысуы; - жеңілдікті салық салу. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп 'айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек. Мемлекеттік салық саясатында ауыл шаруашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталанды-рухы функциясын күшейту керек, Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді. Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі аса төмен болғандықтан, жердің сапасы мен өнім бағасының өзгеруін тұрақты анықтап тұру қажеттігінен негізгі салыққа жанама толықтырушы ретінде қолданылуы мүмкін,