| Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. « ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді. 1.3 Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы – реттеу объектісі ретінде Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды. Агроөнеркәсіп кёшенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және хүқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі өз бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бүзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Мүның өзі аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере отырып төмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді: - аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз "таза" күйінде пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады; - меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта қүрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі үзақ мерзімге сақталады; - аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің "бастапқы алаңы" ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін эковомиканың бірінші саласы болуы қажет; оның мәні - әкімшілік емес, экономикалык, құралдарды (баға, салық, несие, т.б.) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады. Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы - мемлекет деңгейіндегі үлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдык, мүдделердің артықшылығын қамтамассыз ететін әртүрлі шектеулер бар. Мұндай хұқықты беру- мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғындарын көбірек толғандыратын мәселе - жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатыны өз еңбегінен тускен нәтижеге иелік ету хұқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет болды. Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республи-камыздың Ата заңымызға сәйкес жерді үзақ мерзімге жалга, немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін баса айту керек. Сондықтан жер туралы заңда бұл процессті аяғына дейін жеткізу мәселесін қарастыру өте маңызды іс екені белгілі.
|