Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады. Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына және алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудың iске асырылған кiрiсi сомасына азайтылған бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттiк бюджетке аударылады. Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi. Ескерту. 11-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. N 69 Заңымен..