Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:51

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу

Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу скачать

30.03.2010, 18:33
Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу
1. Орналастырылған акцияларды сатып алу қоғамның бастамасы бойынша оларды кейiннен сату немесе Қазақстан Республикасының заңдарына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтiн өзге де мақ¬сат¬тарда акционердiң келiсiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жар¬ғысында өзгеше белгiленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның са¬тып алуы директорлар кеңесiнiң шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
3. Қоғамның:
1) акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысын өткiзгенге дейiн;
2) акцияларды орналастыру қорытындылары тура¬лы есеп бекiтiлгенге дейiн;
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесiнде қоғам¬ның өз капиталының мөлшерi осы Заңда белгiленген ең төменгi жарғылық капиталдың мөлшерiнен аз болса;
4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қа¬зақстан Республикасының банкроттық туралы заң¬дарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi бел¬гiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжа¬на¬тын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;
5) егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны тарату туралы шешiм қабылдаса, өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
4. Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырылған акцияларының саны олардың жалпы санынан бiр процент асатын болса, ол өз акционерлерiне осындай сатып алу туралы хабарлауға мiндеттi.
Қоғамның өзi орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзi сатып алатын акция¬лардың түрлерi, саны, бағасы, мерзiмi туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәлiметтер болуға тиiс және ол баспасөз басылымында жариялануға тиiс.
5. Қоғамның өз акционерлерi сатып алуға өтiнiш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам¬ның сатып алуы мүмкiн акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесiлi акциялардың санына барабар сатып алынады.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 395 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно