Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:58

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Төлем көзінен ұсталатын салықтар

Төлем көзінен ұсталатын салықтар скачать

28.03.2010, 21:41
Төлем көзінен ұсталатын салықтар. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан үсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
- дивиденттер;
- депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері кірмейді);
- ұтыс;
- занды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);
- бағалы кағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.
Егер де ұтыстардан, марапаттаудан табыс салығы ұсталса жөне оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығынын зачетына жатқызылады.
Резидент емес занды түлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.
Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің катарына мыналар жатады:
- өнімді, жұмысты, кызметті сатқаннан алынған табыстары;
- басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен қызметтерінен алынған табысы;
- мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;
- талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;
- айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бүл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;
- дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған табыстары;
- роялти нысанында алынған табыстары;
- жалға беруден алған табыстары;
- халықаралык тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;
- резиденттердің төлеген ұтыстары;
- тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;
- баска да қызметтерден түсетін табыстары.
Резидент емес заңды тұлгалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындагы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды тұлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барлық табыс түрі жатады.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 455 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Төлем көзінен ұсталатын салықтар

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно