Қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
Қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу скачать
30.03.2010, 18:35
Қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу 1. Егер қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн (бұдан әрi – мерзiмi өткен берешек) төлеу мерзiмi үш айдан астам өтiп кетсе, Қазақстан Республика¬сының мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерi¬нiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органы (бұдан әрi – мемлекеттiк орган) қоғамның мерзiмi өткен берешегiн өтеткiзу мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының салық заңда¬рына сәйкес қоғамның жарияланған акцияларына билiк етуiн шектеу туралы шешiм қабылдауға; 2) қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар қоғамның мерзiмi өткен берешегiн өтеуге жеткiлiксiз болған жағдайда қоғамның мерзiмi өткен берешегiн қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейiннен оларды орналас¬тыру арқылы өтеткiзу туралы сотқа талап-арызбен жүгiнуге құқылы. 2. Қоғамның жарияланған билiк етуi шектелген акцияларын және мәжбүрлеп шығарылған жария¬ланған акцияларын орналастыру Қазақстан Республи¬касының салық заңдарында билiк етуi шектелген мүлiктi өткiзу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қоғам қызметiн республиканың экономикасы үшiн стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асы¬ратын жағдайда, мемлекеттiк орган Қазақстан Респуб¬ликасы Үкiметiнiң шешiмiмен қоғамның билiк етуi шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүр¬леп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзiмi өткен берешегiн өтеу есебiне мемлекет меншiгiне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы. 3. Қоғамның билiк етуi шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жариялан¬ған акцияларын мемлекет меншiгiне алып қою олар¬ға мемлекеттiк меншiк құқығын қоғам акция¬ларын ұстаушылар тiзiлiмiнде тiркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк меншiк құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық мемлекет¬тiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берген мемле¬кеттiк органға тiркеледi. 4. Жарияланған акцияларды сот шешiмiмен мәжбүрлеп шығаруды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. 5. Қоғамның билiк етуi шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жариялан¬ған акцияларын орналастырудан түскен ақшаны, қоғамның мерзiмi өткен берешегiн өтеудi қоспаған¬да, өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады. Қоғамның билiк етуi шектелген жарияланған ак¬ци¬ялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан алынған сома мерзiмi өткен берешек сомасынан асып түскен жағдайда айырма қоғамның кiрiсiне жiберiледi. 6. Қоғамның мерзiмi өткен берешегiн өтеу үшiн қажеттi акциялардың орналастырылу бағасы мен санын қоғаммен келiсе отырып, мемлекеттiк орган белгiлейдi. Мемлекеттiк органның бастамасымен акциялардың орналастырылу бағасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының да белгiлеуi мүмкiн. Акциялардың орналастырылу бағасын бағалау¬шы белгiлеген жағдайда бағалауға байланысты шығындарды қоғам көтередi. 7. Мерзiмi өткен берешек қоғамның билiк етуi шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шы¬ғарылған жарияланған акцияларын орналасты¬рудан түсетiн ақша есебiнен өтелген жағдайда немесе қоғамның билiк етуi шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларға мемлекеттiң меншiк құқығы қоғамның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiне тiркелген кезден бастап қоғамның мерзiмi өткен берешегi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес өтелген болып есептеледi.