Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі. Байжігіт скачать
18.03.2010, 17:52
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК
МЕКТЕБІ
Қазақ күйлерінің архаикалық түрлері Алтай-Тарбағатай жерінде мейілінше мол
сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе жатқан дәстүр екендігін
айғақтайды, шығыс сарындарынстыңдаған жан оның барша түркі-мұңұл нәсіліне ортақ
әуен екендігін бағамдай алады.Күйлердің аттары төтемдік наным сенімдерге
құрылған, мысалы,«Самұрық»,«Ақсақ марал»,«Боз інген»,«Бұлғын мен Сусан»,«Аұаш
ат»,«Жорұа аю», тағы басқалар. Алтай
күйлерінің өзге мектептерден ерекшелігінің бірден-бір белгісі-олардың
әуелден домбыра, шертер, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз аспаптарына ортақ саз
ретінде туғандығы. Сондықтан, домбыра күйлері осы аспаптардағы бояулар арқылы
аса байытылғаны айдан анық көрініп тұрады.Қыпшақ - Оғыз заманынан қалған
көмекей ғырыл дыбысты аспапта сақтай отырыпкүй толғау қазақ жерінде тек шығыста ғана сақталған,ол тек сыбызғыда
ғана емес, домбыра күйлерінде де кең қолданылады, әсіресе теріс бұраудағы
шертісте көп.
Күйлердің құрылысы қайырмалы ән формасымен өрілген, сағаны қуып дамыту, тондық
тұғырды ауыстырту, шығарма тұтастай екі немесе үш рет қайталанып орындалады,
финалында бастапқы тақырып еміс еске түсіріле шолақ қайырылып аяқталады.
Күй мінезі асқақ,соған сәйкес ырғақтары да бір келкі – жүрдек, қайғылы
күйлердің өзінде мажордағы салтанат тәкәппәрланып тұратыны бізден басқа ұлттың
ұғымына түсініксіз де шығар. Шығысқазақстандық күйшілік мектептің тағы бір қыры
– жоғарыда айтылған төтемдік нанымнан туған күйлер орындалғанда домбырашы бір
аңның немесе жануардың мінез – құлығын аспапта суреттеуге ұмтыла қоймайтыны,
Керісінше, тақырыптағы мақұлық пен күйшінің ортасында құпия тілдесу үрдісі
пайда болады, нәтижесінде – біз бейнелеуден бөтен, тұтас екеуара сұқпатқа
құрылған жараның куәсі боламыз.
Шертпе күйлердің ішінде орындалуы, техникалық жағынан меңгерілуі ауыры осы
мектеп, себебі, мұнда ілме қағыс, терме қағыс, сол қолда кездесетін тайғанақ
әдіс, сырма әдістерді айтпағанның өзінде күйдің аңыздық, программалық ізі
дәстүрлі методиканы керек етеді. Шығысқазақстаннан шыққан дәстүрлі күйшілер –
Байжігіт, Бейсенбі, Жүнісбай Стамбайұлы, Шахабай Шалапбатыр, Сақбике,
Терістаңбалы Мүкей, Раздық, Шотайбай, Масығұт, Бейісбай, Әшім, Бағаналы Саят
Өлкеұлы, Ғабдылхақ Барлықов, Таласбек Әсемқұлов, Жарқын Шәкәрімов, Біләл
Ысқаков, Тұрсынғазы Баяқов, Қазен Әбуғазин, Қабікей Ақмерұлы.
Қазіргі кезде бұл мектептің ізін жалғастырып азаматтар ретінде – Секен
Тұрысбеков, Мұрат Әбуғазин, Мұқаш Таңғыт, Еркін Ерген, Ертай Барлықов, сияқты
дарынды күйшілерді атай аламыз.Шығыс
күйшілік мектебін алғаш зерттегін – Уәли Бекенов. Ол«Күй табиғаты»,«Шертпе күй
шеберлері» атты кітаптар жазып шығыстық күй мектебінің ерекшеліктерін ашып
көрсетті. Осындай абыройлы еңбек-
жазушы Мұхтар Мағауинге де тиесілі.Ол Байжігіт мұрасынұлттық қазынамыз ретінде алғаш таныған,
күйлерінің жарық көруіне көп септігі тиген адам. Шығыс күйшілігіне арнайы
ғылыми талдау жасаған – музыкатанушы Пернебек Шегебаев. Оның мақалаларында
домбыра күйлерімен қатар сыбызғы күйлері де тарихи дамуы мен құрылымы жағынан
жан - жақты зерттген. Шығыс Қазақстандық күй мектебі этнограф ғалым - Ақселеу
Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» монографиясында қазіргі кәсәби күйшілікке
әдістемелік бағдар бере алатын терең талдаулар жазды.
Қазіргі кәсіби оқыту тәжірибесінде шығыс күйлері сирек орындалады, бұл оның
әлі тыңғылықты зерттеуді керек ететінін көрсетеді, күйлер ішінара нотаға
түсірілгенмен орындаушылық мәдениетінің ашылуы толық тізгін бере қойған жоқ.
Нағыз орындаушылар өз дәуірінде өнерлерін елге ұсынып, тұзы таусылған соң
бірінің арты бірі кетіп жатыр. Олардың көнеден қалған шертпелік мектебі кейінгі
ұрпаққа толық жалғасып отвр деп айту қиын.
Алтай күйлерінің өзге мектептерден бөлектігі күйдің сыбызғы мен
домбырада қатар орындалатыны. Домбырадағы күйлердің бәрі дерлік сыбызғыда
тартылы береді, және ол тақырыбы жағынан да бұзыла қоймайды. Осы дәстүрдің
жалғасуын бүгінде шерпе күйдің шебері – С.Тұрысбековтың «Балауса» күйінен көре
аламыз.Сазгер бұл шығармасын домбыра мен сыбызғыға тел шығарған. Сыбызғы
күйлерін жинақтаушы, кәсіби сыбызғы мектебінің тұңғыш ұстазы – Т.Мұқышев
Байөлке күйлерінің ноталық жазбаларын кітапқа кіргізді, онда атақты Кәлек
сыбызғышының күйді екі аспапта қатар тартатын шеберлігі айтылады. Бұл Алтай күй
мектебінің байырғы мәдениетке жататынын көрсетеді, жалпықазақтық күйшіліктің
жерұйығы – Алтай екендігінің бұлтартпас айғағы.