Қоғам акцияларына опциондар 1. Қоғам Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес мынадай талаптар сақталған жағдайда, қоғам шығаратын акция¬ларды сатып алуына опциондар жасасуға құқылы: 1) қоғамның осындай опциондар нысанасы болып табылатын акцияларының саны қоғамның жарияланған және орналастырылған акцияларының саны арасындағы айырмадан аспауға тиiс; 2) халықтық акционерлiк қоғамның, қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санының бiр және одан да көп процентi болатын мөлшердегi қоғам акциялары нысанасы болып табылатын опциондар жасасуы акционерлердiң жалпы жиналысының рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. 2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қоғамға оның өзi орналастырған акцияларды сатып алуға мiндеттенетiн опциондар жасасуға тыйым салынады. 3. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар опциондар жасаса алмайды.