Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi скачать
30.03.2010, 19:04
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады. Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).