Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:19

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Директорлар кеңесiнiң құрамы

Директорлар кеңесiнiң құрамы скачать

30.03.2010, 18:47
Директорлар кеңесiнiң құрамы
1. Жеке адам ғана директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
2. Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:
1) акционер – жеке адамдар;
2) директорлар кеңесiне акционерлердiң мүдделерiн бiлдiрушi өкiлдер ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыныс берiлген) адамдар;
3) басқа адамдар (осы баптың 3-тармағында белгiленген шектеулердi ескере отырып) арасынан сайланады.
Директорлар кеңесiнiң мүшелерiн сайлау кумулятивтiк дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Акционер өзiне тиесiлi акциялар бойынша бiр кандидатты жақтап толық дауыс беруге немесе оларды директорлар кеңесiнiң мүшелiгiне бiрнеше кандидат арасында бөлiп беруге құқылы. Ең көп дауыс санын алған кандидаттар директорлар кеңесiне сайланған болып есептеледi. Егер директорлар кеңесiнiң мүшелiгiне екi немесе одан да көп кандидат тең дауыс санын алса, бұл кандидаттарға қатысты қосымша дауыс беру өткiзiледi.
3. Қоғамның акционерi емес және акционердiң мүдделерiн бiлдiрушi өкiл ретiнде директорлар кеңесiне сайлауға ұсынылмаған (ұсыныс берiлмеген) жеке адам директорлар кеңесiнiң мүшесi болып сайлана алады. Мұндай адамдар саны директорлар кеңесi құрамының елу процентiнен аспауы керек.
4. Атқарушы органның басшысынан басқа мүшелерi директорлар кеңесiне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кем дегенде үш (халықтық акционерлiк қоғамда – кем дегенде бес) адам болуға тиiс.
Халықтық акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi мүшелерiнiң кем дегенде отыз процентi тәуелсiз директорлар болуға тиiс.
6. Директорлар кеңесiнiң құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республи¬касының заң актiлерiнде және қоғамның жарғысында белгiленедi.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 354 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.5/2
Тут вы можете

скачать Директорлар кеңесiнiң құрамы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно