Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi - Экономика - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Понедельник, 05.12.2016, 11:26

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi скачать

30.03.2010, 19:06
загрузка...
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:
а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;
б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
б-1) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру тәртiбiн белгiлеу;
в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу;
в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;
в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;
в-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;
г) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
д) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
е) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүргізуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылдау;
е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
е-3) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
е-4) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;
ж) банктерге ең төменгi резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;
ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртiбiн белгілеу;
з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;
и) (алынып тасталды - 2005.07.08. N 69 Заңымен)
и-1) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен)
к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;
к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
к-2) басшысының ұсынуы бойынша уәкілеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекiту;
л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;
м) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құралдары мен өзге де мүлкiне билiк ету тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
м-1) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен)
н) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
о) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, бiлiктілiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекiту;
п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
п-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;
р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту;
с) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен)
т) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)
у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту;
у-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;
у-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;
у-3) реттелуi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;
ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпаратты жыл сайын табыс ету;
х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау;
ц) осы Заңның 11-бабына сәйкес жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiлетiн бөлiнбеген таза кiрiстiң мөлшерiн белгiлеу;
ч) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен)
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1998.06.29. N 236 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2001.05.03. N 182 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.07.07. N 577 Заңымен, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.07.08. N 69, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
загрузка...
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1678 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Тут вы можете

скачать Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2