Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн бекітуі; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi; Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi. Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236, 2001.03.02. N 162, 2005.07.08. N 69 Заңдарымен.