Қоғамның қосылуы 1. Қосылу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiсiне сәйкес қосылатын қоғамның бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. 2. Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткiзу актiсi мен қосылу жөнiндегi шартты бекiту туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады. Қоғамдардың қосылуы туралы шартта қосылуға қатысатын қоғамдардың ¡р қатысушысының атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер, олардың бухгалтерлiк баланстарының деректерi болуға, сондай-ақ қосылу тәртiбi мен талаптары, атап айтқанда, қосылатын қоғамның акцияларын қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларына айырбастау тәртiбi көзделуге тиiс. Қосылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жина¬лысы қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткiзу актiсi мен қосылу жөнiндегi шартты бекiту туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ қосылу туралы шарт пен өткiзу актiсiне қол қоюға уәкiлеттi адам¬дарды белгiлейдi. 3. Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директор¬лар кеңесi өзiне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, қосылу жөнiндегi шартты және өткiзу актiсiн бекiту туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi. Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қайта Ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды, осы Заңда белгiленген тәртiппен өткiзу актiсi мен қосылу туралы шартты бекiтедi, сондай-ақ қосылу туралы шарт пен өткiзу актiсiне қол қоюға уәкiлеттi адамдарды белгiлейдi. 4. Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның жарғы¬сына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қажет болған жағдайда, оны қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акционерлерi мен қосылатын қоғам акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысы қабылдайды. 5. Қосылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторла¬рына қосылу туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және баспасөз басылымында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.