Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер
Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер скачать
30.03.2010, 18:33
Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер 1. Қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығыстары: 1) орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша сатып алған кезде – акцио¬нерлердiң жалпы жиналысында осы Заңның 27-ба¬бының 1-тармағында аталған шешiмдердiң бiрi қабылданған күнгi жағдай бойынша; 2) орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерiнiң он процентiнен аспауға тиiс. 2. Қоғам сатып алған акциялар оның акционерлерi жалпы жиналысының кворумын анықтаған кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.