Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:50

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Қоғамның құжаттары

Қоғамның құжаттары скачать

30.03.2010, 18:51
Қоғамның құжаттары
1. Қоғамның өз қызметiне қатысты құжаттарды қоғам өзi қызмет еткен бүкiл мерзiм iшiнде қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында белгiленген өзге де жерде сақтауға тиiс.
Мына құжаттар:
1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешiмiне) енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар;
4) қоғамның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы ку¡лiк;
5) қоғамның статистикалық карточкасы;
6) қоғамның белгiлi бiр қызмет түрлерiмен айна¬лысуға және (немесе) белгiлi бiр әрекеттер жасауға алған лицензиялары;
7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлiкке құқығын растайтын құжаттар;
8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару прос¬пектiлерi;
9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемле¬кеттiк тiркеудi, бағалы қағаздардың күшiн жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкiлеттi органға табыс еткен есептерiн бекiту;
10) қоғамның филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ереже;
11) акционерлердiң жалпы жиналыстарының хаттамалары, акционерлердiң жалпы жиналыстарының күн тәртiбiндегi мәселелер жөнiндегi материалдар;
12) акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу үшiн табыс етiлген акционерлер тiзiмi;
13) директорлар кеңесi отырыстарының (сырттай өткiзiлген отырыстар шешiмдерiнiң) хаттамалары, директорлар кеңесiнiң күн тәртiбiндегi мәселелер жөнiндегi материалдар;
14) атқарушы орган отырыстарының (шешiм¬дерiнiң) хаттамалары сақталуға тиiс.
2. Өзге құжаттар, оның iшiнде қоғамның қаржы¬лық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiм iшiнде сақталады.
3. Акционердiң талап етуi бойынша қоғам оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшiрмесiн қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен беруге мiндеттi, бұл орайда қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты беруге шектеулер енгiзуге жол берiледi.
Құжаттардың көшiрмелерiн беру үшiн төленетiн ақы мөлшерiн қоғам белгiлейдi және ол құжаттардың көшiрмелерiн дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткiзiп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 387 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Қоғамның құжаттары

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно