Директорлар кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi 1. Директорлар кеңесiнiң құрамына сайланған адам¬дардың, егер Қазақстан Республикасының заңда¬рында және қоғамның жарғысында өзгеше көздел¬месе, қайта сайлануына шек қойылмауы мүмкiн. 2. Директорлар кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмiн акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейдi. Директорлар кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмi акцио¬нерлердiң жаңа директорлар кеңесiн сайлау өткiзiлетiн жалпы жиналысын өткiзу кезiнде аяқталады. 3. Акционерлердiң жалпы жиналысы директорлар кеңесiнiң барлық немесе жекелеген мүшелерiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы. 4. Директорлар кеңесi мүшесiнiң өкiлеттiгiн өз бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтату директорлар кеңесiне берiлген жазбаша хабарлама негiзiнде жүзеге асырылады. Директорлар кеңесiнiң мұндай мүшесiнiң өкiлеттiгi директорлар кеңесi аталған хабарламаны алған кезден бастап тоқтатылады. 5. Директорлар кеңесi мүшесiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, директорлар кеңесiнiң жаңа мүшесiн сайлау акционерлердiң жалпы жиналысында ұсынылған дауыс беретiн акциялардың жалпы санының жай көпшiлiк даусымен жүзеге асырылады, бұл орайда директорлар кеңесiнiң осы мүшелерiнiң өкiлеттiгi тұтас алғанда директорлар кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiмен бiр мезгiлде аяқталады.