Қоғам акционерлерiнiң мiндеттерi 1. Қоғамның акционерi: 1) акцияларды төлеуге; 2) осы акционерге тиесiлi акцияларды тiркеушi мен нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстау¬шылардың тiзiлiмiн жүргiзуге қажеттi мәлiметтердiң өзгерiсi туралы он күн iшiнде хабарлауға; 3) қоғам немесе оның қызметi туралы қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге; 4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да мiндет¬тердi орындауға мiндеттi. 2. Акционердiң осы баптың 1-тармағының 2) тар¬мақшасында белгiленген талаптарды орындамауының салдары үшiн қоғам мен тiркеушi жауапты болмайды.