Все рефераты Казахстана Среда, 23.05.2012, 04:12

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » География

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу скачать

23.03.2010, 13:55
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу, облыстың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру тек өндіріске ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (инновоцияларды) енгізу негізінде ғана мүмкін.
АӨК-дегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуларды мақсатты қолдау, сондай-ақ, облыстың ғылыми мекемелерін Бағдарламаны жүзеге асырушы белсенді қатысушыларға және АӨК ұйымдарымен тең құқылы қарым-қатынас субъектілеріне айналдыру жағдайында ғылыми техникалық ілгерілеу (ҒТІ) жетістіктерін үзіліссіз үдерісте енгізуге қол жеткізу мүмкін.
Облыстың аграрлық ғылымы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетімен және өндіріске енгізген жағдайда облыстың аграрлық сектор экономикасын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, перспективалы зеттеулері бар Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен ұсынылды.
Осылай, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы Н.М.Тулайков атындағы Самара АШҒЗИ-мен бірігіп, Альбидум – 653 және Лютесценс -29 жұмсақ бидайларын будандастырудан дара таңдау әдісімен алынған Волгоуральская жаздық бидайының жаңа перспективалы сорты шығарды. Өнімділігі жағынан сорт Саратовская-42 стандартынан асады, онымен салыстырғанда тозаңды қаракүйе мен бидайдың қоңыр татына, құрғақшылыққа төзімді, жалпы нан пісіру бағасы - 4,8 балл. Сорт 2004 жылдан бастап аудандастырылған және ағымдағы жылы олар 10 мың га алқапқа егілді. Келесі аудандастырулар үшін Жайық – 1 арпасы, Тұран 150 СВ және Тұран 170 СВ жүгерісі, Мерей еркекшөбі мемлекеттік сорт сынауынан өтеді. Станцияларда еркекшөптің жергілікті селекциясының сорттарын шығару жөніндегі жұмыстар жалғасуда, дәнді дақылдар сорттарын сынау жүргізіледі, дәнді дақылдарды (сафлор, рапс) және көп жылдық шөптерді өсіру технологиялары жасалынды.
Өндіріске енгізу мақсатында: дәнді дақылдарды өсірудің ылғал қор сақтау технологияларын қолдану, құрғақ дала аймағы жағдайында тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ететін далалық ауыспалы егістердің түрлі схемаларының тиімділігі, картоптың жеке түрінің тұқым шаруашылығы, көшетсіз дақылдар негізінде интеркалярлы қоспалармен алма көшеттерін өсіру мүмкіндігі, көшім жылқысы тұқымын сақтау және жетілдіру, қала шетіндегі аймақтарда сүт өндірісі технологиясын жасау және жетілдіру, герефорд тұқымдарының асыл тұқымды және тауарлы өнімі үйретілуде.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің инновациялық-консалтингілік орталығы емдеу-сауықтыру шараларының диагностикасына, ұйымдастыруға және өткізуге, ауыл шаруашылығы малдарының селекциялық-асыл тұқымды жоспарын құрастыруға ғылыми-практикалық көмек көрсетеді, орталықта селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантині, ветеринарлар дайындау және қайта дайындау бойынша біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі.
Проблемалар:
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етуде проблемалар бар, оларға жататындар: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми зерттеу тәжірибелік құрастыру жұмыстарын қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіз болуы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы, ғылыми мекемелердің төмен инновациялық қызметі.
Бұндай өзара әрекетті ұйымдастыру және қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қажетті көмек жоқ.
Шаралар:
Бағдарлама 2006-2010 жылдар аралығындағы кезеңде төмендегідей негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары жүзеге асырылатындығынан шығып отыр:
дамыған елдер деңгейіне жетуге аграрлық ғылымды қаржыландыруды кезеңмен арттыру;
бастапқы зеттеулерден бастап және ғылыми-технологиялық зерттеулерді өнеркәсіптік жүзеге асырумен, соның ішінде, өндіріске ғылыми зерттеулерді енгізу механизмін жасаумен аяқталатын ғылыми-инновациялық үдерістің барлық тізбегін нақты институциональды қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік өндірістің шешуші бағыттарына зерттеулерді шоғырландыру, еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуына және әлемдік ғылым дамуының тенденцияларына сәйкес,
АӨК-нің басым бағыттары бойынша берік және қолданбалы зерттеу бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асыру;

3.2 АӨК-ін кадрлық қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта АӨК-нің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын барлық деңгейдегі білікті мамандармен қамтамасыз ету жағдайы өте қиын болып отыр, бұл өндіріске қойылып отырған, дайындау деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, АӨК-ді басқару кадрларымен және
Облыстың 4046 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішінде тек 440-ы ғана білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, оларда 1006 маман жұмыс жасайды, соның ішінде 342 агроном, 328 мал дәрігері, 36 инженер-механиктер бар.
Облыстың АӨК үшін кадрлар мен мамандарды дайындаумен 12 кәсіптік мектеп, 2 колледж және 1 жоғары оқу орны (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) айналысады. Оларда 3210, оның ішінде кәсіптік мектептерде – 2479, колледждерде - 731 адам оқытылады. Оқыту ауыл шаруашылығы профилінің 30 мамандығы мен 21 кәсібі бойынша жүргізіледі.
Проблемалар:
Ауылдық кәсіптік мектептердің оқыту-материалдық базасы нашар, оқыту мектептерінде оқулықтар (оқулықтар мен методикалық құралдар), жаңа технологияларды пайдалану және практикалық дайындықтан өту үшін базалық кәсіпорындар жоқ деп айтуға болады.
Оқу орындарына 12700 га ауыл шаруашылығы жерлері бекітілген, оның 4900 га егістік және 7800 га пішендіктер мен жайылымдар, әр түрлі үлгідегі 59 тракторлар, 36 автокөліктер мен 12 комбайндар бар.
Қазіргі ауыл шаруашылығы машиналары мен техникаларының паркі ескірген, кәсіптік мектептердің (лицейлер) қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларымен нашар жабдықталуы жастарды аграрлық профилдің мамандықтары мен жұмысшы кәсіптерін игеруге тартудың тежеуші факторы болып табылады.
Шаралар:
Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың Тұжырымдамасына сәйкес АӨК қажеттілігін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, төмендегідей мамандықтар бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ету жоспарлануда:
жоғары білімді: ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механигі, агротехникалық сервис инженер-механигі, инженер-гидротехник, инженер-технолог (ет, сүт, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын өңдеу бойынша), азық-түлік өнімдерінің инженер-механигі, агроном-тұқымшы және т.б.
орта кәсіптік білімді: ауыл шаруашылығы техникасының қызмет көрсету және жөндеу бойынша техник-механигі, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау бойынша техник-механигі, техник-электрик, техник-гидромелиоратор, азық-түлік өнімдерінің технологы (ет, сүт өнімдерінің, көкөніс консервілерінің, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын өңдеу бойынша, өсімдік майы өндірісі бойынша) және т.б. Барлығы 232 арнайы орта білімді мамандарды дайындау жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында өнімді стандарттау және сертификациялау бойынша мамандарды дайындау жоспарлануда. Барлығы 803, оның ішінде 2006 жылы – 214, 2007 жылы – 151, 2008-2010 жылдары - 146 мамандарды дайындау жоспарлануда.

Категория: География | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1823 | Загрузок: 11 | Рейтинг: 4.1/8
Тут вы можете

скачать Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4660

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно