Қоғамның жарғысы 1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғысына құрылтай¬шылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкiлдерi (өкi¬лi) қол қоюға тиiс және нотариаттық ку¡ландыруға жатады. 2. Қоғамның жарғысында мыналар: 1) қоғамның толық және қысқартылған атауы; 2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жерi; 3) қоғамның жарияланған акцияларының саны, түрлерi және акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер, соның iшiнде қоғамның артықшылықты акцияларымен ку¡ландырылған құқықтарының көлемi және олар бойынша дивидендтердiң кепiлдiк берiлген мөлшерi; 4) құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтiн жарғылық капиталдың мөлшерi, сондай-ақ қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын (жал¬ғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акция¬ларының саны, түрлерi және нақтылы құны; 5) қоғамның органдарын құру тәртiбi және олар¬дың құзыретi; 6) қоғам органдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, соның iшiнде: қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзiрлеу және өткiзу тәртiбi; қоғам органдарының шешiмдер қабылдау тәртiбi, соның iшiнде шешiмдерi айқын басым көпшiлiк дауыспен қабылдануға тиiстi мәселелердiң тiзбесi; 7) қоғамның акционерлерiне оның қызметi туралы ақпарат беру тәртiбi; 8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағ¬дай¬да: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендiгiн көрсету, дауыс беру рәсiмi, дивидендтердi төлемеу тура¬лы ережелер мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да талаптар; 9) қоғам қызметiнiң тоқтатылу талаптары; 10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес өзге де ережелер болуға тиiс. 3. Барлық мүдделi тұлғалар қоғамның жарғысымен тан¬ысуға құқылы. Қоғам акционердiң талап етуi бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бiрге оған кейiн енгiзiлген өзгерiстермен және толық¬тырулармен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi. Қоғам акционердiң өзiне қоғам жарғысының көшiрмесiн беру туралы талабын үш жұмыс күнi iшiнде орындауға мiндеттi. Қоғам акционерге жарғының көшiрмесiн бергенi үшiн ақы алуға құқылы, ол көшiрме дайын¬дауға, сондай-ақ жеткiзiп беру қажет болған жағдайда оны жеткiзуге жұмсалған шығындардан аспауға тиiс. 4. Қоғам өз қызметiн Қазақстан Республикасының үкiметi бекiткен қоғамның үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.