“Сұңқар” әскери- ойын байқауы - Философия - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Вторник, 21.10.2014, 02:43

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Философия

“Сұңқар” әскери- ойын байқауы

“Сұңқар” әскери- ойын байқауы скачать

28.03.2010, 21:05
“Сұңқар” әскери- ойын байқауы

І. Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген.
ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған)
Композитор Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні баяу ғана естіліп тұрады.
Оқу залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаң әзірленген (үш ойын жолы, жүргізушінің орны) залдың аяқ жағында оқырмандарға, қонақтарға арналған орындар әзірленген, сахнада төралқа орны әзірленген.
Оқырмандар мен қонақтар орындарына отырған соң белгілі дайындалған балалардың орындауында патриоттық ән айтылады. Ән біткен соң жүргізуші ойынды бастайды.

Жүргізуші: Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандағы байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың
Қазақстан ардақтым!

Армысыздар, құрметті қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушы жас достар, ұландар! Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек сияқты хас батырлар шешен де, би де, ақыл-парасаты биік адамдар ретінде ел ішінде үлкен абыройға ие болған.
Біз де бүгінгі байқауымызды жігіттер мен қыздарымыздың білек күшін емес, ақылы мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды осында жинадық. Ендеше бүгінгі “Сұңқар” деп аталатын әскери теория білгірлерінің ойын-сайысына қош келдіңіздер!..
Енді, қымбатты қонақтар, бүгінгі ойынның ережелерімен таныстырып өтейін.
Ойынымыздың бірінші сатысы “Қанша білсең, ізден тағы жас сұңқар!” деп аталады. Бұл саты барысында ойынға қатысушы барша оқушылар қауымына бастауыш әскери дайындық пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушы бір орденмен марапатталады. Сұрақтарға жауап беру тек қана қол көтеру арқылы жүргізіледі.
Кім бірінші қол көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығын алады. Кім бірінші қол көтергенін және берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын әскери төрешілер алқасы айтып отырады. Бірінші сатының қорытындылары бойынша ең көп орден жинаған үш оқушы ойынның финалына шығып, бас жүлде үшін жарысты жалғастырады.
Егер бірінші сатының қорытындылары бойынша финалға шығу құқығына үш адамнан көбірек оқырмандардың ордендерінің саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтыларын қосымша сұрақтар арқылы іріктейміз.
Бүгінгі ойынға қатысушыларға орден тағушы деген абыройлы қызметті үлгілі өнегесі және белсенділігімен танылған оқырман атқарады.

Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешқашанда қайтпайтын -төрешілер алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер (Төрешілер алқасын таныстырып өтеді. Алқа құрамына ардагерлер, қатардағы әскерилер, мектеп әкімшілігі т.б. кіргізілсе іс-шараның оқырмандар үшін беделді болуына қолайлы әсер тигізеді).
Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымыздың бірінші сатысын бастайық!
(Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса, төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға орден тағушы (қыз немесе ұл бала) орденін мойнына тағып тұрады).

Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Қазақстан Республикасы егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері іске асырады” деп қай бапта көрсетілген?
(124 бап)
2. Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен Қазақстан азаматтары қандай сатыларға бөлінеді?
(Шақыруға дейінгілер, шақырылушылар, әскери міндеттілер, әскери міндетті еместер)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.
(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды?
(97)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.
(Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.
(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Қазақстан Қарулы Күштері құрамындағы құрамы жөнінен дивизиядан кіші тактикалық құрама.
(Бригада)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады?
(Тактикалық дайындық)
9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жаяу әскер құрамындағы бастауыш тактикалық бөлімше.
(Мотоатқыш бөлімше)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі.
(Маневр)
11. Автоматикалық ату қаруында патронды оқшантайға жеткізу үшін, ұңғы каналын жабу үшін, капсюлді бұзу және гильзаны алу үшін қызмет ететін механизм.
(Бекітпе)
12. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар?
(Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)
13. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді?
(Аға офицерлер)
14. Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ.
(Прапорщик)
15. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады?
(Рота бойынша кезекшіге)
16. Шабуылда сарбаз ненің құрамында қимылдайды?
(Бөлімшенің)
17. Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылындағы бұл әдіс қарсыластың атысы астында ұрыс алаңында оқ-дәрі мен жүктерді тасымалдауға көбірек қолданылады.
(Қырынан жер бауырлап жорғалау)
18. “ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?
(Танкке қарсы мина)
19. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады?
(БТР)
20. АКМ автоматының ұңғы калибрі қандай?
(7, 62 мм)

Қосымша сұрақтар:

1. МОН – 50 деп қандай қару-жарақ түрі аталады?
(Жаяу әскерге қарсы жарықшақты мина)
2. АҚШ мотожаяу әскери бөлімшесінде қанша адам болады?
(11)
3. ЗУРО “Ред Ай” қай елдің әскерінің қаруы?
(АҚШ)
4. “Мардер” қандай және қай елдің әскери қаруы?
(ГДР – БТР НS-30)

Жүргізуші: Қымбатты ұландар! Осымен ойынымыздың бірінші сатысы аяқталды. Енді ордендерімізді санап көрелік.
(Сергіту сәтін үзіліс кезінде пайдаланып, төмендегідей сұрақтарға жауап берейік)
Жігіттің тоғыз жауы?

