Қоғамның бағалы қағаздарын кепiлге салу 1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепiлге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерiмен шектеуге немесе алып тастауға болмайды. Егер кепiл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердiң дауыс беруге және өзi кепiлге салған акция бойынша дивидендтер алуға құқығы болады. 2. Қоғам өзi орналастырған бағалы қағаздарды: 1) кепiлге берiлетiн бағалы қағаздар толық төленген; 2) қоғамның бағалы қағаздардың қайталама ры¬ногында сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепiлге берiлетiн және оның кепiлiнде жатқан бағалы қағаздардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес процентiнен аспаған; 3) егер қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе, кепiл туралы шартты директорлар кеңесi мақұлдаған жағдайда ғана кепiлге қабылдай алады. 3. Егер кепiл талаптарында өзгеше белгiленбесе, қоғам орналастырған және оның кепiлiнде жатқан акциялар бойынша дауыс беру құқығы акционерге тиесiлi болады. Қоғам өзiнде кепiлде жатқан акция¬ларымен дауыс беруге құқылы емес. 4. Қоғамның бағалы қағаздарының кепiлiн тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес белгiленедi.