Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 13:18

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру

Директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру скачать

30.03.2010, 18:48
Директорлар кеңесiнiң отырысы
1. Директорлар кеңесiнiң отырысын өткiзу үшiн кворум қоғамның жарғысында белгiленедi, бiрақ ол директорлар кеңесi мүшелерi санының жартысынан кем болмауға тиiс.
Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы саны жарғыда белгiленген кворумға қол жеткiзу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, директорлар кеңесiнiң жаңа мүшелерiн сайлау үшiн директорлар кеңесi акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi. Директорлар кеңесiнiң қалған мүшелерi акционерлердiң мұндай кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ғана шешiм қабылдауға құқылы.
2. Директорлар кеңесiнiң әрбiр мүшесiнiң бiр даусы болады.
Директорлар кеңесiнiң шешiмдерi, егер осы Заңда және қоғам жарғысында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесiнiң отырысқа қатысқан мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Дауыстар саны тең болған кезде директорлар кеңесi төрағасының немесе директорлар кеңесiнiң отырысында төрағалық етушi адам даусының шешушi дауыс болуы қоғам жарғысында көзделуi мүмкiн.
3. Директорлар кеңесi директорлар кеңесiнiң мүшелерi ғана қатыса алатын өзiнiң жабық отырысын өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
4. Қоғам жарғысында директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша директорлар кеңесiнiң сырттай дауыс беру арқылы шешiмдер қабылдау мүмкiндiгi және осындай шешiмдердi қабылдау тәртiбi көзделуi мүмкiн.
Директорлар кеңесiнiң сырттай отырысының шешiмi жазбаша түрде ресiмделуге тиiс және осы шешiмдi қабылдау үшiн директорлар кеңесi мүшелерiнiң қойған қолдарының саны жеткiлiктi болғанда жарамды деп танылады.
5. Директорлар кеңесiнiң қатысу тәртiбiмен өткен отырысында қабылданған шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, ол отырыс өткен күннен бастап үш күн iшiнде жасалып, оған отырыста төрағалық еткен адам мен директорлар кеңесiнiң хатшысы қол қоюға және онда:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жерi;
2) отырыстың өткiзiлген күнi, уақыты және орны;
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәлiметтер;
4) отырыстың күн тәртiбi;
5) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс берудiң қорытындылары;
6) қабылданған шешiмдер;
7) директорлар кеңесiнiң шешiмi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
6. Директорлар кеңесi отырыстарының хаттамалары және директорлар кеңесi сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешiмдер қоғамның мұрағатында сақталады.
Директорлар кеңесiнiң хатшысы директорлар кеңесi мүшесiнiң талап етуi бойынша оған директорлар кеңесi отырысының хаттамасын және сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешiмдердi танысу үшiн беруге және (немесе) оған хаттама мен шешiмнiң қоғамның уәкiлеттi қызметкерi қол қойып, қоғамның мөрi басылып ку¡ландырылған үзiндi көшiрмесiн беруге мiндеттi.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 377 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно