Iрi акционердiң бастамасы бойынша акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткiзу ерекшелiктерi
Iрi акционердiң бастамасы бойынша акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткiзу ерекшелiктерi скачать
30.03.2010, 18:37
Iрi акционердiң бастамасы бойынша акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткiзу ерекшелiктерi 1. Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап қоғамның атқарушы органының орналасқан жерiне тиiстi жазбаша хабарлама жiберу арқылы директорлар кеңесiне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртiбi болуға тиiс. 2. Директорлар кеңесi аталған талапты алған күннен бастап он күн iшiнде шешiм қабылдауға және осы талапты қойған тұлғаға акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жiберуге мiндеттi. Қойылған талапқа сәйкес акцио¬нерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысы шақырыл¬ған жағдайда директорлар кеңесi жалпы жиналыстың күн тәртiбiн өз қалауы бойынша кез келген мәселе¬лермен толықтыруға құқылы.