Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:38

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасу

Қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасу скачать

30.03.2010, 18:32
Қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасу
1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесе отырып сатып алғысы келетiн тұлға бұл туралы қоғамға және уәкiлеттi органға ол белгiлеген тәртiппен хабарлама жiберуге мiндеттi. Хабарламада сатып алынатын акциялардың саны, болжамды сатып алу бағасы туралы мәлiметтер және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
2. Акционерлердiң қоғам акцияларын сатуына қоғамның кедергi жасауға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларын сатқысы келетiн тұлғаға қоғамның оларды қоғамның өзiнiң немесе үшiншi тұлғалардың ұсынылған бағадан жоғары баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшiншi тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың реквизиттерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
3. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесе отырып сатып алған тұлға сатып алған күннен бастап отыз күн iшiнде қалған акционерлерге қоғамның оларға тиесiлi акцияларын сатуға ұсынысты баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi. Акционер өзiне тиесiлi акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде оларды сату туралы ұсынысты қабылдауға құқылы.
Акционерлерге оларға тиесiлi акцияларды сату тура¬лы ұсыныста аттарын (атауларын), тұрғылықты жерiн (орналасқан жерiн), оларға тиесiлi акциялардың санын қоса алғанда, қоғамның дауыс беретiн акция¬ла¬рының отыз және одан да көп процентiн сатып ал¬ған тұлға және оның аффилиирленген тұлғала¬ры туралы және осы Заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, акцияларды сатып алудың ұсы¬нылып отырған бағасы туралы деректер болуға тиiс.
Акционердiң өзiне тиесiлi акцияларды сату туралы жазбаша келiсiмiн алған жағдайда сатып алу туралы ұсынысты жариялаған тұлға акцияларды отыз күн iшiнде төлеуге мiндеттi.
Акцияларды сатып алудың осы тармақта аталған тәртiбi сақталмаған жағдайда қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн иеленушi тұлға (тұлғалар) өзiмен (өздерiмен) аффи¬лиир¬ленбеген тұлғаларға қоғамның дауыс беретiн ак¬ция¬ларының жиырма тоғыз процентiнен асатын акция¬ларының оған (оларға) тиесiлi бiр бөлiгiн иелiктен шығаруға мiндеттi.
4. Қоғамның өзiне тиесiлi акцияларды сату туралы ұсынысқа жауап ретiнде өтiнiш берген акционерi осы ұсынысты жариялаған тұлғаның акцияларды сатып алудан бас тартуына сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 479 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасу

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно