Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешiмiн ресiмдеу) тәртiбi 1. Құрылтай шарты әрбiр құрылтайшының немесе оның өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады. Жалғыз құрылтайшының шешiмi жазбаша нысанда ресiмделiп, оған құрылтайшы немесе оның өкiлi қол қояды. Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешiмiн) нотариат куәландыруға тиiс. 2. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресiмделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретiн тиiстi өкiлеттiктерi болуға тиiс.