Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары - Экономика - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:44

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары скачать

30.03.2010, 19:05
загрузка...
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық Банкi:
а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
в) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
г) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды;
д-2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;
е) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
е-1) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады;
з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
и-1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар бередi;
и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
и-4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясаты мен әдiстерiн айқындайды;
к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
к-2) бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнiнде статистикалық есеп беру тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн белгiлейдi және оны жинауды жүзеге асырады;
л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;
л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;
л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;
м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
н-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құруға құқылы;
о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
р) елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн және Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн (валюталық мониторингтi) жүзеге асырады;
p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
т) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
у) Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
у-6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
у-10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайды және қолданады;
у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;
у-12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
у-13) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды;
у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ iшкi валюта нарығында шетелдiк валютаны пайдалану бағыттарының мониторингiн жүзеге асырады;
ф) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгертулер енгiзiлді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50, 1997.07.11. N 154, 1999.07.16. N 436, 2001.03.02. N 162, 2001.05.03. N 182, 2003.07.09. N 482, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.06.11. N 562, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, 2005.07.08. N 69, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
загрузка...
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1615 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2
Тут вы можете

скачать Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2