Жәнібек Қошқарұлы (Шақшақ Жәнібек) (1693-1751) – Орта жүздің биі, батыр, торғайлық. Қазақтар ішінен тархан атағын (фельдмаршалмен тең) бірінші алған (1742) Дәуітбай Жәнібекұлы – би, тархан атағы әкесінен Мұрагерлік жолмен берілген. Есет Көкіұлы (1679-1749) – Кіші жүз батыры, ақтөбелік. Тархан атағын 1743 ж. алған. Жәңгір Бөкеев (1801-1945) – Бөкей ордасының ханы, қазақтың тұңғыш генерал-майоры (1831) Жәңгіров Ғұбайдолла (1840-1909) (Бөкей ордасынан) – Жәңгір ханның баласы, қазақ арасынан инфантерия генералы (генерал-лейтенант теңдес) атағын алғаш рет алған (1894) әскери ірі қайраткер. Айшуақов Баймағамбет (1790-1847) (Батыс Қазақстан) – генерал-майор. Баймағамбетов Мұхаметжан (1811-1896) – генерал-майор. Әкелі-балалы екеуі бұл атақтарды Исатай-Махамбет бастаған көтерілісті аяусыз басқаны үшін алған. Шыңғыс Уәлиханов (1811-1895) (Көкшетау) – полковник, Шоқанның әкесі. Шарманов Мұса (1819-1885) (Баянауыл) – полковник. Нұралин Тезек төре (1879ж.( Жетісу) – полковник, ақын. Орыс әскерінде алғаш қызмет еткен (1580-1590ж.шамасында) Сібір ханы Көшімнің немересі Мұхамедқұл мен қазақ ханы Тәуекелдің немересі Оразмұхамед. Екеуі де полк басқарған яғни полковник міндетін атқарған. Хиуадағы қазақ ханы Қайыптың ұлы Серғазы 1789 жылы Санкт-Петербург орыс армиясының секунд-майор қызметінде болған. Бұлар алғашқы қазақ әскери мамандары. Көптеген адамдар полковник шенін алған. Олар Әли Әділов (Жетісу), Қоңырқұлжа Құдаймендин (Ақмола), Қаратай Нұралиев, Шыңғали Омаров, Мұхамеджан Таукин, Арслан Жантөрин, Әділ Бөкейханов, (бәрі де Батыс Қазақстан) тағы басқалар.