Жай акциялар бойынша дивидендтер 1. Егер қоғамның жарғысында көзделсе, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсанның немесе жарты жылдықтың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу директорлар кеңесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қоры¬тындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiмдi акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы қабылдайды. Қоғамның аталған органдары қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешiм қабылдап, оны қабылдаған күнiнен бастап он күн iшiнде баспасөз басылымында мiндеттi түрде жариялауға құқылы. 2. Қоғамның жай акциялары бойынша диви¬дендтер төлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл шешiм баспасөз басылымында жариялануға тиiс. 3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд¬тер төлеу туралы шешiмде мынадай мәлiметтер: 1) қоғамның атауы, орналасқан жерi, банк және өзге де реквизиттерi; 2) дивидендтер төленетiн кезең; 3) бiр жай акцияға шаққандағы дивидендтiң мөлшерi; 4) дивидендтер төлеудiң басталатын датасы; 5) дивидендтер төлеудiң тәртiбi мен нысаны болуға тиiс.