1.Ұл бала. 1. Басты жауың жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.

2. Осалдығың аңқаулық,
Соқтыратын саныңды.

3. Жасқаншақ болсаң ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.

4. Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.

5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.

6. Өсек терсең телмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.

7. Көпірме босқа мақтан қып
Түкке тұрмас барыңды.

8. Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.

9. Біреуді алдап арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.

Жүргізуші: Ержігіттің үш асыл мінезі?

2.Ұл бала. 1. Туған елі мен дос-жаранына адал болу.
2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу.
3. Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.

Жүргізуші: Жігіттерге тән алты асыл қасиет:

3.Ұл бала. 1. Зерде-зейіні болсын
2. Өнер өрісі болсын
3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын
4. Жігер-күші болсын
5. Қайрат қаруы болсын
6. Білімі болсын.

Жүргізуші: Бәрекелді, сұңқарлар, ер жүрек азаматтар көп нәрсені біледі екенсіңдер! Қуаныштымыз!
Ал, енді, үш немесе үштен көп орден жинаған ұландарымызды ортаға шақырамыз. Финалға шыққан үш оқушыны таныстырады. Егер ордендер саны бойынша үштен артық оқушы шықса, онда жүргізуші қосымша сұрақтар арқылы артық болған ойыншыларды іріктеп шығарады.
Құрметті төрешілер және ұландар, финалға шыққан жас білгірлерге екінші сатының, яғни финалдың ережесін түсіндірейік.

Финал “Сұңқарлар сайысы” деп аталады. Қазір финалға шыққан әрбір ұлан жинаған ұпайына сәйкес өз қалауы бойынша мына жолдың бірін таңдауға тиіс. Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған ұлан таңдайды. Ал ордендері ең аз болған финалист қалған жолға түседі. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әрбір финалист өзінің жолымен бір сатыға алға жылжиды.
Қызыл жол екі сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға екі сұрақ қойылады, оларға дұрыс жауап беру арқылы ол келесі сатыға өтеді.
Дұрыс жауап бермесе, ойыннан шығады. Яғни оның қателесуге құқығы жоқ.
Сары жолды таңдаған оқушының жолы үш сатыдан тұрады, оған үш сұрақ қойылады. Ол бір рет қателесіп, екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңіске жетеді. Бірақ екі рет қателессе ойыннан шығады.
Жасыл жол төрт сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға төрт сұрақ қойылады. Ол екі рет қателессе де келесі сатыға өтеді. Екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңімпаз аталады, ал үшінші рет қателессе ойынмен және бас жүлдемен қоштасады.
Егер финалға шыққан оқушыға қойылатын сұраққа ол жауап бере алмаса, онда ол сұраққа жауапты тек қана көрермендер береді.

Ал, енді, қырандай қанат қағып қияға ұмтылған ұландар, финалға қош келіпсіздер!
Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған қайратты да, зерделі ұлан таңдайды. Қай жолды таңдайсыз? Бірінші финалист жолды таңдаған соң оған рахмет айтып, келесі ойыншыларға ретімен жол таңдатады.

Финалдық сатымызды бастаймыз да, бірінші сұрағымызды жасыл жолды таңдағанға ұсынамыз. Мұқият тыңдаңыз.

1-сұрақ: Сіз әскери антты қабылдап үлгермеген әскери қызметшісіз делік. Белгілі бір себептермен өрескел теріс іс жасап қойдыңыз. Сізге қандай жаза қолдануға болады және қандай жазаны қолдануға болмайды?

Жауап: Сөгіс, кезекті сейілдемеден айыру, жұмысқа нарядқа тағайындау болады, гаупвахтаға қамауға бомайды.

Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады.
Ендігі кезек сары жолға түскен ұланға. Мұқият тыңдаңыз, ұмытпаңыз: сіз бір-ақ рет қателесе аласыз.

