Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:21

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім скачать

28.03.2010, 21:41
Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салык төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейіңде шегерім жасауға рұксат етіледі.
Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы – негізінен Қазакстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.
Резервтік (провизиялық) қорларга аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз кызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратың жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жәніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай қүқықтар банктерге де, үйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазакстан Республикасының Ұлттык банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аныктайды.
Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жасалган шыгындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.
Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шыгыстарға шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары-бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру кызметі Қаржы Министрлігінің кадғалауында болады. Банкі жүйесі де осы процесскс қатысты болғандыктан, оларды календарлық қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жаткызуына құқысы бар.
Әлеуметтік төлемдерге арналган шыгыстар бойынша шегерімдер. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезенде шегере алады. Кызметкерлсрдің денсаулығының зақымдауына, байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-а асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да зандарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.
Табиги ресурстардыгеологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалган шыгыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар; бағалау, жасақтау жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, қоммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.
Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жұзеге асады, ол кезде олардың:
- пайдалы қазбалардіосату кезінде алынған табьістары;
- жылдык табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.
Теріс багамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамынын айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасынан шығады,
Ескерілмей калған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. Кұрылыска алынған кредиттер (заемдар) бойынша теріс бағамды қайырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына коса алынады.
Айыппұлдарда, өсімдерде, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.
Салықтарды шегеріс жасау. Бүл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдык жиынтық табыс аныкталғанға дейінгі салыктар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезендер үшін ағымдағы салык кезеңінде төленген салыктар да шегерілуі тиіс.
Ағымдағы салықтык кезенде өткен кезендер үшін төленген салык кай кезенде төленсе,сол кезеңнің шегеріміне жаткызылады.
Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге-салык төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдык емес активтер жатады. Негізгі құрал-жабдыктардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульворлар, скверлер; аяқталмаган күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толыгымен шегеріске жатқызылган негізгі қүрал-жабдықтардың құны; инвестіциялық жобалардың шеңберінде пайдалануга берілген негізгі қүралдар. Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мелшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтірілді.
Салық төлеуші өз еркі бойынша баска да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құкылы, бірак ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған күрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық күрал-жабдыктардың құны; салык телеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 560 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно