Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 04:26

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » География

Жалпы аграрлық қатынастарды басқару

Жалпы аграрлық қатынастарды басқару скачать

23.03.2010, 13:53
Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша салықтар мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр. Әртурлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткеніндей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық. мөлшері тек жай ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді.
Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:
- мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен
мелиоративтік жұмыстар;
- жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды
газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, ка-
нализация жүйелерінің құрылысы;
- ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-
бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы мен оларды
қамтамасыз ету;
- жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зертте-
улер жүргізу және т.б.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт – импорт операцияларын реттеуінде негізгі мақсат тұтыну нарығын то-лықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланы-старын қалпына келтіру тиімді. Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні зор. Оның негізін сыртқа шығаратын внімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша – жөн, қай түрілері; егін шаруашылғында - астық, мақта, кейбір көкөніс түрлері. АЛ сырттан алынатындарына, бірінші кезекте, ауылшаруашылық кішігірім техникасы мен технологиялар жата-ды. Мүндай сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру-да мемлекеттің белсенді рөлі сөзсіз қажет. Өйткені мемлекеттік реггеусіз еліміздің зор табиғат байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан әкелінетін өнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар өндірушілердің мүддесіне зиян келтіріледі. Бүл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.
Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні зор Мемлекеттік басқару органдарының функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:
- агроөнеркәсіп кешенінің, дамуын бюджеттік қаржыландыру, баға, несие, салық, инвестицидлық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу;
- мемлекеттік саясат бағдарламалары мен ауылшаруашылығының өркендеу жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап дайындау;
- мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;
- түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу;
- халықаралык, экономикалық байланыстарды" реттеу;
- инсиекциялық бақылау;
- жер қорын, өнімді стандарттау жүйесін басқару;
- ветеринарлық бақылау.
Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жуйесіндегі міндет - олардың стихиялы түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне жол бермеу болып табылады.
Категория: География | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1006 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Жалпы аграрлық қатынастарды басқару

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно