Табиғаттың ластануы дегенде біз оған
тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық,
физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын
түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе
ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны
ерекше. Себебі,
адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде,
адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.
Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның
салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз.
Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне
қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Тірі
организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және
физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып,
тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын
айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан
тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және,
мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады
Мұнай мен газдың аралас
қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай
ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос
сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Кейбір ұңғымалардың өнімі
сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз
ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау
үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға
мүмкіндік береді
Махаббат -
ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа
қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық
деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін Нәпсі деген
сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан дүниесі, құштарлығы,
құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат. Нәпсі. Асылы гомо сапиенс
аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға тіреліп тұратын болса керек.
Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған,
оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының
табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған.
Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған
көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның
(біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі еді.
Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен
бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет
процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен,
яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық
мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет
ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан
туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады.
Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен
қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде
көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын
(рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды
модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған
кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға
туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады
Шәкәрімнің танымдық
әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек,
өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз. Екі ой алыбы өз
туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық
тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында
толассыз ізденіске түскен.