Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян скачать
11.03.2010, 12:11
К
І Р І С П Е
Қазақ
тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тілдік орта барған сайын тарылып,
қолдану сапасы құлдырай түсуде. Бұл құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту саласына қатысты үстіртін сараптамалық
баян болып табылады. Мақсат - бейресми көзқарас ретіндегі бұл құжатты қоғамдық
орта назарына салу арқылы мемлекеттік тілді дамыту үдерісіне оңды ықпал ету.
Қазақстандағы
тілдердің ахуалы жөнінде нақты да дәйекті зерттемелік дереккөздің жоқтығынан,
қоғамдық тараптан әзірленген аталмыш баян бұқаралық ақпарат құралдарында жария
болған, қоғамдық ортаға белгілі жәйттерге, ақпараттарға, көзқарастарға,
деректер мен жағдайларға негізделді.
Бұл құжат ресми билікті сынауға не
мұқатуға арналған қандай да бір саяси мәлімдеме емес, қазақ тілінің қазіргі
ахуалын сараптауды оның әдебиеттік тіл («әдебиеттік тіл» ұғымы ретінде
осызаманғы ресми стилі орныққан тіл алынып отыр, ол әдетте «әдеби тіл» - язык
вежливости түрінде аталып жүр)ретіндегі
және мемлекеттік тіл мәртебесіндегі жағдайын барынша шынайы ашу арқылы,
мемлекеттік тілді дамытуға қажетті ұсынымдарды мәлімдеу қарастырылды.