Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 14:03

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшелiктерi

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшелiктерi скачать

30.03.2010, 18:36
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшелiктерi
1. Республикалық меншiктегi мемлекеттiк акция¬лар пакетiн иелену және пайдалану құқығын мемле¬кеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша өзге мемлекеттiк органға беруi мүмкiн.
2. Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен өзге мемлекеттiк органға берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi.
Мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар акционерлердiң жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын мемлекеттiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және (немесе) мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органмен алдын ала жазбаша түрде келiсудi қамтамасыз етуге мiндеттi мәселелер тiз¬бесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияла¬рының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi қоғамның директорлар кеңесi атқарушы органның ұсынуымен қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орташа мерзiмдi жоспарларын бекiтедi.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қо¬ғам¬дардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспар¬лары мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республика¬сы¬ның заңдарында белгiленетiн тәртiппен және мер¬зiм¬дерде табыс етiледi. Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, Ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған акционерлiк қоғам Ұлттық компания болып табылады. Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi Ұлттық компанияларға берудiң талаптары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ұлттық компаниялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның атқарушы органы аталған акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер мөлшерiнiң болжамды көрсеткiштерiн жоспарланып отырған жылдан алдыңғы жылдың бiрiншi с¡уiрiне дейiн табыс етуге мiндеттi.
35-бап. Акционерлердiң жалпы жиналысы
1. Акционерлердiң жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлiнедi.
Қоғам акционерлердiң жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткiзiп отыруға мiндеттi. Акционерлердiң өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады.
Акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысы жария¬ланған акциялардың шығарылуы мемлекеттiк тiркеу¬ден өткiзiлгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмi жасалғаннан кейiн шақырылуы және өткiзiлуi мүмкiн.
2. Акционерлердiң жыл сайынғы жалпы жина¬лы¬сында қоғамның жылдық қаржы есептiлiгi бекiтiледi, өткен қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртiбi және қоғамның бiр жай акциясына шаққан¬дағы дивиденд мөлшерi белгiленедi. Акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы, шешiм қабылдау қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған, басқа да мәселелердi қарауға құқылы.
3. Акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн бес ай iшiнде өткiзiлуге тиiс.
Есептi кезең iшiнде қоғамның аудитiн аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда аталған мерзiм үш айға дейiн ұзартылған болып саналады.
4. Барлық дауыс беретiн акциялары жалғыз акцио¬нерге тиесiлi қоғамда акционерлердiң жалпы жина¬лы¬сы өткiзiлмейдi. Осы Заңда және қоғамның жарғы¬сында акционерлердiң жалпы жиналысының құзы¬ретiне жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдердi мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешiмдер артықшылықты акциялармен ку¡ланды¬рыл¬ған құқыққа нұқсан келтiрмейтiн және оны шек¬темейтiн жағдайда жазбаша түрде ресiмделуге тиiс.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның жалғыз акционерi немесе қоғамның барлық дауыс беретiн акцияларын иеленушi тұлға заңды тұлға болып табылса, осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдердi Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды тұлғаның жарғысына сәйкес заңды тұлғаның осындай шешiмдердi қабылдауға құқығы бар органы, лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi қабылдайды.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 420 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшелiктерi

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно