Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Күй- көптен келе жатқан музыкалық
көне ұғым. Ертеде
күй деген, сірә аспаптық және жеке дауыстық музыка шығармаларына берілген
ат болуы әбден мүмкін.
Күйлердің өмірге жақындауы,
әлеуметтік мұқтаж зәруліктен туатындығын және өзгеше тарихи сипатын күйшілердің
қозғаған тақырыбы мен қойған аттарынан да аңғаруға болады. Өздерін қоршаған
өмірді – табиғат көркін, тұрмыстық мұқтажын , жұмыр басты пендеге тән, осалдық
пен мықтылықты, қоғамның қияметте қым- қуыт қайшылық дүрбеленің, - бәрі-бәрін
шешен сөйлете отырып, халық сазгерлері өз заманына орай талай-талай образдар
жасаған небір күйшілер дүниеден өткен.
Саз зергері – Қазанғап.
Халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлының творчествосының қазақ музыка
мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Ол – қазақтың аспапты музыкасын
дамытуға өзіндік үлес қосқан композитор. Қазанғаптың күй мұрасы халық
творчествосының биік шыңының біріне саналады. Қазанғап – халық өнерінің ең озық
үлгілерінен, өз тұсындағы атақты күйшілерден тәлім алып, өз домбыра ойнау
мектебін қалыптастырған күйші. Ол дәстүрі ғасырлар бойы бекем орныққан халық
музыкасың тілі мен форма заңдылығына сүйене отырып, мазмұны, түрі және ойнау
тәсілі жағынан ерекше айшықты күйлер шығарған.
Қазанғап екі дәуір аралығында
өмір сүрген (1854 - 1921 ). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегінің
Ақбауыр деген жерінде қойшының жанұясында туған. Кедейлік, жоқшылық тауқіметі
Қазанғапты жастайынан әкесіне қолғабыс беріп, байлардың қозысын бағуға мәжбүр
етеді. Жалғыз өзі таңертеңнен кешке дейін қой соңынды күн өткізген жас
баланыңжұбанышы домбырасы болады.
Табиғатынан сезімтал, ән – күйге ынтық бала кең далада көкейіне оралған
саздарды перге түсіріп, балалық қиялы мен сезім сырларын домбырамен бөліседі.
Сырласы да мұндасы да домбырасы болады. Жалпы Қазанғап ауыл домбырашыларың
көрсеткенін домбыраға салып ойнайтын болған.
Есейе келе домбырашы болып, өнер
қууға бекем бел буады. Күй құпиясына бойлай түссем деген арман көкейін
мазалаған Қазанғап әкесінің жалғыз атын мініп, елге аты мәлім домбырашыларды
іздеп сапарға шығады. Алдымен Доңызтау – Аққалқа деген жерде тұратын Төреш
күйшіні іздеп барады. Жас домбырашының дарынына таң қалып, таңдай қаққан
Төрешоған күйлер үйретіп, домбыра
шертудін құпияларын құлағына құяды. Күйші талапты жасқа батасын беріп, өнер жолындағы
тұсауын кеседі. Қазанғап Бесқалада тұратын Орынбай, Ембідегі Құрманияз,
Қарақамыстағы Үсен күйшілермен кездесіп, шеберлік сырларын көкейіне тоқи
береді. Аты шулы домбырашылардан дәріс алып, олардың орындаушылық мәнеріне көзі
қаныққан Қазанғап өзі де күй шығарып, ойнау стилін қалыптастыра бастайды.
Апталап жүріпҚазанғап айтулы домбырашы Орынбайдың да үйіне
жетеді. Көргені де көп, түйгені де көп кісі екен. Әр жайдан әңгеме қозғалып,
талай күй шертілді. Бұ кісі де Төреш сияқты, жас домбырашының өнерін қоштап,
талабына нұр жаусын айтады.
Орынбай жас күйшіге «өзінде күй
шығарып көрмедің бе?» деп ой тастайды. Қазанғап домбырасын алып, өзінің бірнеше
«Ақжеленің» тартып береді. Көбеген күйшінің ақыл кеңесіне, алғысын айтып, жылы
сөзіне арқаланып, ауылына нұры тасып оралады.