Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салык салынбайтын табысқа салық төлеушнің келесі табыс түрлсрі жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б. Резидент емес заңды тұлгалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жекс шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып болінеді. Салық салу мақсатыңда жеке тұлға, егер де олар келесі тұжырымдамалардың кез келгеніне жауап берсе, онда олар Қазақстан Рсспубликасының резиденті болып саналады: - Қазакстан Республикасына занды жолымен келген (тұрғылыісгы болу үшін); - Қазақстан Республикасына біршама уақытқа келген; - Қазақстан Республикасына 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа келген. Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған күні ағымдағы жылы 31 калеңдарлық күннен кем болмаса және ағымдағы салық кезеңімен аякталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-тен кем болмаса, онда ол "біршама уақытқа келген" деген тұжырымдамаға сәйкес келеді. Қосылган құн салыгы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жүмыстың, қызметтердің) айналысына косылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазакстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған кұннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтеи үсталынады. Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады. Сондай-ак, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі. Салықтан босатылған тауарлардан баска, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады. "Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз. Қосымша кұнға салынатын салық бойынша есепте түрғаң немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және кара металлдардың сынығын коспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 16 пайызын құрайды (КҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда). Салык салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын косылған кұн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген КҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.