2-сұрақ. Сіз ұрыс жағдайында әскери қимыл жүргізіп жатқан бөлімше командирісіз делік. Сізде штабпен, взвод, рота командирімен байланыс мүмкіндігі бар. Қарсылас кенеттен шабуыл жасады, жағдай туралы кімге баяндауға міндеттісіз?
Жауап: Аға командирге, яғни взвод командиріне.

Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады.
Ал ендігі сұрақтың кезегі ешбір қателеспей жауап беруге міндетті болған ұланға келіп жетті.

3-сұрақ: Сіз окопта танктерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан сарбазсыз делік. Егер окопқа, не гранат лақтырмақ болып тұрған жерге танк жақындап келе жатса, гранат лақтыру үшін танктің қанша метр қашықтыққа жақындап келуін тосуыңыз қажет. Егер гранатыңыз танкті тоқтатпаса сіздің әрекетіңіз қалай болуы керек?
Жауап: 25-30 метр, окоптың түбіне жата қалу, не бір жағына қарай жалт береді. Танк жүріп өткен соң, тез қарғып тұрып оның осал тұсына гранат лақтырады. Қираған танктің экипажы одан түсуге ұмтылғанда, оны автоматпен атып жояды.

Жауап дұрыс болса, келесі сатыға қошеметтеп өткізеді, бұрыс болса ойын алаңын қалдырып кетуді жұбатып ұсынады.
Осындай ретпен жүргізуші келесі айналымды бастайды. Сөйтіп ойынның жеңімпазы анықталады.

2-айналымның сұрақтары:

1-сұрақ: Ұшу жылдамдығы 150 м/с шамадан асатын нысандарға қолданылатын ату әдісі қалай аталады?
Жауап: Бөгей ату.

2-сұрақ: Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас болып сараланады, танкке қарсы жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы мүмкін.
Жауап: Инженерлік бөгеттер

3-сұрақ: КМТ-SТ техниканың түрі ме немесе жабдық па? Ол не үшін қолданылады?
Жауап: Табанжолдық миналық трал жабдығы.

3-айналымның сұрақтары:

1-сұрақ. Сіз кімсіз?
Бөлімше құрамында мынадай іс-қимыл жасайсыз: қару-жарақты, оқ-дәріні, көздеу аспаптарын, оқтау мен бағыттау тетіктерін қарайсыз; ақауларын жөндейсіз; көздеу аспаптарын және қосарланған пулеметтің мұқият тексерілуін қарайсыз, бақылау аспаптарының жөндемділігін, құрал-сайман мен қару-жарақтың запас бөлшектерінің болуын тексересіз.

Жауап: Көздеуші-оператор.

2-сұрақ. Бұл қандай әскери ұйым?
Бейбіт уақытта басқа әскерлер мен әскер жасақтамалары штабтарымен бірге бірлескен іс-қимылдың нұсқаларын жоспарлайды және іс-қимылды ұйымдастырады.

Жауап: ҚР Қарулы Күштерінің Бас Штабы

3-сұрақ. Бұл қандай әскер?
Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнбе-күнгі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған әскер бөлімдері мен бөлімшелері.

Жауап: Арнайы әскер.

Жүргізуші: Қымбатты көрермендер және ұландар! Бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті. Сіздердің барлығыңызға үлкен-үлкен табыстар, егемен елімізге тыныштық пен береке тілей отырып, бүгінгі ойын-байқауымызды Ұлықбек Есдәулеттің мынандай керемет сөздерімен аяқтағым келеді:
Шаңырағың – шырағым,
Топырағың – тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан – қыраным!

Соңында патриоттық әндер мен Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

“Жігіттің сұңқары кім?”,
саралаңыз
(Сайыс-байқау)

1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қосында.

1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар!

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.

2-жүргізуші: Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№1 асық. Мал жіліктерінің атауын айт.
І. Қол жіліктері: 6
1. Кәрі жілік – 2
2. Күң жілік – 2
3. Жауырын – 2
ІІ. Сан жіліктері: 6
1. Асықты жілік – 2
2. Тоқпан жілік – 2
3. Жамбас – 2

№2 асық. Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?
1. Құда табақ: бас, жамбас
2. Күйеу табақ: төс т.б.

№3 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шек ата
5. Сиыр – Зеңгі баба

№4 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

№5 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын
ІІ. Сиыр - бұзау
ІІІ. Қой – қозы
ІҮ. Ешкі – лақ

№6 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

№7 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр,
той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

№8 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
1. Салмақ тасын көтеру.
2. Мойын арқан тартпақ.
3. Білек күшін сынау.

2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

(Ән орындалады)

1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

Категория: Философия | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2446 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/3
Тут вы можете

скачать “Сұңқар” әскери- ойын байқауы

абсолютно бесплатно
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6472

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2014 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно